
- •Дәнді дақылдардың зиянкестері
- •Зиянды бақашық қандаласы және басқа астық қандалаларының түрлері
- •Техникалық дақылдардың зиянкестері.
- •Қызылшаның сұр бізтұмсығы.
- •Қызылшаның сабақ жегіші.
- •Мақта зиянкестері
- •Мақта көбелегі- Хлопковая совка
- •Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля
- •Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля
- •Үлкен мақта биті.
- •Темекі бітесі.
- •Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау
- •Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Бидайдың тозаңды қаракүйесі
- •Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі
- •Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі
- •Арпаның тозаңды қаракүйесі
- •Арпаның жалған тозаңды қара күйесі
- •Сұлының қатты немесе жабық қаракүйесі
- •Сұлының тозаңды қаракүйесі
- •Қара бидай сабағының қаракүйесі
- •Тарының жабық қара күйесі
- •Жүгерінің толарсақ қаракүйесі
- •Жүгерінің тозаңды қаракүйесі
- •Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі
- •Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы
- •Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.
- •Сабақ немесе сызықша таты.
- •Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі
- •Мақтаның вертициллезды солу
- •Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі
- •Күнбағыстың сұр шірігі
- •Күнбағыстың таты
- •Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы
- •Күнбағыстың вертициллезды солуы
- •Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)
- •Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы
- •Темекі тамырының қара шірігі.
- •Темекі мозаикасы
- •Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері
- •Қызылшаның тамыр церкоспорозы
- •Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
- •Қызылшаның нематодозы немесе гетеродерезі.
- •Қырыққабат аурулары Қара мойнақ ауруы
- •Жалған ақ ұнтақ ауруы
- •Түтікті бактериоз ауруы
- •Шырышты бактериоз ауруы
- •Қызанақ аурулары
- •Фитофтороз
- •Макроспориоз
- •Бактериалды қара дақ.
- •Альтернариоз.
- •Столбур
- •Пияз аурулары
- •Мойын шірігі
- •Картоп аурулары Картоптың таз қотыры
- •Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры
- •Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры
- •Картоптың фитофторозы
- •Картоптың күміс түстес таз қотыры
- •Картоптың альтернариозы
- •Картоптың қоңырқай теңбілі немесе макроспориоз
- •Картоптың фузароизды және вертициллезды солуы
- •Картоптың құрғақ шірігі
- •Картоптың қара мойнағы (шіруі)
- •Картоптың сулы шірігі
- •Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
- •Картоптың қатпарыл мозаикасы
- •Картоптың жолақ мозаикасы
- •Картоптың теңбіл мозайкасы
- •Картоп жапырақтарының бұралуы
- •Түйнектің ұршықтануы
- •Картоптың сабақ жұмырқұрты
- •Жеміс-жидек дақылдарының аурулары Алманың ақ ұнтағы
- •Алма мен алмұрттың таз қотыры.
- •Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.
- •Алма цитоспорозы.
- •Алманың қара ісігі.
- •Алманың таты.
- •Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.
- •Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.
- •Шабдалы ақ ұнтағы.
- •Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.
- •Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.
- •Алма мозаикасы.
- •Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Біржылдық арамшөптер
Кіріспе
Зиянестер, аурулар және арамшөптер іртүрлі қолайсыз жағдайларға ыңғайланып, ауылшаруашылығына зор орасыпкелтіреді.
ФАО және ООН – ның мәліметі бойынша күнделікті ауылшаруашылығына зиянды организімдер дүние жүзі бойынша 35 % зиян келтіреді екен.
Қазақстанда ауылшаруашылығының 60 түрлі дақылы егіледі, оларға қөпқоректілердің 50 түрі, 100 – ден жоғары мамандырылған зиянкестер, 70 түрлі аурулар және 120 тірлі арамшөптер зиян келтіреді .
