Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Қызылшаның сабақ жегіші.

Қызылша өсірілетін аудандардың барлығында тегіс таралған.

Бір жылда екі ұрпақ береді:қоңыздар өсімдік төсеніштерінің астында қыстайды.

Қоңыздар қысқы мекендерінен сәуірдің аяғы не мамырдың басында шығып, қызылша егістігіне көшеді,жұмыртқаларын қызылша көшетінің және алабөта тұқымдасына жататын басқа да өсімдіктердің сабақтарына салады, жұмыртқа салған орнында, тканьдердің өсуінен шодыр пайда болады.Шодырдың саны шамамен 5-6 жетеді, кейдебір сабақта 10-нан жоғары болады.

Туылған дернәсілдер өсімдік сабақтарының ішінде мекендеп,1-4 см ұзындықта жас салып, сабаққа қарай жылжыды.нәтижесінде сабақтары сынып жапырақтары өледі. Бір сабақта беске дейін дернәсіл болуы мүмкін. Дернәсілдер 40 күнге дейін созылады да сол көректенген жерлерінде қуыршақтанып жол салып кеміріп шығады. Қуыршақтану дәірі шамамен 15 күнге созылады. Жас қоңыздарының екінші ұрпағы, шілде-тамызайларында туылып қызылшаның жапырағымен және арамшөптермен көректенеді, содаң соң жұмыртқа салуғы кіріседе.қызылшаның сабақ жегішінің зақымдауы қант қызылшасында қүрғақшылық жылдары қауіпті.

ЭЗШ -1,5-2 дарақтан погонный метірге.

Сандарының есептірінің әдістері.

16 метірілік қаторларының кескіндерінде қазық қоғылып тегіс орналасқан егістікте периодтоп жалпы өсімдіктін санып,зиянкестің санымен зияндылығын санайды.Дернәсілдердің тығыздығын анықтау үшін әр оныншы өсімдікті ашып дернәсілдерді зақымдалған өсімдікке санайды.

Мақта зиянкестері

Дақылды көпқоректі зиянкестер зақым келтіреді соның ішінде өрмекші кене, карадрина немесе кіші жерүстілік көбелек.

Мақта көбелегі- Хлопковая совка

(Helicoverpa armigera Hubn.)

Мақта көбелегі түнгі көбелектер тұқымдасына жататын зиянкестер Қазақстанда шөл аймақтардан басқа барлық жерде кең таралған.

Көбелектің қанатының жайғандағы ұзындығы 30 — 40 мм. Қанатының алдыңғы жағы сарғыш сұр түсті, ал артқы бөлігі — ақшылдау келеді.

Жұмыртқаларын арамшөптерге және мәдени өсімдіктерге салады.

Жұлдызқұрттары алты жасқа дейін дамиды. Ересек жұлдызқұрттардың ұзындығы 40 см-ге дейін болады.

Қуыршақтары топырақта қыстайды да, көктемде топырақтың беткі қабатының температурасы 17 — 20°С болғанда ұшып шығып, өсімдіктің сабағына, жапырағына жұмыртқа (500-ге жуық) салады. Көбелектің жұлдызқұрттары 120-дай өсімдік түрлерін (әсресе мақта, жүгері, темекі, т.б.) зақымдайды. Жұлдызқұрттары жапырақты ойып жеп, қаңқасын ғана қалдырады. Гүл шанағын, гүлдерді, түйіндерді зақымдап, соның салдарынан өсімдік солып қалады. Мақтаның қауашағын тесіп, ішіндегі тұқымын жейді, осыған байланысты кейде оларды мақта “қауашағының құрты” деп те атайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жылына 3 ұрпақ беріп дамиды.

Сандарға есеп әдістері. Көктемде мақта дақылын себуге дейін, күздегідей егсітікке және жерлерге зиянкестің қыстап шыққан сандарына анықтау жұмыстары жүргізіледі. Қыстап шыққан қуыршақтардың сандарын анықтау үшін барлығы 20 топырақ сынамалары алынады, сынама өлшемі 0,25 м2 (50х50 см) жыртылмаған жерлерде 10 см-ге тереңдікке дейін, ал жыртылған жерлерде 20 см-ге дейін қаралады.

Мақта көбелегінің ұшуы мақта, жүгері егістіктерінде мамыр айынан бастап,өсіп-өну кезеңінің соңына дейін, феромондық ұстағыштармен тіркеледі.

Мақта көбелегінің жұмыртқаларымен жұлдызқұрттарының сандарының есебін анықтау үшін әр егістіктен 100 өсімдік қарайды (20 сынама 5 өсімдіктен). Сынамаларды нөмірлеп екі диагоналға тең арақашықтыққа орналастырып және жұмыртқалардың және жұлдызқұрттардың және олардың энтомофагтарын санаймыз.

Мақта көбелегіне қарсы күресте қорғау іс-шараларының тиімділігі мерзіміне және уақтылы жүргізілуіне байланысты болады.

Әрі қарай олар мақтаның қауашағына, жүгерінің сотасына енеді және инсектицидтер үшін азырақ мұқат- болады.

Күзде егін жиыны аяқталғаннан кейін егістікке, жоңышқалыққа, жағалауларға және тыңайған жерлерге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Зиянкестің қыстаған қорын 1 ш.м. анықтайды, келесі жылға таралуы мен дамуы болжамданады.

Есептің әдістемесі көктемнің тексеруімен бірдей.

Мақта көбелегінің экономикалық зияндылық шегі : мақтада- 100 өсімдікке 9 жұмыртқа және жұлдызқұрт. Жүгеріде- тәулігіне 1 тұзаққа 8-10 көбелек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]