Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Алма мозаикасы.

Ауру белгілері. Ашық-жасыл, мозаикалы дақтары бар жапырақтары залалданады. Аурудың сыртқы белігіс жапырақтың мозаикалы түсті болуы. Мозаиканың әлсіз түрінде жас жапырақтарында ашық-жасыл немесе сары-жасыл, кейде сары дақтар пайда болады. Дақтар әр жерде таралған. Егер аурумен қатты залалданса, дақтар анық көрініп, ашық түсті болады, жапырақта мозаикалы сызбалы болады. Кейін дақтар ағарады. Қатты зақымдалу кезінде жапырақтарда некроз пайда болуы мүмкін. Жапырақтары өспей ұсақ болып, ерте түсіп қалады, Сау жапырақтарға қарағанда пішіні өзгеріп, сынғыш болып келеді. Фотосинтетикалық пішіні нашар болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Вегетация кезінде насекомдармен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Мозаика ауруының қатты байқалуы сорттың төзімділігіне, ағаштың жасына және ауа-райы жағдайына байланысты.

Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.

Ауру белгілері. Көбінесе піскен жемістері залалданады. Онда ірі, қара, сулы дақтар, ал жапырақтарында сұр, жайылған дақтар пайда болады. Ылғалды жылдары залалданған жерлер, қою сұр өңезбен қапталады. Конидиендары ағаш тәріздес, таралған, конидиилері жұмыртқа тәрізді, көлемі 9-15х7-10 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Топырақта және өсімдік қалдықтарында инфекция көзі сақталады. Саңырауқұлақтары сақтау кезінде және вегетация кезінде тамыр және тамыржемістің шірігін тудыруы мүмкін.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның және топырақтың жоғарғы ылғалдылығы, қалыпты температура 15-20 0С.

Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.

Ауру белгілері. Жас жапырақтары, бүршектерінің ұштары, қарлығаның жемістері ауруға ұшырайды. Қарақатта залалданған жемістер сирек кезедеседі. Өсімдіктің залалданған бөліктері ақшыл өңезбен қапталады. Залалданған бүршік ұштары қарайып, майысады, жапырақтары бұралып, жемсітері жарылады. Конидиилері ұзын жіпше тәрізді, эллипсиодальды, көлемі 18-25х10-15 мкм. Клейстотециилері мицелийге енген, шар тәрізді, диаметрі 80-120 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы клейстотеции күйінде залалданған бүршіктерінде, жапырақ қалдықтарында қыстайды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауруға төзімсіз сорттарды егу, жауын-шашынмен алмасып тұратын құрғақ жылдар, температура 17-28 0С.

Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.

Ауру белгілері. Жас жапырақтары, бүршектерінің ұштары, қарлығаның жемістері ауруға ұшырайды. Қарақатта залалданған жемістер сирек кезедеседі. Өсімдіктің залалданған бөліктері ақшыл өңезбен қапталады. Залалданған бүршік ұштары қарайып, майысады, жапырақтары бұралып, жемсітері жарылады. Конидиилері ұзын жіпше тәрізді, эллипсиодальды, көлемі 18-25х10-15 мкм. Клейстотециилері мицелийге енген, шар тәрізді, диаметрі 80-120 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы клейстотеции күйінде залалданған бүршіктерінде, жапырақ қалдықтарында қыстайды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауруға төзімсіз сорттарды егу, жауын-шашынмен алмасып тұратын құрғақ жылдар, температура 17-28 0С.

ЕГІННІҢ ЗАЛАЛДАНУЫН ЕСЕПТЕУ

ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

(арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері, морфологиясы, диагностикасы, мониторинг және болжам)

Ауылшаруашылық дақылдарына және пайдаланатын жерлерге шамамен 120 түрлі арамшөп зиян келтіреді. Арамшөптер мәдени өсімдіктерден ылғалды, жарықты, қоректік заттарды ала отырып оларды әлсіретеді және өнімін төмендетеді. Кітапта арамшөптердің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттама беріледі.

АРАМШӨПТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арамшөптер көбею, таралу және жаңару ерекшеліктеріне, өсіп-өну және мамандану жеріне, систематикалық жағдайына байланысты жіктеледі. Арамшөптерді көбею, таралу және жаңару ерекшеліктеріне байланысты 3 биологиялық типке бөледі: тұқымды қысқа тіршілікті өсімдіктер, вегетативті қысқа тіршілікті өсімдіктер және көпжылдықтар.