Қазақстан Республикасының 2002 ж 10 желтоқсан № 1295 өкілі бойынша келісе отырып, « Карантин нысандар және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тізімін бекіту туралы » ( 23. 11. 2005ж толықтырулар және өзгерістер), ерекше қауіпті зиянды организімдерден қорғау шаралары, сондай – ақ карантиндік нысандарға мемлеккетік қаржы есебінен жүргізіледі.
Ауылшаруашылығының өсімдіктеріндегі ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулар тізіміне шегірткелер ( азият, марокко шегірткелері, прус ) срышұнақтар, тышқан тектес кеміргіштер, астық сұр көбелегі, зиянды бақашық қандаласы, гессен шыбыны, астық қоңызы, өрмекші кене, мақта көбелегі, колорад картоп қоңызы, тат және септориоз аурулары.
Қалыпты өсімдік қорғауды үйымдастыру зиянкестердің зияндылығына және таралуына, арамшөптерге есеп жүргізу, аурулардың даму деңгейін анықтау, олардың щығуы және қорғау іс – шаралары мерзіміне жедел хабарлама біреуге болжам жасауға негізделген.
Болжам өсімдік қызғау жумыстар деңгейін жоспарлауда,химиялық , биологиялық заттардың қажеттілігін , техникаларын, материялдық және еңбек шығындарын анықтауға негіз болады.Болжам тек қана зиянды нысандардың дамуы мен таралуындағы өзгерістерінді ғана емес, сондай-ақ олардың зияндылығын төмендетуді анықтайды.
Болжамды жоғарғы денгейде нақты ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс- шаралар жүргізу пестауидтер шығынын 25-35%-ға төмендетіп, қорғау ортаны ластанудан қорғайды.Нақты болжам беру үшін толық агроклимат,аймақ бойынша агротехникалық және фитологиялық ақпарат болу керек.Олардың толық және уақытымен түсүінен қорғау іс –шараларының тиімділігі байланыста болады.
Міндетті түрде зиянкестер,аурулар және арамшөптердің түр құрамын, таралуын, зақымдалған дақылды, сондай-ақ басқа көз сепкіштерін,экологиялық ортаның өзгергіштігін және жургізілген қырғау іс-шараларынның тиімділігін білу керек.
Зиянды организимдердің фитосанитарлық диагностика және болжамдау есебіне егістіктерді тексеру, сондай-ақ отырғызылған ағаштар мен ауылшаруашылық алқаптарын зиянкестер, аурулар және арамшөптерге тексеру, олардың түр құрамын анықтау, нысанның және егістіктердің жағдайына есеп беру, нақты агроценозда байланыстарына сараптама жасау фитосанитарлық жағдайда нақты ақпарат беруге көмектеседі.
Ең маңызды, фитосанитарлык диогностика және болжамдау масиондары және басқа да өсімдік қорғау мамандары ерекше қауіпті және зиянды организдердің таралуы және санына есеп жүргізу, олардың зияндылыгын анықтау,зиянкестерде,аурулар мен арамшөптерге есеп жүргізу және бақылау, сондай-ақ әрі қарай шығғуы мен тарануына болжам жасау, әдістемелік нұсқаудың ең басты мақсаты болып саналады.
Алғашқы әдістемелік нұсқау 2003 жылы «Ауылшаруашылық алқаптарында ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулардың щығуына есеп жургізу әдістемелік нұсқауына және 2004 жылы » «Зиянкестер, арамшөптерге мониторингтік есеп жургізу және ауылшаруашылық дақылдарында аурулардың дамуы әдістемелік нұсқауы » болып бастады. Осы кезендерде зиянды организімдердің түр құрамында біршама өзгерістер болды .Қазәргі методикалық нұсқауда жоғарыда көрсетілген ерекше қауіпті зиянды организмдер кіреді.Кейбір зиянды организдердің биоэкологиялық өзгерістері анықталды,және кейбір иллюстрациялары ауыстырылып,кітаптың құрлымына өзгерді.
