Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры

Ауру белгілері. Тамырлары, түйіндері залалданады. Тамырларында ақшыл, кейін қараятын, дөңгелекше, жаңғақ пішінді өңездер пайда болады. Түйіндерінде дөңгелек, жабық пустулалар немесе 0,5 мм болатын сүйелдер қалыптасады. Кейін пустуланы қаптайтын тері жыртылып, өңездер пайда болады. Пустулалар ішінде қара, ұнтақты ауру қоздырғышынан тұратын масса көрінеді, диаметрі 40-50 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Инфекция топырақта ұзақ уақыт сақталады. Сонымен қатар түйнектерінде де инфекциялары сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жоғары ылғалдылықта және салқын ауа-райында (12-18 0С) аурудың дамуы байқалады.

Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры

Ауру белгілері. Ауру түйіндерін, сабақтарын, тамырларын залалдайды. Түйіндерде қара таз қотыр ретінде байқалады, беттерінде шығыңқы, қара сүйелдер немесе саңырауқұлақтар склероцидтері қалыптасады. Олар түйін бетінде жабыспаған, сондықтанда картоп қабығын зақымдамай, алып тастауға болады. Склероцидтердің қалыптасуы жас түйіндерінде басталады, бірақ жаппай олар, бірінші күрт салқындау кезінде пайда болады, тамыз айының соңы, қыркүйек айының басы. Жер асты бөліктерінің залалдануы, ризоктониздың пайда болуының кеш түріне жатады. Бұл жағдайда, тамыр мойнында ұзынша келген, қара-қоңыр өңездер пайда болады, өңездер пайда болған жерлерде сабақтары жуандайды. Жапырақ қуысында ауалы түйіндер қалыптасады. Жоғарғы жапырақтарында көгілдір түсті дақтар пайда болып, негізгі талшықтар бойымен олар, бұрала бастайды. Тамыр жүйесінің зақымдалуынан картоп дақылынң солуы байқалады. Кейде сабақтарында ризоктониоздың ақ мойнақ атты түрі байқалады. Ризоктониоз түйіндерінде торлы некторз түрінде байқалуы мүмкін. Түйіндерінің көлемі 0,5-ден 2-3 см-ге жеткенде, қоңыр дақтар пайда болады.Түйіндер өскен кезде залалданған жерлер жарылып, тор қалыптасады. Торлы некроздың дамуына құрғақ, ыстық ауа-райы әсер етеді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Инфекция склероций саңырауқұлақтары ретінде түйіндерінде, топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Топырақтың және ауаның жоғары ылғалдылығы, патоген дамуына қолайлы топырақ температурасы 9-27 0С.

Картоптың фитофторозы

Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық мүшелері залалданады. Астыңғы кейін үстіңгі жапырақтарында дөңгелек, іріңді, қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар бірігіп кетеді. Көбінесе олар жапырақтың шетінде пайда болады. Дақтармен толық қапталған жапырақтар қара-қоңырланып, залалданған сабақтары сынып қалады. Сабақтарында, бұталарында, гүлтостағаншасында қоңыр, ұзынша келген дақтар пайда болады, кейін бұл мүшелердің ұлпалары қоңырланып, солып қалады. Аурудың қатты дамуы кезінде картоп өскіндері 7-10 күнде толығымен қарайып, өліп қалады, шіріген иіс пайда болады.

Түйіндерінде қатты, батыңқы, қара-қоңыр немесе сұр түсті ішкі ұлпаларына дейін енген дақтар түрінде ауру белгілері байқалады. Залалдануы вегетация кезінде, өнім жинау кезінде, өнімді сақтау кезінде болады. Залалданған түйіндер сақтау кезінде сулы немесе құрғақ шірікке шалдығады.

Жоғары ылғалдылықта залалданған мүшелерінде ақ, жұмсақ, өрмектелген, саңырауқұлақ спораларынан тұратынөңездер қалыптасады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Саңырауқұлақтары түйіндерінде, топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады, егу материалдарымен бірге тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның жоғары ылғалдылығы, патоген дамуына қолайлы температура 15-20 0С, Жауын-шашын көп болған жағдайда, ауру жоғары деңгейде дамиды. Инфекция ауамен, жауын тамшыларымен, споралармен тасымалданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]