
- •Дәнді дақылдардың зиянкестері
- •Зиянды бақашық қандаласы және басқа астық қандалаларының түрлері
- •Техникалық дақылдардың зиянкестері.
- •Қызылшаның сұр бізтұмсығы.
- •Қызылшаның сабақ жегіші.
- •Мақта зиянкестері
- •Мақта көбелегі- Хлопковая совка
- •Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля
- •Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля
- •Үлкен мақта биті.
- •Темекі бітесі.
- •Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау
- •Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Бидайдың тозаңды қаракүйесі
- •Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі
- •Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі
- •Арпаның тозаңды қаракүйесі
- •Арпаның жалған тозаңды қара күйесі
- •Сұлының қатты немесе жабық қаракүйесі
- •Сұлының тозаңды қаракүйесі
- •Қара бидай сабағының қаракүйесі
- •Тарының жабық қара күйесі
- •Жүгерінің толарсақ қаракүйесі
- •Жүгерінің тозаңды қаракүйесі
- •Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі
- •Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы
- •Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.
- •Сабақ немесе сызықша таты.
- •Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі
- •Мақтаның вертициллезды солу
- •Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі
- •Күнбағыстың сұр шірігі
- •Күнбағыстың таты
- •Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы
- •Күнбағыстың вертициллезды солуы
- •Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)
- •Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы
- •Темекі тамырының қара шірігі.
- •Темекі мозаикасы
- •Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері
- •Қызылшаның тамыр церкоспорозы
- •Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
- •Қызылшаның нематодозы немесе гетеродерезі.
- •Қырыққабат аурулары Қара мойнақ ауруы
- •Жалған ақ ұнтақ ауруы
- •Түтікті бактериоз ауруы
- •Шырышты бактериоз ауруы
- •Қызанақ аурулары
- •Фитофтороз
- •Макроспориоз
- •Бактериалды қара дақ.
- •Альтернариоз.
- •Столбур
- •Пияз аурулары
- •Мойын шірігі
- •Картоп аурулары Картоптың таз қотыры
- •Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры
- •Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры
- •Картоптың фитофторозы
- •Картоптың күміс түстес таз қотыры
- •Картоптың альтернариозы
- •Картоптың қоңырқай теңбілі немесе макроспориоз
- •Картоптың фузароизды және вертициллезды солуы
- •Картоптың құрғақ шірігі
- •Картоптың қара мойнағы (шіруі)
- •Картоптың сулы шірігі
- •Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
- •Картоптың қатпарыл мозаикасы
- •Картоптың жолақ мозаикасы
- •Картоптың теңбіл мозайкасы
- •Картоп жапырақтарының бұралуы
- •Түйнектің ұршықтануы
- •Картоптың сабақ жұмырқұрты
- •Жеміс-жидек дақылдарының аурулары Алманың ақ ұнтағы
- •Алма мен алмұрттың таз қотыры.
- •Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.
- •Алма цитоспорозы.
- •Алманың қара ісігі.
- •Алманың таты.
- •Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.
- •Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.
- •Шабдалы ақ ұнтағы.
- •Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.
- •Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.
- •Алма мозаикасы.
- •Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Біржылдық арамшөптер
Шырышты бактериоз ауруы
Ауру белгілері. Көсеусабақтары мен қаудандары залалданады. Қаудандардың сулы шіріктенуі түрінде байқалады, қаудандар көсеусабақтарынан оңай сынады. Бактериялары - қозғалмалы таяқшалар, жеке-жеке немесе жұптасқан, спора қалыптастырмайды, 0,5-1 х 2-3 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Патоген өсімдік қалдықтарында, ауру көсеусабақтары мен қаудандарында сақталады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Ауыспалы егістің сақталмауы, топырақтың ылғалдылығының жоғары болуы, ауа-райының жауынды болуы, қырыққабаттың биттермен, қырыққабат шыбынымен зақымдалуы аурудың дамуына себеп болады.
Қызанақ аурулары
Қоңыр дақ.
Ауру белгілері. Бұл ауру негізінен жылыжайларда дамиды. Жапырақтың бетінде сары-қоңыр дөңгелекше дақтар пайда болады, астыңғы беттерінде бархат тәрізді мицелиден, конидийден тұратын өңездер қалыптасады. Конидиилері ашық-қоңыр, тегіс, бір жасушалы, 12-47х4-10 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Патоген өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Ауру қоздырғышының дамуына оңтайлы температура 20-25 0С, ылғалдылық 80-95%.
Фитофтороз
Ауру белгілері. Жапырақ шетінде қоңыр дақтар пайда болады, ылғалды ауа-райында астыңғы бөлігінде ақ өңездер қалыптасады. Сабақтарында қоңыр-қара жолақтар пайда болып, жемістерінде тереңдеген қоңыр, бұлдыр дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ мицелиилері көпядролы, жасушасыз, зооспорганиилері жұмыртқа тәрізді, 25-30х15-20 мкм. Ооспоралары шар тәрізді, түссіз, диаметрі 25-30 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдарымен бірге тасымалданады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Қалыпты ауа температурасы (15-20 0С) және жауын-шашынды болған жағдайда аурудың дамып-таралуына қолайлы жағдай туғызады.
Макроспориоз
Ауру белгілері. Жапырақтары, сабақтары, жесістері зақымдалады. Жапырақтарында дөңгелекше, қоңыр немесе ашық қоңыр түсті дақтар пайда болады. Сабақтарында дақтар ұзынша келген, ашық қоңыр. Аурумен қатты залалданған жағдайда өсімдік өліп қалады. Жемістеріндегі дақтары дөңгелекше, қара-қоңыр, батыңқы, ылғалды ауа-райында қара бархатты өңезбен қапталған. Конидиилері түйіршек тәрізді, 150-300х15-20 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдарымен бірге тасымалдануы мүмкін.
Ауруға себеп болатын факторлар. Қалыпты ауа температурасы (15-20 0С) және жаз айларының ылғалды болуы, жауын шашынның жиі-жиі түсуі аурудың дамып-таралуына қолайлы жағдай туғызады.
Бактериалды қара дақ.
Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық жер беткі бөліктері залалданады. Тұқымжарнағында қара, майда, талшықтардың бойымен орналасқан дақтар қалыптасады. Жапырақтарында бұл дақтар қара-қоңыр, майлы, жылтыр. Сабақтарында ұзынша келген, жемістерінде дөңес келген, қара дақтар немесе өңездер. Бактериялар - қозғалмалы таяқшалар, грамотрицальды, 0,7-1,8 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдарымен бірге тасымалданады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Қалыпты ауа температурасы (15-20 0С) және ылғалдың жоғары болуы, ауыспалы егістің сақталмауы, аурудың дамып-таралуына қолайлы жағдай туғызады.
Төбе шірігі.
Ауру белгілері. Жасыл, пісуге жақын қалған жемістері залалданады. Жемістердің төбесінде тегіс немесе батыңқы, ашық немесе қара-қоңыр дақтар қалыптасады, кейін олдақтардың көлемі ұлғайып, , қарайып, батыңқырайды. Зақымдалған бөліктерде сапрофитті микроағзалар қоныстанып, шіруге әкеледі. Төбе шірігінің негізгі себебі, өсімдіктің сумен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, әсіресе жемістің қалыптасу кезеңінде.
Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы, суғару режимінің бұзылуы, азотты тыңайтқыштың көп болып, кальций тыңайтқышының аз болуы.