Бірінші тарау
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЛҚАПТАРДЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
(диагностика, морфология, зиянкестердің биологиялық ерекшеліктері,
мониторинг және болжам)
Қазақстанда зиянды организмдерді зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарына көпқоректілердің шашамен 50 түрі және дақылдардың арнайы зиянкестерінің 100-ден астам түрі зиян келтіретіні анықталды. Ары қарай зиянды организмдердің таралу ареалы, едәуір зиянды организмдерге қысқаша морфологиялық және биологиялық сипаттама беріледі.
КӨПҚОРЕКТІ ЗИЯНКЕСТЕР
Саршұнақтар – Суслики
Саршұнақтар ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіретін кеміргіштердің қатарына Sciuridae тұқымдасына, Citellus Oken түріне жатады. Саршұнақтар егістік алқаптарын, жайылымдарды және шабындықтарды зақымдайды. Олардың ішінде едәуір қауіптілері - кіші саршұнақ, балпақ саршұнақ, қызылұрт саршұнақ және зорман.
Сарышұнақтар – кәдімгі күндіз қоректенетін жануар. Олар белгілі мерзімде ғана белсенді болады. Себебі жылдың көп бөлігінде ұйқымен өткізеді. Саршұнақтар ұйқыдан ерте көктемде оянады. Ұйқыдан ояну уақыты бір жерде 15-20 күнге дейін созылады. Әдетте бірінші болып кәрі саршұнақтар оянады (екі немесе үш жыл қыстаған). Олар неғұрлым биіктеу жерлерде жайғасады. Кейінірек жас саршұнақтар оянады. Олар төмендеу орналасқан участоктарда уйықтайды. Алғашқы ұйқыдан ояну мерзімі көктемнің шығуына және топырақтың температурасына байланысты болады.
Ояна салысымен шағылысуы басталады, шағылысуы 10-30 күнге дейін созылады. Саршұнақтардың жүктілік мерзімі 20-25 күнге дейін созылады. Аналықтары 1-ден 12-ге дейін, көбіне 6-7 балалайды. 20-22 күн өткен соң жас төлдері іннен топырақ бетіне шыға бастайды. Жас төолдерінің таралуы шамамен 2 айдан соң байқалады.
Шағылысу уақтысы біткен соң кәрі аталықтары белсенді қоректеніп, тез арада май жинайды. Ұйқыдан оянғанына екі ай уақыт өткен соң салмақтары 2 есеге дейін өсіп кіші саршұнақтарда 300-450 грамм, кейбір жағдайда одан жоғары салмақ қосады, зоман саршұнағында 1500-2000 грамға дейін жоғарылайды. Осы уақытта кәрі аталықтардың белсенділігі төмендеп қайтадан келесі жылдың көктеміне дейін ұйқыға кетуі басталады. Балалаған аналықтардың май жинауы балаларының тарлуынан кейін аталықтары мен бойдақ аналықтарынан кейін шамамен 1 айдан соң басталады. Тиісінше аналықтары ұйқыға да шамамен бір ай кеш кетеді.
Жас төлдері қолайлы жағдайда тез арада май жинап үлгеріп және қыстаудан шыққан саршұнақтардан кейін бір айдан кейін ұйқыға кетеді. Азықтың жетіспеген жағдайында жас төлдердің май жинауы созылып, және олардың белсенділік мерзімі ұзарады.
Жоғары құрғақшылық, қоректің жетіспеуі, және кейде жаз мезгілінде күннің ерте салқындауына байланысты сашұнақтардың толық май жинамай ұйқыға ерте кетуі байқалады. Қыстық майын толық жинай алмай қалған саршұнақтар қыс мезгілін ауыр өткізеді.
Саршұнақтадың өміршеңдігі 4-5 жылдан аспайды. Бірақ та осы жасқа тек кейбір дарақтары ғана жетеді. Көбіне 2-3 жыл өмір сүреді.
