Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля

(Aphis gossypii Glov.)

Қанатсыз ұрғашыларының түсі жасыл реңді сары түстен қара қоңыр түске дейін өзгереді.

Денесі сопақша , шырын түтікшелері қара, мұртшаларының ұзындығы денесінің төрттен бір бөлігіндей, денесінің ұзындығы 1,25-2,1 мм.

Бұл биттің ересектері ғана, кейде нимфалары мен дернәсілдері де қыстайды. Көктемде (температура 120 болғанда) бақша биттері жұмыршақ, құлқайыр, дала шырмауығы сияқты жабайы өсімдіктерде өсіп-өнеді.

Жұмыртқа салмай, бірден дернәсілдер туатын ұрғашылары осы өсімдіктерден мақта,бақша және басқа дақылдардың егісіне ұшып барып, соларды зақымдап, қоректенеді.

Біздің жағдайда мақта(бақша)биті тек қана партеногенетикалы жолмен (ұрықтанбай көбею) өсіп-өнеді. Жылына ол 18 ұрпақ береді.

Зиянкес тығыз шоғырланып, әуелі өсімдік жапырақтарының астыңғы бетін мекендейді де, кейіннен оның сабағына, гүлдеріне және жас жемістеріне көшеді. Биттердің және олардың дернәсілдерінің соруы салдарынан өсімдіктердің ширатылып, сабақтары қисайып, гүлдері мен жемістері төгіліп қалады. Зақымдалған өсімдіктердің үстін жабысқақ қоймалжың зат басады.

Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля

(Aphis craccivora Koch.)

Жұмыртқалар жоңышқада, арамшөптерде қыстайды. Ерте көктемде дернәсілдер пайда болады, жоңышқада дернәсілдер өсімдіктің жабайыланушылығына дейін дамиды.

Кейін бит бұршақты өсімдіктерге көшеді, дербес жағдайда мамыргүлге және мақтаға.

Бит иесінде бір ай тұрақтайды. Қанаттанған бит шілде айының басында жоңышқаға және арамшөптерге кері ұшып барып, кешкі күзге дейін қалады. Ұрықтылығы 30- 70 дернәсілге дейін. Маусымына бит 15-20 ұрпақ беріп дамиды. Өсімдіктің 50 түрін зақымдайды.

Үлкен мақта биті.

Мақтаны зақымдайтын қанатсыз ұрғашысы басқа биттерге қарағанда үлкендеу. Түсі жасыл,кейбір кезде сары, шырын түтікшелері жұқа және ұзын, 3-4 мм-ге дейін.өсімдік қалдықтарында жұмыртқа күйінде қыстайды. Ерте көктемде алдымен арамшөптерде дамиды және көбейеді.Сәуір айында мақта егістігіне және шашақты өсімдіктерге ұшатын қанатты ұрғашылары пайда болады, сол жерде көбейуін күзге дейін жалғастырады.

Күзде еркектерімен ұрғашылары пайда болады, ұрықтанғаннан кейін мақта сабағына және шашақты өсімдіктерге жұмыртқа салады.

Биттер көп тығыз колониялар құрамайды.

Сандарының көбі жаздың ортасында байқалады. Жапырақтарын және сабақтарын зақымдайды, олардың шырынын сорады, соның салдарынан шанақтары және түйіндері түседі.

Биттер мол жабысқақ экскременттер бөліп шығарып, жапырақтарды, сабақтарды, жеміс мүшілерін жауып тастайды. Биттердің барлық түрлері мақтаның вирустың ауруларын таратады.биттер мақтадан басқа, маш ұрма бұршақ және басқада бұршақ өсімдіктерін зақымдайды.

Темекі бітесі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста таралған. Биттер топырақтың жоғары қабатында және өсімдік қалдықтарында қыстайды. Мақтаның өскіндерінің пайда болуынан бастап дернәсілдер және ересек биттер қоныстанып, жапырақтарының шырынын сорады,нәтижесінде өсімдіктер әлсіздемеді,соның салдарынан мақтаның өнімділігі төмендейді.

Зақымдалған жас өсімдіктер бойда және дамуда кідіреді, түтілген, кейіпсіз болады.

Биттердің ұрғашылары бірай өмірсүреді және 100 жұмыртқаға дейін салады. Маусымына биттер 7-10 ұрпақта дамиды, мақтамен бірге темекіні, қытай бұршағын және басқа дақылдарды зақымдайды.

Сандарының есептірінің әдістері.

Мақта өскіндерінің пайда болуына дейін кеңжапырақты арамшөптерде биттердің сандарына есеп көктемде басталады.

Кеңжапырақты арамшөптерден кемдегенде 100 өмімдік тиянақты қаралады (20 сынамадан 5 өсімдіктен),20-25 м арақашықтықтан алынған.өсімдіктің қоныстану пайызын және зиянкестердің санын әр өсімдікке және өсімдікте қоныстанған зиянкестің орташа санын анықтаймыз.

Егістіктерде 5 га-ға дейін көлемде 50 өсімдік қараймыз, 5 га –дан жоғары-100 өсімдік (10 немесе 20 сынамадан 5 өсімдіктен), егістіктің диагоналы бойынша бір-біріне теңдей немесе шахмат бойынша орналасқан. Үш жапырақтын жоғары, ортаңғы және төменгі белдеулерден алынған 10 есептелген өсімдіктің жоғарғы және төменгі жапырақтардың беттері қаралады.

Мақтаның жаппай шанақтану кезеңінде сорғыш зиянкестердің сандарына есеп мақта көбелегінің және карадринаның есептерінен.

ЭЗШ биттер жиынтығы 100 жапыраққа 50 дарақтан, темекі битесі 100 өсімдік 40 данадан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]