Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.

Ауру белгілері. Жапырақтары, жемістері, гүлдері, және түйіндері залалданады. Алдымен жапырақтарында қоңыр майда дақтар пайда болады, кейін шіріген орындары түсіп қалады да, онда тесіктер пайда болады. Өркендерінде майда біріккен дөңгелек дақтар дамиды. Жемістерінде олар өңез немесе сүйел түрінде болады. Залалданаған бүршіктер қарайып, гүлдері түсіп қалады, гүл қауызы қалыптаспайды. Бірінші залалдануы конидиилермен жүреді. Конидиилері түссіз, диаметрі 23-62х12-18 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Мицелийлері бұтақтарында, конидиилері жерге түскен жапырақтарында немесе бүршіктерінде қыстайды. Ауру инфекциялары ауа арқылы және жауын – шашын тамшыларымен таралды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ерте көктемде жиі жауын-шашанның, шықтың, тұманның болуы, қалыпты ауа температурасы (15-22 0С).

Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.

Ауру белгілері. Біржылдық бүршіктері, жапырақтары, жемістері залалданады. Жапырақтары сарғайып, қызғылт түсті болады, бұралып, пішінін өзгереді. Кейін астыңғы бөліктерінде ақшыл өңездер дамиды. Залалданған бүршіктері майысып, қалыңдайды, жемістері түрі өзгеріп, балаузды өңезбен қапталады, пайдалануға жарамсыз болып қалады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Саңырауқұлақтар мицелий ретінде залалданған бүршіктерінде қыстап шығады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Көктемгі ауа-райының ылғалды және салқын болуы аурудың дамуына әсер етеді.

Шабдалы ақ ұнтағы.

Ауру белгілері. Жапырақтарында, бүршіктерінде, жемістерінде ақ, тығыз, конидиалды саңырауқұлақтары бар өңез қалыптасады. Конидиилері бөшке тәрізді, 16-26х10-13 мкм. Заладанған жапырақтары бұралып, майсыа қалады, өсуі баяулайды. Жемістері жылдам шіриді. Кейін өңездер сұрланып, споралары бар саңырауқұлақтар пайда болады. Клейстотециилері шар тәрізді, диаметрі 60-80 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Саңырауқұлақтар мицелий ретінде қыстап шығады. Жаз мезгілінде конидиялармен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жауын-шашын болып тұратын ыстық ауа-райы.

Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.

Ауру белгілері. Ауру белгілері негізгі, бүйір тамырларында және тамыр мойнында байқалады. Онда әртүрлі пішінді өскіндер пайда болады. Бактериялары – қозғалмалы таяқшалар, диаметрі 1-3х0,6 мкм, грамотрицательді, спора түзбейді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Бактериялары топырақта және өсімдік қалдықтарында жыл бойы сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Тамырларына механикалық немесе басқада жағдайда болған зақымдалудан кейін, бактериялар еніп кетуі мүмкін.

Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.

Ауру белгілері. Ауру ағаштың көп бөлігі шалдығады: гүлі, жапырағы, бүршігі, бұтағы, сидамдары. Залалданған ағаштарының қабықтарында батыңқы, ұзынша келген дақтар немесе өңездер пайда болады. Ауруға шалдыққан қабықтар қоңырланып, ылғалмен сіңіп қалады да, қышқыл иіс шығаруы мүмкін. Кейін залалданған қабық қурап, қарайып, өліп қалады, ұлпалар түсіп, ойықшалар пайда болады. Залалданған жерде шайыр ағыны пайда болады. Залалданған бұтақтарда жапырақтары сарғайып, шеттері ішке қарай бұралады, тургорын жоғалтып, солып қалады. Сонымен қатар тыныштық қалпындағы бүршіктері де, гүл өркендері де ауруға шалдығып, қарайып, қурайды. Гүлдері «күйген» түрге енеді. Екінші жылы ауру күйік ретінде байқалады. Бүршіктері, гүлдері, кейде жемістері кенеттен солып, қарайып, қурап қалады да ағаштарында қалып қалады. Ескі ағаштарда аурусозылмалы күйге ауысады, онда бұтақтары біртіндеп өліп қалады. Жас ағаштарда бұл ауру жылдам өтіп, 1-2 жылда ьактериоздан ағаш өліп қалуы мүмкін. Бактериялар қозғаламыл таяқшалар, көлемі 1,25-2,5х0,5-0,6 мкм, спора түзбейді, грамотрицательді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ағаштардың залалданған бөліктерінде сақталады. Инфекция жауын-шашанмен немесе насекомдармен таралады. Өсімдік механикалық зақымдаудан болған жаралардан залалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Механикалық және насекомдардан болатын зақымдалу, өсімдіктің төзімсіздігі, басқа да илерінің болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]