Кіші саршұнақ – малый суслик (Citellus pygmaeus Pall.) Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталық бөлігінде және бірлі жарым республиканың оңтүстігінде таралған. Дәнді дақылдар, көкөніс-бақша дақылдарын, күнбағысты зақымдайды және жайылымның өнімділігін төмендетеді. Республиканың батысында ерекше қауіпті зиянкес болып есептеледі.
Денесінің ұзындығы – 17-24 см, құйрығының ұзындығы – 3-4 см. Арқасының түсі – сұр-қоңыр. Басының жоғары жағы қоңырқай, сарғыш қоңыр немесе сұр қоңыр түспен боялған. Іші, кеудесі, мойыны, жаны және ұрты сарғыш сұр (1 сурет).
Балпақ саршұнақ – Рыжеватый суслик (C. Maior Pall) республиканың солтүстік батысында және батысында таралған. Топырағы жеңіл төмен жерлерде өзен және көлдер жағалауларында мекендейді. Кіші сарышұнақ сияқты өсімдіктерді, көбіне көкөніс және бақша дақылдарын зақымдайды.
Денесінің ұзындығы – 25-34 см, құйрығының ұзындығы – 5-9 см. Арқасының түсі – сары-сұр-қоңыр түсті. Көздерінің астында сарғыш-тот түсті дақтар анық бейнеленген. Іші ақшыл сары және қоңырқай.
Қызылұрт саршұнақ – Краснощекий суслик (C.erythrogenus Br.) Қазақстанның онтүстік - шығысында және солтүстік-шығысында таралған. Дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптерге зиян келтіреді.
Денесінің ұзындығы – 23-30 см, құйрығының ұзындығы – 4-8 см. Жотасының түсі – сұрғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтар болады. Бауыр жағы ашық ақшыл-сары түсті. Ең негізгі белгісі – ұртында жирен түсті дақтар болады.
Зорман саршұнақ – желтый суслик (C. Fulvus Licht.) республиканың оңтүстігінде таралған. Бақша, дәнді дақылдарға және көпжылдық өсімдіктерге зиян келтіреді.
Денесінің ұзындығы – 30-42 см, құйрығының ұзындығы – 7-10 см. Арқа жоны қара қылшық аралас қоңырлау, бауыр жағы сарғылт болып келеді. (2 сурет).
Таралу сандарын есептеу әдістемесі. Саршұнақтарға қарсы күрес шараларын ұйымдастыруды дұрыс жоспарлау үшін олардың таралу аймағын бақылау қажет, бұл нақты таралу көлемін және орташа қоныстану тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді.
Саршұнақтар мекендейтін территорияда шаруашылық жүргізетін субъектілердің қолында саршұнақтардың қоныстану және тығыздығы көрсетілген карта болуы керек.
Саршұнақтардың таралуы ауыл шаруашылық алқаптарда індердің санымен маршрутты тексеру немесе қойылған алаңдар арқылы анықталады. Әр тексерілген алқапта екі маршрутты тексеру арқылы анықталады, ұзындығы 500 метрден кем емес. Тың жерлерде және көпжылдық шөптерде ені 5 метрлік алқапта жаңадан қазылған індердің саны тігінен және енінен есептеледі. Өсімдік қалың өскен участоктарда есептеу алаңының ені 2 метрден аспауы керек. Көктемде саршұнақтар қыстау орнынан шыққаннан кейін және жазда жас төлдері таралғаннан кейін (маусым) бақылау жұмыстары жүргізіледі. Маршрутты бақылау әр түрлі участоктарда жүргізілуі тиіс – жоғары және төмен орналасқан участоктарда, егістіктің шетінде, ортасында және т.б. Есептеулердің нәтижесін 1 формаға салады.
