Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы

Ауру қоздырғышы – Plasmopara helianthi Novot.

Ауру белгілері. Ауру сабағын, жапырағын, гүлшоғырын, тұқымын залалдайды. Ауру белгілері 10-12 жапырақ кезеңінде айқын байқала бастайды. Залалданған өсімдіктің сабағы жұқарып, жапрақтары майда болады, төменгі бөліктері алдымен ақ, кейін сұр түсті жұмсақ өңезбен қапталады. Өсімдік өспей, мүшелері дамымай, тұқымдары бос болып қалады. Екінші рет жазғы кезеңде зақымдалған жағдайда жапырақтарда жеке-жеке ірі сары дақтар пайда болады. Саңырауқұлақтың конидиилері эллипсоидальды 15-30 х 12-21 мкм, ооспорылары – сопақша, сары, қатпарлы қабықпен қапталған.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Топырақта 5-7 жыл және өсімдікте сақталатын саңырауқұлақтың ооспоралары және залалданған тұқымдарда болатын зооспоралар мен мицелийлер.

Ауруға себеп болатын факторлар. Өсімдіктің залалдануының шекті кезеңі болып тұқымының өнуінен 3-4 жапырақтарының қалыптасуы кезеңі болып табылады. Күнбағыста аурудың пайда болуына топырақтағы жоғары ылғалдылық пен ауа температурасының төмен болуы әсер етеді.

Күнбағыстың вертициллезды солуы

Ауру қоздырғышы – Verticillium dahlia Kleb.

Ауру белгілері. Күнбағыста вертициллезды солу шанақтанудан себет қалыптасу кезеңіне дейінгі уақытта пайда болады: жапырақтары бозарып, сарғайып, кеуіп, қоңырланады. Саңырауқұлақтар күнбағыстың тамыр жүйесін зақымдап, трахеомикозды солуға әкеледі. Патогеннің морфологиялық құрылымы болып көлемі 0,1 мм болатын микросклероцилер және бастарында бір жасушалы түссіз конидиилері қалыптасатын, конидиеносты түссіз мицелийлер болып табылады. Патоген микросклероцидтерінің көмегімен топырақта бірнеше жылдар бойы сақтала алады. Ылғалды жылдары саңырауқұлақытың спороларынан тұратын жеңіл ақ өңездер пайда болады. Микросклероцид сабақтарында қалыптасады, кейде тұқымдарына мицелийлері еніп кетеді. Ауру күнбағыс өнімділігінің 10-15 % - ға дейін төмендеуіне әкеледі.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Табиғатта саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарында және топырақта микросклероцид түрінде сақталады, залалданған тұқымдармен және конидийлердің аэрогендік инокулюмінде таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына топырақтың және ауаның қалыпты ылғалдылығы әсер етеді.

Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)

Ауру қоздырғышы – Ascochyta helianthi Abramov.

Ауру белгілері. Ауру белгілері жапырақтарда қара-қоңыр, кейде қара әртүрлі пішінді дақтар ретінде пайда болады. Кейін жапырақ ортасы сұрланып, онда диаметрі 150-200 мкм болатын пикнидтер қалыптасады. Саңырауқұлақтардың конидиилері түссіз, цилиндрлі, 10-12х3-4 мкм болатын бір аралықтан тұрады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдармен бірге таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына ауаның ылғалдылығы әсер етеді және вегетация кезінде түскен жауын – шашын көлеміне байланысты.

Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы

Ауру қоздырғышы – Pernospora tabacina Adam.

Ауру белгілері. Сабақтары мен жапырақтары залалданады. Жапырақтарында хлорлы дақтар пайда болады, шеттері төменге қарай бұралып, жапырақ беті өзгереді. Сабақтарында, ортаңғы және бүйір талшықтарында қоңыр, тереңдетілген жолақтар немесе өңездер пайда болады. Ылғалды ауа-райында жапырақтың астыңғы бөліктерінде алдымен көгілдір, кейін сұр түсті болатын саңырауқұлақтардың споралары дамиды. Конидиилері эллипті, түссіз, 15-28х12-20 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыш зақымдалған өсімдік қалдықтарында, топырақта, тұқымдарында сақталады. Инфекциялары үлкен қашықтыққа таралатын конидилермен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына ауаның жоғары ылғалдылығы (70-80%), жауын шашынның жиі-жиі және шықтың болуы, 15-20 0С болатын төменгі температура әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]