Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Сабақ немесе сызықша таты.

Қоздырғыш – Puccinia gramiis Pers.

Ауру белгілері: Олар бидайдың барлық түрлерін – арпаны, қара бидайды арпабасты залалдайды. Аралық иесі болып бөріқарақат (барбарис),магония өсімдіктері саналады. Дәнді дақылдардың сабақтары ауруға шалдыққанда, жапырақ қынаптары масақ қабыршақтары сирек зақымданады. Өсімдіктің даму кезеңінін 2-ші жартысында, әсіресе соңына қарай, зақымдаған мүшелерде қатар орналасқан, әуелі татқа ұқсас қоңыр урединиялар, кейін қара телиопустулалар пайда болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Күздік дақылдар және жабайы дақылдар ауру қоздырғыштарының орыны (резерваторы) болып табылады.Споралар ауа ағыны арқылы басқа аймақтарға тарайды.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Саңырауқұлақтың дамуына ауаның жоғарғы ылғалдылығы (95-100 %) және жылы ауа райы қолайлы.

Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі

Ауру қоздырғышы – Rizoctonia solani (Rh. aderholdii) (Thielaviopsis basicola Ferr.f. gossypii Zaprom.)

Ауру белгілері. Тамыр жүйесі, сабағы және жапырағы зақымдалады. Ризоктониозбен зақымдалған өсімдік өскіндерінің тамыр мойынында алдымен кішігірім, кейін үлкен қара-қоңыр дақтар пайда болады. Ауырған тамырларда ойық жаралар пайда болып, жарылып, өсімдік қысымын жоғалтып, солып қалады. Күзде жапырақтары ақшыл қоңыр түсті болып, майысып қалады, сынғыш келіп, қурап қалады.

Екінші патогенмен 3-4 нағыз жапыраққа дейінгі өскіндер және вегетация соңындағы ересек өсімдіктер залалданады. Залалданған өскіндердің жапырақтары күңгірттеніп, сұр немесе көкшіл түсті, ал тамырлары қызыл-қоңыр түсті болып, кейін қарайып кетеді. Ал залалданған ересек өсімдіктер жапырақтары ақшылданып, солады, бірақ түспейді, сабағы қара-қоңыр болып түстенеді. Тамыр мойынында ісіктер пайда болып, сабағы майысып қалады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Патоген ұзақ уақыт топырақта сақталып, ағын сумен, топырақ өңдейтін құралдармен тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, ауыспалы егістің сақталмауы, тұқымның өнуі кезінде температураның төмен болуы.

Мақтаның вертициллезды солу

Ауру қоздырғышы – Verticillum dahlia Kleb.

Ауру белгілері. Тұқымдық пайда болғаннан бастап, вегетация кезеңінің соңына дейін жапырақтары мен сабақтары зақымдалады. Бастапқы даму кезеңінде өсімдік аурумен залалданса, жапырақтары түсіп, өсуі тоқтап, солып қалады. Бұл ауру әсіресе шанақтану кезінде қатты байқалады. Ауру алдымен төменгі, кейін жоғарғы жапырақтарында ашық жасыл, кейде сары дақтар ретінде байқалады. Пішіні дөңгелекше немесе бұрышты болып, жапырақтың шетінде немесе жолақтарында пайда болып, кейде бірігіп бүкіл жапырақ бетін басып жатады. Жапырақтар төменгі бөлігінен бастап солып, түсіп қалады. Ауру белгілері вегетация кезінде баяу жүрсе, тамыз-қыркүйек айларында тез дамып, 2-3 күнде өсімдіктердің жапырақтары бозарып, қурап қалады. Вертициллезды солудың диагностикалық белгісі болып, залалданған өсімдіктің сабағының қараюы болып табылады және жапырақтан 3-4 мм аралықта кесілген шыбықтарынан айқын байқалып тұрады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Топырақта және өсімдік қалдықтарында патогендері сақталады және суғарылатын су көзімен және топырақты өңдейтін құрал- жабыдықтармен тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Саңырауқұлақтың дамуына оңтайлы температура 23-26 0С, топырақ ылғалдылығы – 60-70%. Ауыспалы егістің сақталмауы топырақта инфекцияның жиналуына әкеледі.

. Мақтаның гоммозы

Ауру қоздырғышы – Xanthomonas campestris pv. malvacearum (Smith) Dye.

Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық жер беткі мүшелері залалданады: тұқымдығы, жапырағы, гүлдері, қауашағы, мақта-шикізаты. Тұқымдығында ауру белгілері майлы, жылтыр дақ ретінде байқалады. Кейін бұл дақтар қоңырланып, құрғап, өскіндері өліп қалады. Зақымдалған ұлпалардан бактерия ұлпалары бар шырышты тамшылар таралады. Бұл аурудың шанақтану кезеңінде қара, майлы, ұлғаятын дақтар ретінде пайда болатын сабақты түрі қауіпті. Сабақтың заладанған аумақтары жұқарып, қараяды, жарылып, сынғыш келеді. Ал қауашақтарында қоңырланған, талшықтарына дейін терең таралған дақтар пайда болады, олар кейін бір-біріне жабысып, шіріп кетеді. Гоммоз өсімдіктің өспей қалуына да әкеледі.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Тұқымның ішінде және сыртында сақталып қалады. Залалдануы вегетация кезеңінде және талшықтарды тазарту кезінде мақтатазалағыш зауыттарда болуы мүмкін. Сонымен қатар өсімдікті жинағаннан кейін өсімдік қалдықтарында патогеннің қыстап шығуы мүмкін.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамып, таралуына егілетін тұқымның өңделмеуі, вегетация кезінде ауа-райының жаңбырлы және желді болуы, ауыспалы егістіктің сақталмауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]