Жаңа қазылған індер өрмекші өрнегінің болмауынан, жаңа түскен қақ және зәрдің болмауынан ерешеленеді; тігінен – тереңдікке жол міндетті түрде болады, әдетте ол өсімдіктердің астында болады. Еңкіш қазылған індер топырақ тасталғанынан ерекшеленеді. Тігінен қазылған індердің тереңдігін анықтау үшін жұмсақ темір және сым пайдаланады. Есеп жүргізілетін көлем мына формаула бойынша анықталады.
Маршрут ұзындығы (км) х маршрут ені (м)
Есептеу алаңы (га) = ------------------------------------------------------------------
10
Тексеру нормасы - 500 гектардан 0,5 га-дан кем емес көлем тексеріледі
Жаңа (тұрғын) індер саны еш уақытта кеміргіштердің санымен сәйкес келмейді. Әдетте ін саны 2 – 3 есе кеміргіштер санынан артық болады. Сарышұнақтарға есеп жүргізу кезінде «Крыльцов қақпағы» көбіне жиі қолданылады, оның құрылысы ұзындығы 30 см сыммен, қаңылтыр темірден ойылған 2 дөңгелекті жалғастыру арқылы құрастырылады. Олардың ортасынан диаметрі 3 см болатын төменгі дөңгелек айнымайтындай етіп бекітіледі; жоғарғысы (диаметрі 8 см) сымның бойында сақыинаның жоғары бөлігінен белгіленген мөлшерден аспай еркін қозғалады. Тік қазылған іннің бетіне қақпақша төменгі жағымен нықталып қойылады, ал жоғарғы дөңгелек саршұнақтың інге сырттан кіретін жолын толықтай жабады.
Есеп жүргізілген алаңда таңертең ерте (немесе кеш батар алдында) тігінен қазылған індердің барлығына қақпақша бекітіледі. Кешке дейін қақпағы ашылған індер саны осы көлемдегі белсенді саршұнақтардың санына сәйкес келеді.
Егістік алқаптарында саршұнақтардың саны агротехникалық іс шараларға байланысты өзгеріп отырады. Бақылау кезінде бірінші кезекте еркекшөп егістігінде, тыңайған жерлерде, аңыздары бар егістіктерде ерекше мән беру қажет.
Атап көрсетілген әдіс кіші, қызылұрт және балпақ саршұнақтарды есептеу кезінде пайдаланады. Зорман саршұнағының санын есептеу кезінде негізінде маршрутты әдіс қолданылады.
Саршұнақтарға қарсы ерте көктемде жүргізілетін күресу іс шаралары ауыл шаруашылық дақылдары егістіктеріне жақын орналасқан тыңайған жерлерде және өткен жылы зақымданған учаскелерде жүргізу бірінші кезекте жоспарланады. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерімен шектесетін аймақтарда ені 300 м еркекшөп егістігінде, егістіктер аралығындағы шамалы тыңайған жерлерде
Дәнді дақылдардың зиянкестері
Қазақстанда дәнді дақылдарға зиянкестердің көптеген түрі зиян келтіреді, олардың қатарында көпқоректілер (шегірткелер, шекшектер, қара шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, қара денелі қоңыздар, күздік түнгі көбелектер, кеміргіштер), және олармен қатар тек қана астықты дақылдарды зақымдайтын өзіне тән арнайы зиянкестері (астықтың түн көбелектері, зиянды бақашық қандалалары, астық қоңыздары, астық сүлікшелері, бидай трипсі, астық барылдауық қоңыздары, астықтың жолақты бүргесі, астық биті, гессендік және швед шыбындары, астықтың сабақ егеуіші, астықтың сабақ бүргесі) бар. Жәндіктер асықты дақылдарды еккен кезден бастап өнімді жинағанға дейін зиян келтіреді.
Дәннің сұр көбелегі – Серая зерновая совка (Apamea anceps Schiff.)
