Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Темекі тамырының қара шірігі.

Ауру қоздырғышы – Thielaviopsis basicola (berk et Br.) Ferr.

Ауру белгілері. Көшеттері мен ересек өсімдіктер залалданады. Өскіндердің тамырлары қоңырланады. Көбінесе жапырақтары сарғайып, өсімдік солып, өліп қалады. Залалданған тамырлар және ересек өсімдіктер саңырауқұлақтың мицелияларынан, конидиилерінен, артроспораларынан тұратын қара спрорлармен қапталады. Олар ұзынша келген, қара-қоңыр, сүйелді қалың қабықпен қапталған, 7-12х41-17 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Патоген залалданған өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады. Сонымен қатар бұл патоген 100-ден аса мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдап, табиғатта кеңінен таралған.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына топырақтың жоғары ылғалдылығы, 15-20 0С болатын төменгі температура әсер етеді. Көшеттерді егуге залалданған топырақты пайдалану.

Темекі мозаикасы

Ауру қоздырғышы – Tobaco mosaic virus.

Ауру белгілері. Темекі мозаикасының вирусы немесе тобамовирусы темекіде талшықтарының сарғаюына, теңбілденуіне, қара-жасыл түсті көпіршіктің пайда болуына, жапырақтың пішінінің өзгеруіне әкеледі. Өсімдіктің залалданған жасушаларында ауру қоздырғыш Х дене түрінде кристаллдық қалып құрайды.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Өсімдікті механикалық өңдеу кезінде инфекция таралады. Осы вируспен көптеген бұршақ тұқымдасына жататын мәдени және жабайы өсімдіктер залалданғандықтан, олар табиғи инфекция қоры болып табылады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жапырақтардың механикалық заладануы, инфекция қорының болуы, өсімдік жапырақтарының биттермен қоныстануы.

Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері

Ауру қоздырғышы Pythium debarianum Hessp. Rhizoctonia solani.

Ауру белгілері. Өскін кезінде қоңыр дақтар немесе жолақтар пайда болып, тамырлары мен тұқымжарнағы залалданады. Ауру өскіндері солып, көбіне өліп қалады. Вегетацияның екінші кезеңінде ауру белгілері қалыптасып келе жатқан тамыржемістерінде байқалады. Тамыржемістер жартылай немесе толық шіріп кетеді. Ауру қоздырғышына байланысты ауру белгілері әртүрлі болады. Фузариозды шірік кезінде саңырауқұлақтың ақ, сары немесе қызғылт мицелийі дамитын тамыржемістің ішкі бөлігі шіріп кетеді. Ризоктониозды шірік кезінде алдымен артқы бөліктері зақымдалады да, онда қоңыр, қара-қызыл мицелийлері немесе склероцилері еніп, тамыржеміс қара-қоңыр болып, немесе қарайып кетеді. Шірікпен зақымдалған өсімдіктің жапырақтары сарғайып, солып қалады, тамыржемістері қалыптасу кезінде олардың түсуі байқалады.

Ризоктониозды шірік кезінде тамыржемістен қалыңдығы 7-10 ұзындығы 100-150 мкм болатын, қоңыр-күлгін саңырауқұлақтар бөлініп шығады. Ал фузариозды шірік кезінде саңырауқұлақтың макроконидиилері ұшық тәрізді, эллипсоидальды-иілген. Қант қызылшасының тамыржеміс шірігін тудырушы болып, тазқотыр мен тамыр ісігін тудыратын бактериялар болып табылады. Олар шағын қашықтықта таралады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштар топырақта конидии, хламидоспор, псевдосклероци ретінде сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Тамыр жегіші ауруының дамуына топырақтың жоғарғы (80%) ылғалдылығы, төмен температура және топырақ қабықтарының пайда болуы қолайлы әсер етеді. Тамыр жемісінің шірігі ауыспалы егіс сақталмаған жағдайда, тығыз топырақтарда, тұрақсыз суғару кезінде, азот тыңайтқыштарының шамадан тыс көп болуы және ауруға төзімсіз сорттарды егу кезінде дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]