
- •Дәнді дақылдардың зиянкестері
- •Зиянды бақашық қандаласы және басқа астық қандалаларының түрлері
- •Техникалық дақылдардың зиянкестері.
- •Қызылшаның сұр бізтұмсығы.
- •Қызылшаның сабақ жегіші.
- •Мақта зиянкестері
- •Мақта көбелегі- Хлопковая совка
- •Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля
- •Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля
- •Үлкен мақта биті.
- •Темекі бітесі.
- •Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау
- •Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Бидайдың тозаңды қаракүйесі
- •Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі
- •Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі
- •Арпаның тозаңды қаракүйесі
- •Арпаның жалған тозаңды қара күйесі
- •Сұлының қатты немесе жабық қаракүйесі
- •Сұлының тозаңды қаракүйесі
- •Қара бидай сабағының қаракүйесі
- •Тарының жабық қара күйесі
- •Жүгерінің толарсақ қаракүйесі
- •Жүгерінің тозаңды қаракүйесі
- •Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі
- •Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы
- •Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.
- •Сабақ немесе сызықша таты.
- •Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі
- •Мақтаның вертициллезды солу
- •Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі
- •Күнбағыстың сұр шірігі
- •Күнбағыстың таты
- •Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы
- •Күнбағыстың вертициллезды солуы
- •Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)
- •Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы
- •Темекі тамырының қара шірігі.
- •Темекі мозаикасы
- •Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері
- •Қызылшаның тамыр церкоспорозы
- •Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
- •Қызылшаның нематодозы немесе гетеродерезі.
- •Қырыққабат аурулары Қара мойнақ ауруы
- •Жалған ақ ұнтақ ауруы
- •Түтікті бактериоз ауруы
- •Шырышты бактериоз ауруы
- •Қызанақ аурулары
- •Фитофтороз
- •Макроспориоз
- •Бактериалды қара дақ.
- •Альтернариоз.
- •Столбур
- •Пияз аурулары
- •Мойын шірігі
- •Картоп аурулары Картоптың таз қотыры
- •Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры
- •Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры
- •Картоптың фитофторозы
- •Картоптың күміс түстес таз қотыры
- •Картоптың альтернариозы
- •Картоптың қоңырқай теңбілі немесе макроспориоз
- •Картоптың фузароизды және вертициллезды солуы
- •Картоптың құрғақ шірігі
- •Картоптың қара мойнағы (шіруі)
- •Картоптың сулы шірігі
- •Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
- •Картоптың қатпарыл мозаикасы
- •Картоптың жолақ мозаикасы
- •Картоптың теңбіл мозайкасы
- •Картоп жапырақтарының бұралуы
- •Түйнектің ұршықтануы
- •Картоптың сабақ жұмырқұрты
- •Жеміс-жидек дақылдарының аурулары Алманың ақ ұнтағы
- •Алма мен алмұрттың таз қотыры.
- •Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.
- •Алма цитоспорозы.
- •Алманың қара ісігі.
- •Алманың таты.
- •Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.
- •Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.
- •Шабдалы ақ ұнтағы.
- •Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.
- •Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.
- •Алма мозаикасы.
- •Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Біржылдық арамшөптер
Қызылшаның тамыр церкоспорозы
Ауру қоздырғышы Cercospora beticola Sacc.
Ауру белгілері. Жапырақтары, сабақтар қатты зақымдалады. Ол жерде кішігірім дөңгелекше, ақшыл немесе сұр, шеті қызғылт немесе қара-қоңыр болатын дақтар пайда болады. Ылғалды ауа-райында жапырақтың астыңғы беттерінде мицелииден және конидиилерден тұратын сұр өңез қалыптасады. Конидиилер түссіз, көптеген аралықтармен, 30-100х3-5 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Аурудың қоздырғышы өсімдіктің зақымдалған мүшелерінде мицелиалар ретінде қыстап шығады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы (70%), және 22-27 0С қалыпты ауа температурасы.
Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
Ауру белгілері. Жапырақтары мен бұтақтарын зақымдайды, олардың түстері ақшылданып, жапырақ беттері қалыңдайды, астыңғы бөлігі сұр-күлгін өңезмен қапталады, өсімдіктің өсуі баяулайды. Конидиеностары жан-жаққа таралған, конидиилері эллиптикалық, жұмыртқа тәрізді, сұр-күлгін қабықпен қапталған, 21-27х16-20 мкм.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Өсімдік қалдықтарындағы ооспоралар және тұқымдыққа өсірілетін қызылшада сақталған мицелиилер арқылы таралады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Вегетация кезінде, әсіресе маусым, шілде айларында жауын-шашынның шамадан көп түсуі, ылғалдылықтың 70% жоғары болуы, ауа-райының салқын болуы (15-20 0С).
Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
Ауру белгілері. Жапырақтары, сабақтары залалданады, онда ақ, өрмектелген, іріңді өңездер пайда болады. Ауру белгілері вегетация кезеңінің екінші жартысында байқала бастайды. Жазда саңырауқұлақтар конидиальды кезеңінде дамиды. Конидиилер ұзын жіпше тәрізді, түссіз, бір жасушалы, 25-30х8-10 мкм. Қант қызылшасының вегетация соңына қарай мицелий бетінде майда, шар тәрізді, қоңыр, диаметрі 60-180 мкм болатын клейстотециилер қалыптасады.
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Зақымдалған өсімдік қалдықтарында және тұқымдыққа өсірілетін тамыржемісте саңырауқұлақтардың клейстотеции немесе мицелиилері сақталады.
Ауруға себеп болатын факторлар. Құрғақ және ыстық, кейде жауын-шашын болып тұратын ауа-райы, аурудың таралуына әсер етеді.
Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
Ауру қоздырғышы – қызылшаның талшықтарының шірікті сарғаюының вирусы.
Ауру белгілері. Зақымдалған өсімдіктің жапырақтары сарғайып, талшықтары некрозданып, хлорозданады, жапырақтары бұралады. Ауру белгілері тамыржемістерінде айқын байқалады. Олар көптеген жіңішке тамыршалармен қапталып, қошқылданады. Қызылшадан басқа вирус алабота тұқымдасына жататын мәдени және жабайы дақылдарды зақымдайды. .
Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру таратушы болып, Polymixa betae. топырақ саңырауқұлағы болып табылады. Вирус ұзақ уақыт топырақта сақталады. Мепханикалық түрде ауру өсімдіктен сау өсімдіктерге таралады
Ауруға себеп болатын факторлар. Топырақтың Polymixa betae. саңырауқұлақтарымен залалдануы, тұқымдардың ауруға төзімсіздігі, ауыспалы егістіктің сақталмауы.