Зиянкес кең таралған және республиканың солтүстігінде масақты дәнді дақылдардың қауіпті зиянкесі болып табылады. Жұлдызқұрттары негізінен бидайдың, күздік қара бидайдың, арпаның, жүгерінің дәндерін зақымдайды. Өнімнің потенциалды шығыны 2-5 ц/га жетеді.
Көбелектерінің қанаттарының жайылғандағы орташа өлшемі – 35-40 мм. Денесінің ұзындығы 15-18 мм. Алдыңғы қанаттары бұлыңғыр-сұр-қоңыр түсті болып келеді. Артқы қанаттары ашық-сұр және сұр шет жақтары қарайған, мұртшалары жіп тәріздес. Аналықтарының жұмыртқа салған орны хитинді екі жақты, денесінің аяқ жағында қысқаш тәрізді, түсі қызыл-қоңыр болып келеді.
Жұмыртқасы шар пішінді, диаметрі 0,5 мм, сыртқы көрінісі көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқа мөлдір ақ түсті кейінірек ұрықтың даму барысына қарай қызғылт, ал жұлдызқұрт шығар алдында қоңыр түске айналады. Жұмыртқаларын масақ және гүл қабыршақтарының ішкі жағына салады. Бір жұмыртқалауында бірден 70 жұмыртқа, көбіне 7-20 дана арасында болады. Өсімталдығы 100-200-ден 600-800 жұмыртқаға дейінгі аралықта болады.
Жұлдызқұрттары 3 жұп көкірек және 5 жұп бауыр ақтары болады. Денесінің түсі даму ерекшелігіне байланысты бозғылт-жасылдан сұр-қоңыр түске дейін өзгеріп отырады. 8 жасқа дейін дамиды. Жұлдызқұрттарының жасын бас қабығының диаметрі арқылы анықтайды, мм: I – 0,225-0,275; II – 0,300-0,375; III – 0,425-0,550; IV – 0,600-0,777; V – 0,875-1,250; VI – 1,375-1,875; VII – 1,950-2,500; VIII – 2,500-ден жоғары. Соңғы жастағы жұлдызқұрттарының ұзындығы 28-32 мм-ге жетеді.
Қуыршағы қызғылт және бозғылт-қоңыр, ұзындығы 15-18 мм. Қуыршақтың артқы жағында (кремастер) екі ұзын тікенек және төрт нашар дамыған қылшық болады. Жұлдызқұрттарының жаппай туылуы шілде айының үшінші онкүндігінде болады. (19 сурет).
Дәннің сұр көбелегі барлық жерде бір ұрпақ беріп дамиды. Көбіне ең соңғы (VIII) жастағы жұлдызқұрттары топырақта жиналмаған сабан, жүйек астында қыстайды. Көктемде біршама уақыт қоректенгеннен кейін 4-5 см топырақ астында қуыршақтанады. Көбелектерінің ұшуы маусым айының ортасынан тамыз айының басына дейін жалғасады.
Санын есептеу әдістемесі. Күзде (қазан, қараша) аяз түскенге дейін егітіктерде жұлдызқұрттарының қыстау орнына кетер алдында олардың санын есептеу мақсатында бақылау жүргізіледі. Әр егістіктің диагоналы бойынша (немесе шахмат түрінде) 0,25 м2 (50х50) мөлшерінде топырақтан 8 сынама алынады. Топырақтың өңдеу қабатынан сынамаларды қарайды және 4 мм2 болатын електен өткізіп, онда анықталған жұлдызқұрттарды есептейді. Егістіктен жиналып алынған жұлдызқұрттарды зертханада олардың салмағын анықтау үшін таразыға тартылып, сонымен қатар олардың тоғышар және аурулармен залалданғанын анықтауға сараптама жүргізеді. Бақылау нәтижесінде дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының популяциясының 1 м2 тығыздығы және физиологиялы жағдайы анықталады. Осының негізінде көп мерзімдік болжам жасалынады. (16 форма).