Тұқымды қысқа тіршілікті өсімдіктер тұқым, жеміс және сопплодий (семенных зачатков) арқылы көбейеді, таралады және жаңарады; өмірінде 1 рет жеміс беріп толығымен қурап қалады. Бұған біржылдық және екіжылдық арамшөптер топтарын кіргізеді. 1 жыл өмір сүретін біржылдық арамшөптер 4 топ тармағына: ерте жаздық, кеш жаздық, күздік және қыстайтын болып бөлінеді. Ерте жаздық арамшөптер (қара сұлы, қара сора, алабұта, көкпек) ерте егілетін жаздық дақылдарды (бидайды, арпаны және т.б.) ерекше қатты ластайды. Кеш жаздық арамшөптер (мысыққұйрық, тауық тарысы, гүлтәжі) – тары және басқада кеш егілетін жаздық дақылдарды маманданған ластағыштар. Ерте жаздық және әсіресе кеш жаздық арамшөптердің көбісі (көкпек, алабұта, гүлтәжі) егінді жинап алғаннан кейінде өсіп, тұқым шашады. Күздік арамшөптер күздік дақылдарды жиі ластайды, жақсы қыстайды да келесі жылы тұқым береді. Қыстайтын арамшөп түрлері (жұмыршақ, егістік қанат жеміс) күздіктерге қарағанда көктемде өскіндер пайда болса да өсіп тұқым бере алады. Екіжылдық арамшөптер (түйежоңышқа және т.б.) 2 жыл өмір сүреді: 1-ші жылы тұқымдарынан вегетативті мүшелер пайда болады, 2-ші жылы жеміс салып қурайды.

Сабақтарға (бедедегі, жоңышқадағы және т.б. өсімдіктердегі арам сояу) немесе тамырларға (күнбағыстағы, жоңышқадағы, темекідегі, қызанақтағы және т.б. сұңғыла) жабысып алатын паразитті және жартылайпаразитті (үлкен сылдырмақ, кеш қаңдауыр) арамшөптер шамалы обособлено тұр.

Вегетативті қысқа тіршілікті өсімдіктер тұқыммен және вегетативті көбейіп, таралып және жаңарады. Әдетте әр өсімдіктің өмір сүруі 2 жылдан аспайды. Келесі топтарды кіргізіледі: түйнектілер (чина клубневая, қайызғақшөп) және пиязшықты (көпжылдық шегіргүлдер, өзгермелі сарыбасқурай) арамшөптер болып, бұл арамшөптер өз алдына күздік, қыстайтын, жаздық және екіжылдық топ тармағына бөлінеді.

Көпжылдық арамшөптердің жерасты мүшелері көп өмір сүреді, жылда өркендер пайда болады, ол өркендер жеміс салғаннан кейін қурап қалады. 4 топ тармағына: тамырөзектілер (ащы жусан, атқұлақ қымыздық), дерновые (қияқтармен дәнділердің кейбіреулері), тамыратпалылар (егістік сарықалуең, дала шырмауығы, далалық қалуең) және тамырсабақтылар (майда тамырсабақтылар – жатаған бидайық, жау қияқ және терең тамырсабақтылар – қырықбуын, мия, ақ мия). Тамырсабақтыларға төсемелі және тамырланатын жерүсті өркендері мен мұртшалары бар (жатаған беде, жатаған сарғалдақ) жеке дара арамшөп тобы жақын. Арамшөптер өте өсімтал болып келеді. Олардың көбею, таралу және жаңару ерекшеліктерін білсек әр биологиялық типті және топты түбімен жоюдың жүйелік шараларын құрастыруды дифференциалды түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.

Өсіп-өну және мамандану жеріне байланысты арамшөптерді сегетальді (өңделетін, дала арамшөптері), ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердегі арамшөптер, рудеральді өсімдіктер (қоқыстағы, сасықшөпті, қурайлы шөптер) және арнайы аудандағы арамшөптерге бөлінеді.

Сегетальді арамшөптер тобы 6 топ тармағынан құралады, бұл топқа жататын арамшөптер көбіне күздік дақылдарды; ерте жаздық және көкеніс дақылдарын; кеш жаздық; көпжылдық шөптерді; пардағы және өңделмейтін (бос жерлер, танап аралары және жол бойлары т.б.) жерлерді, жеміс-жидек егістерін және саябақтарды ластайды. Әр топ тармақ арасында арнайы ластайтын арамшөптер кездеседі, олар әдетте тек бір дақыл егісінде немесе тіпті бір ғана сортты ластайды. Мысалы, жаздық бидайда – қыздырма үйбидайық, қарақұмықта - кырлык және шырмауық таран, бұршақта - ......, Победа сортты сұлыда – қара сұлының арнайы түрі, және т.б. ластайды.

Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердегі және арнайы аудандағы арамшөптерге келесі топ тармағы кіреді: шабындықты және жайылымдағы (улы, зиянды, аз құнарлы, нашар желінетін және желінбейтін) шөптер, табиғи шөптесін жамылғысы бұзылған жерлердегі арамшөптер, водотоктағы, суқоймаларындағы және олардың жағаларындағы, арнайы бағыттағы аудандардағы (аэродромдар, спорт алаңдары және т.б.) арамшөптер. Рудеральді арамшөптер қоқыс төгетін жерлерде, мекен жай маңдарында, жол бойларында өсіп өнеді. Бұл арамшөптердің кейбіреулері улы (меңдуана), кейбіреулері шаншитын (ошаған), тағы біреусісі ашытатын (қалақай) болып келеді. Арнайы аудандағы арамшөптерді егістікте табу және тұқымдық материалдан бөлу қиынға соғады, себебі себілетін дақыл дәндерінің сыртқы түрі мен көлемі ластайтын арамшөптерге ұқсас.

Арамшөптердің ішінен карантинді арамшөптеді бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]