Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Альтернариоз.

Ауру белгілері. Жапырақтары, сабақтары, жемістері залалданады. Жапырақтары мен сабақтарында алдымен қоңыр, жинақталған дақтар пайда болады, кейін ол дақтар ұлғайып, бүкіл жапырақ бетін қамтиды, ол өсімдіктің ерте солып, өліп қалуына әкеледі. Жемістерінде қара, батыңқы, дөңгелек дақтар қалыптасады. Жоғары ылғалдылықта дақтарда қара, бархатты өңез ретінде конидиальды спроношениялар пайда болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы және оқтын-оқтын жауын-шашынның болуы аурудың дамып таралуына әсер етеді.

Столбур

Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық жер беткі мүшелері залалданады. Жас өркендері және өсімдіктің төбе бөлігі күлгін-қоңыр түсті болады. Жапырақтары жіңішке болып, сынғыш келеді. Гүл тостағаншасы пішіні бойынша қоңырау тәрізді болып келеді, жапырақтары ұсақ немесе қабырғалы болады. Ауырған өсімдіктерде жеміс қалыптаспайды,

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы және оқтын-оқтын жауын-шашынның болуы аурудың дамып таралуына әсер етеді.

Пияз аурулары

Жалған ақ ұнтақ

Ауру белгілері. Пияздың барлық түрлері зақымдалады. Ауру белгілері сабақтарында, жапырақтарында ақшыл-жасыл, ұзынша келген дақтар ретінде байқалады. Ылғалды және жылы жылдары дақтарын саңырауқұлақтары бар сұр-күлгін өңез басады. Зақымдалған жапырақтар тез сарғайып, солып қалады. Конидиендері жинақталған, 3-7 рет қайта тармақталған. Конидиилері жұмыртқа тәрізді, сұр-күлгін, 35-60х22-35 мкм. Ооспоралары шар тәрізді, эллиптикалық, беті тегіс, диаметрі 25-35 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары тұқыммен, пиязшықтарымен, өсімдік қалдықтарымен бірге тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның және топырақтың жоғары ылғалдылығы, жиі-жиі жауын-шашынның болуы.

Мойын шірігі

Ауру белгілері. Ауру вегетация соңына қарай әлсізденген пиязды залалдайды. Көбіне сақтау кезінде залалданады. Пиязшықтарының мойнында батыңқы, іріңді, сұр дақтар пайда болады. Олардың бетінде саңырауқұлақтардан тұратын мамық, сұр өңездер пайда болады. Конидиилері эллипсиодальды, ұшталған, 7-16х4-6 мкм. Ауру пиязшықтың ішкі қабаттарында таралады, ол жұмсарып, сұр өңезбен қапталады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта, қоймаларда сақталады. Екпе материалдары арқылы тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жинар алдында, ылғалды және салқын ауа-райы, пияздың піспей қалуы, қоймадағы температураның және ылғалдың жоғары болуы аурудың дамуына әсер етеді.

Картоп аурулары Картоптың таз қотыры

Ауру белгілері. Сабақтарының төменгі бөліктері, түйіндері, залалданады, онда кішігірім өңез түріндегі құрғақ некроздар қалыптасады. Аурудың даму деңгейіне және картоптың сорттық ерекшеліктеріне байланысты кәдімгі таз қотырдың бірнеше түрлері бар: тегіс, шығыңқы, торлы. Түйіндерінде ауру белгілері жара немесе өңез, көлемі әртүрлі сүйелдер түрінде байқалады. Орташа және қатты зақымдалу дәрежесінде картоптың тұқымдық қасиеті, крахмал құрамы, құрғақ заттары, аққуыздары, аминқышқалдары мен дәуірмендері төмендеп кетеді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары топырақта сақталады және тұқым материалдарымен бірге таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық пен топырақтың аэрациясы, азот тыңайтқыштарының көп болуы, өсімдік қалдыңтарының болуы, марганец пен бордың жеткіліксіз болуы әсер етеді. Ауру қоздырғыштары екі жыл бойы құрғақ күйінде де өміршеңдігін сақтай алады, ал спорлар ұзақ уақыт бойы төмен температураларға төзімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]