Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі

Ауру қоздырғышы – Sclerotinia sclerotiorum (Libertiana) de Bary.

Ауру белгілері. Ауру күнбағысты өскін кезеңінен, тұқымның пісіп-жетілуі кезеңіне дейін, бүкіл вегетация кезінде залалдайды. Көбіне 2 түрде байқалады: сабақты және себетті. Залалданған сабақта және себетте ашық-қоңыр іріңді, шіріген дақтар пайда болады. Кейін дақ бетінде саңырауқұлақ споралары жиналған ақ өңездер пайда болады. Бұл шіріктің екі түріде қауіпті: күнбағыста гүлдеуге дейін сабақты түрінің пайда болуы, өсімдіктің толық өлуіне әкеледі. Ал кейін залалдануы тұқымның немесе себеттері ерте солып, тұқымдары түсіп қалады.

Қалыптасып келе жатқан тұқымдықтарды залалдаған саңырауқұлақтар ақ түсті экссудат тамшылары бар склероциилерге айналып, кейін қоңыр-қара түске айналады. Саңырауқұлақ сабақ және тұқым ішінде кейде тығыз склероцилердің мицелиясы, кейде қатты түйір құрайды.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Тұқыммен бірге таралады, өсімдік қалдықтарында, топырақта, сабақ және тұқым ішінде саңырауқұлақтар және склероцид түрінде сақаталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына ауа мен топырақтың жоғары ылғалдылығы, 20-23 0С болатын қалыпты температура әсер етеді. Саңырауқұлақ қышқыл ортада жақсы дамиды.

Күнбағыстың сұр шірігі

Ауру қоздырғышы – Botryotinia fuckeliana Weth,.

Ауру белгілері. Бұл аурудың белгілері де өсімдіктің барлық мүшелерінде байқалады. Көп жағдайда, себетті түрінде, әсіресе күнбағыстың вегетация кезеңінде ылғалдылық жоғары болғанда қатты байқалады. Себеттің сыртқы және ішкі беттерінің шетінде қызыл-қоңыр шетінде жиегі бар іріңді, шіріген дақтар пайда болады. Себеттің зақымдалған бөліктері сұрлы-қоңыр тозаңды өңезбен қапталады. Зақымдалған тұқымдары сұрлы, дақтармен қапталған, төмен сапалы болып келеді. Ауру қоздырғыштары табиғатта кеңінен таралған, бірақ күнбағыстың вегетация кезеңінің екінші бөлігінде жауын-шашын түсуі жоғары болғанда қауіпті.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Тұқыммен бірге таралады, өсімдік қалдықтарында, топырақта, сабақ және тұқым ішінде саңырауқұлақтар және склероцид түрінде сақаталады. Күнбағыстың залалдануының шекті кезеңі тұқымның өніп шығуынан, 3-4 нағыз жапырақ қалыптасқанша кезеңі.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына ауа ылғалдылығы мен вегетация кезеңінде түскен жауын шашын мөлшеріне байланысты.

Күнбағыстың таты

Ауру қоздырғышы – Puccinia helianthi Schwein.

Ауру белгілері. Шағын мамандандырылған паразит, күнбағыстың дамуының әр кезеңінде зақымдап, өзінің дамуын тек бір өсімдікте жүргізеді. Сонымен қатар бұл патоген тікенекті ошаған және лақса арамшөптерін залалдауы мүмкін деген ақпарат бар, сондықтан бұл өсімдіктер қосымша инфекция көзі болып табылады. Көктемде өсімдік қалдықтарында немесе күнбағыс өскіндері жапырақтарының бетінде спермоганилер түзіледі, онда майда спора-спермациялар қалыптасады. Олар ұрықтану қызметін атқарады. Осы жапырақтардың астыңғы бөліктерінде спораларының көлемі 15-27х13-25 мкм болатын эцидилер түзіледі. Күнбағыс эциоспорамен залалданған соң , онда майда, қара-қоңыр 23-34х17-26 мкм болатын урединиоспоралары бар урединиопустула жастықшалары пайда болады. Урединиостадия кезеңінде саңырауқұлақтар бірнеше генерация қалыптастырып, инфекцияның жиналуына әкеледі. Ауру жапырақтарды, күлтежапырақтарды залалдайды. Аурумен қатты залалданған жағдайда өсімдік солып қалады. Ылғалды жылдары ауру шанақтану кезеңінің алдында, ал қалыпты жылдары гүлдеу кезеңінің алдында пайда болады. Саңырауқұлақтар жапырақтың ішінде дамиды да, жабын ұлпаларын жыртатын споралар қалыптасады, ол жапырақтың транспирациясының жоғарлауына, ал ассимиляциялық қасиетінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде себеттерінің дамымай қалуынан, тұқымдарының саны азайып, өнімділік төмендейді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Өнім жинағаннан кейін танапта қалған өсімдік қалдықтарында ауру қоздырғыштарының қыстап шығуы.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына ауа ылғалдылығының жоғары болуы, 20-27 0С болатын қалыпты ауа температурасы, ауыспалы егістіктің сақталмауы, және инфекция жиналуының қоры болып табылатын ошаған және лақса арамшөптері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]