
- •Дәнді дақылдардың зиянкестері
- •Зиянды бақашық қандаласы және басқа астық қандалаларының түрлері
- •Техникалық дақылдардың зиянкестері.
- •Қызылшаның сұр бізтұмсығы.
- •Қызылшаның сабақ жегіші.
- •Мақта зиянкестері
- •Мақта көбелегі- Хлопковая совка
- •Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля
- •Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля
- •Үлкен мақта биті.
- •Темекі бітесі.
- •Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау
- •Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Бидайдың тозаңды қаракүйесі
- •Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі
- •Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі
- •Арпаның тозаңды қаракүйесі
- •Арпаның жалған тозаңды қара күйесі
- •Сұлының қатты немесе жабық қаракүйесі
- •Сұлының тозаңды қаракүйесі
- •Қара бидай сабағының қаракүйесі
- •Тарының жабық қара күйесі
- •Жүгерінің толарсақ қаракүйесі
- •Жүгерінің тозаңды қаракүйесі
- •Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі
- •Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы
- •Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.
- •Сабақ немесе сызықша таты.
- •Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі
- •Мақтаның вертициллезды солу
- •Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі
- •Күнбағыстың сұр шірігі
- •Күнбағыстың таты
- •Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы
- •Күнбағыстың вертициллезды солуы
- •Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)
- •Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы
- •Темекі тамырының қара шірігі.
- •Темекі мозаикасы
- •Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері
- •Қызылшаның тамыр церкоспорозы
- •Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
- •Қызылшаның нематодозы немесе гетеродерезі.
- •Қырыққабат аурулары Қара мойнақ ауруы
- •Жалған ақ ұнтақ ауруы
- •Түтікті бактериоз ауруы
- •Шырышты бактериоз ауруы
- •Қызанақ аурулары
- •Фитофтороз
- •Макроспориоз
- •Бактериалды қара дақ.
- •Альтернариоз.
- •Столбур
- •Пияз аурулары
- •Мойын шірігі
- •Картоп аурулары Картоптың таз қотыры
- •Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры
- •Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры
- •Картоптың фитофторозы
- •Картоптың күміс түстес таз қотыры
- •Картоптың альтернариозы
- •Картоптың қоңырқай теңбілі немесе макроспориоз
- •Картоптың фузароизды және вертициллезды солуы
- •Картоптың құрғақ шірігі
- •Картоптың қара мойнағы (шіруі)
- •Картоптың сулы шірігі
- •Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
- •Картоптың қатпарыл мозаикасы
- •Картоптың жолақ мозаикасы
- •Картоптың теңбіл мозайкасы
- •Картоп жапырақтарының бұралуы
- •Түйнектің ұршықтануы
- •Картоптың сабақ жұмырқұрты
- •Жеміс-жидек дақылдарының аурулары Алманың ақ ұнтағы
- •Алма мен алмұрттың таз қотыры.
- •Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.
- •Алма цитоспорозы.
- •Алманың қара ісігі.
- •Алманың таты.
- •Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.
- •Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.
- •Шабдалы ақ ұнтағы.
- •Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.
- •Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.
- •Алма мозаикасы.
- •Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Біржылдық арамшөптер
Картоптың құрғақ шірігі
Ауру белгілері. Бұл ауру белгілері картопты сақтау кезінде, түйіндерде сұр-қоңыр, күңгірт, батыңқы дақтар ретінде байқалады. Дақтар әр түрлі пішінді болады. Түйіндері қоңырланып, жұмсарып, шіриді. Түйін қабықтары мыжылып, қатпарланып, сұр-қоңыр, сары, кейде қызғылт түсті саңырауқұлақтары қалыптасады. Түйіндері мумифицияланып, салмағы жеңілдейді. Қоймада ауа ылғалдылығы жоғарлап, құрғақ шірік, сулы шірікке айналады.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары қоймаға топырақпен және түйіндермен бірге енеді. Инфекция түйіндерді егер алдында кесілген жағдайда да таралады.
Ауруға себеп болатын факторлар.Ауа ылғалдылығы және температура.
Картоптың қара мойнағы (шіруі)
Ауру белгілері. Бұл ауру белгілері вегетация кезінде танапта және сақтау кезінде күзде, қыста байқалады. Залалданған өсімдіктердің сабақтары әлсіз дамып, жапырақтары ашық-жасылданып, ортаңғы талшықтар бойымен жоғарғы жағына қарай бұралады. Сабақтары шіріп, тамырға жақын бөлігі қараяды. Шірік тамыр жүйесіне, бұталарына, түйіндеріне таралып, түйіндерінің ортасында қара түсті шіріктер пайда болады.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы түйіндерінде, өсімдік қалдықтарында сақталады. Вегетация кезінде ауру механикалық жолмен таралады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Картопты қызбаған топыраққа егу және өскін пайда болғанға дейін ауа-райының салқын болуы (10-15 0С).
Картоптың сулы шірігі
Ауру белгілері. Негізінен сақтау кезінде түйіндері залалданады, кейде вегетация кезінде залалдануы мүмкін. ауруға шалдыққан түйіндер жұмсарып, шырыштанады, одан кейін пішінсіз жұмсақ, жағымсыз исі бар массаға айналады. Танапта көп суғарылған немесе ауа ылғалдылығы жоғары болған жылдары кездесуі мүмкін.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы топырақтарында, өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Жоғары ылғалдылық, жеткіліксіз аэрация, жоғары температура әсер етеді.
Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
Ауру белгілері. Ауру жер беткі және жер астының барлық мүшелерін залалдайды. Бұталарының солуы және түйіндерінің шіруі ретінде байқалады.
Ауру дамуы баяу жүреді. Картоптың гүлдеу кезінде қатты байқалады. Алдымен астыңғы жапырақтары сола бастайды, жапырақ беті өзінің табиғи түсін жоғалтады. Жапырақ шеті ішке қарай бұралады. Жапырақтары біртіндеп күңгірттеніп, ашық-жасыл түске енеді, кейін мозаикалы дақтары бар сұрлы-жасылданады, кейін қоңыр дақтар пайда болады. Картоп түйінін зақымдаған бактериялар тамылдарын бітейді да, өсімдіктің жер беткі бөліктеріне су бармай, өсімдік солып қалады.
Залалданған түйіндер сау түйіндерден айырмашылығы болмайды, бірақ кесіп көргенде тамыр сақинасының сарғайып, ұлпаларының жұмсаруын байқауға болады. Залалданған ұлпадан ақшыл-сары масса бөлінеді. Соңғы кезеңдерінде тамырлы жүйесі бұзылып, ақ, созыңқы, жағымсыз иісті, шырышты массаға айналады.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы топырақтарында, өсімдік қалдықтарында, залалданған түйіндерінде сақталады. Сонымен қатар лас ыдыстар, өндіріс құралдары.
Ауруға себеп болатын факторлар. Бактериялардың дамуына қолайлы температура 20-25 0С, егуге залалданған тұқымдарды пайдалану.