Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі

Қоздырғыш –Tilletia controversa Kuhn.Көбінесе күздік бидайды зақымдайды.

Ауру белгілері: Залалданған өсімдіктер баяу өседі, әрі шамадан тыс көп сабақтанады.Масақ қысқа, тығыз болады, кейде жоғарғы жапырақтардың қынабында толық немесе жартылай қалып қояды. Масақтың бұтақтануы байқалуы мүмкін. Масақта түйін саны көбейеді, олар қара күйенің басқа түрлеріне қарағанда аса үлкен емес.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Аурудың қоздырғыштары топырақ пен тұқымда сақталады. Топырақта өміршендігін ұзақ уақыт (3 жыл және одан көп) сақтайды. Аурудың қоздырғышы өсімдікті өскіннің пайда болған кезеннен сақтану басталғанға дейін залалдайды.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Бидай тұқымы саяз егілгенде ауру көп таралады .Саңырауқұлақтың топырақтың ылғалдылығынын 46-60 % дай болуы мен қоңыржай температура қолайлы. Бидайды бір жерде бірнеше жыл қайталап өсіру аурудың көп таралуына мүмкіндік тудырады.

Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі

Қоздырғыш –Ustilago horgei Kell. et. Swing.

Ауру белгілері: Қылтанақтан басқа масақтың барлық бөліктері зақымдалып, ұқа түссіз қабықпен жабылған қара түсті споралар жиынтығына айналады. Споралар біріне бірі тығыз, жабысып орналасқан, сыртқы ортанын әсерінен жеке кесектерге оңай бөлінеді. Споралар өздігінен шашылмайды.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Дән астық бастыру және өңдеу кезінде залалданады. Залалданған дән тұқым ретінде пайдаланылғанда, аурудың әсерін өскіндердің өліп қалуынан егістік сиреп кетеді. Өскіндер топырақтан да залалдануы мүмкін.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Аурудың дамуына 5-10 0С температура мен топырақ ылғалдылығының 60-70 % болуы өте қолайлы.

Арпаның тозаңды қаракүйесі

Қоздырғыш –Ustilago nuda (Jens) Kell. et. Swing

Ауру белгілері: Арпа гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспорадан диплоидты жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Саңырауқұлақ жіпшумағы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қабатынан масақ бүлінген күйінде шығады, ек өзегы ғана (гүлшоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы Зақымданған дәннің сырттай сау дәннің айрмашылығы болмайды.Саңырау құлақ жжіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақала алады.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғарғы ылғалдыдығы (60 % дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық ылғалдын болуы қолайлы.

Арпаның жалған тозаңды қара күйесі

Қоздырғыш –Ustilago nigra Tapke

Ауру белгілері: Біліну белгілері бойынша арпаның тозаңды қара күйесінен айырмашылығы болмайды. Өзекпен қылтанақтардан басқа масақтың барлық бөлектері залалданады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Ауру тұқым өне бастаған кезде жұғады. Биологиялық жағынан қоздырғыш қатты қара күйемен ұқсас, дән қабықшаларында және олардың астында сақталады. Өзінің өңгіштігін 3 жылға дейін жоғалтпайды. Зақымдалған масақ жапырақ қынабынан шықпай қалац

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғарғы ылғалдыдығы (60 % дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық ылғалдын болуы қолайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]