Көктемгі қайта бақылау жұмыстары егістіктерде қыстаудан шыққан жұлдызқұрттардың қуыршақтануға дейінгі мерзімде күзгі болжамданған көлемді нақтылау мақсатында жүргізіледі. Санын есептеу әдістемесі күзгі бақылау әдісімен сәйкес.
Дәннің сұр көбелектерінің ұшу динамикасы және қарқындылығын анықтау жазғы бақылау мерзімде жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының санын болжау үшін жүргізіледі. Көбелектерінің ұшу мерзіміне бақылау маусым айының 2-3 онкүндігінен бастап шілде айының соңына дейін жүргізіледі. Көбелектерінің санын анықтау күнделікті таңертең еліктіргіш аулағыш (ыдыс мөлшері 1л) арқылы жүргізіледі, ол топырақ бетінен 1 метр биіктікте рейка ағашына бекітіледі. Аулағыштағы ыдыстың 2/3 бөлігіне 10% қант ерітіндісінің ашытқысы құйылады. Күнделікті ұстап алынған аналық көбелекті құрсағын ашып және оның жұмыртқаларын санайды. Егер 1 түнде аулағышқа 50 аналықтан жоғары көбелек түскен жағдайда, олардың тұқымдылығы 500 жұмыртқадан жоғары болады, көбелектерінің ұшуы бидайдың масақтану мерзімімен сәйкес келеді, онда дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттары жаппай туылып шын мәнінде қауіп туғызады.
Жаздық тексеру жұмыстары (масақты ашу арқылы) көбелектың 1-2 жастағы жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының жаппай туылуы кезінде жүргізіледі, ол жаздық арпаның дәннің толысуы және сүттеніп балауыздануы фазаларының басталуы кезіне сәйкес келеді. Бақылаушы егістіктің диагоналы бойынша жүріп өтеді, 200 масақты (20 орында 10 масақтан) қарайды, оны матадан жасалынған қалтаға салып этикетка салынады, аузын байлап зертханаға алып барады. Қалталарды желдетіп тұратын жайға іліп қояды. Масақтың сараптамасын кепкеннен соң 2 күннен кейін кейін тексереді және 100 масақтағы жұлдызқұрт санын анықтайды. Содан соң масақтарды қалталарға этикеткамен қоса салып аузын байлап қайтадан 1-2 күнге кептіруге іліп қояды, соңынан қайтадан масақтарды қағып ондағы жұлдызқұрттарға есептеу жүргізеді. Екінші қағу кезінде анықталған жұлдызқұрттардың санын бірінші қағылғанға қосып есептейді (17 форма). 100 масақтағы жұлдызқұрттар санын келесідегідей анықтайды. Мысалы егістіктен 228 масақ кесіліп алынған, оларды қағу барысында барлығы 57 жұлдызқұрт анықталды. 100 масақтағы жұлдызқұрт саны 25 дананы құрады (57 х 100 : 228 = 25).
Егістікті өңдеуге жатқызу ондағы жұлдызқұрттар саны ауа райы жағдайы және егістікті пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі.
Тауарлық құны бар күздік бидай егітіктерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ЭЗШ – салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрт, қалыпты ауа райында 20-дан жоғары және құрғақ ауа райы жағдайында 30-дан жоғарыны құрайды.
Өсімдік қорғау іс шараларын жоспарлау. Ағымдағы қорғау іс шаралары күзгі тексеру нәтижеселеріне байланысты жоспарланады. Бір жылға болжам жасау кезінде дәннің сұр көбелегінің даму популяциясы, жұлдызқұрттарының қыстау алдындағы дене салмағы, саны, физиологиялық жағдайы және табиғи жауларымен зақымдалу дәрежесі ескеріліп жасалынады. Қысқы кезеңде диапаузаға кеткен популяцияның өміршеңдігі олардың салмағына байланысты: егер жұлдызқұрттың салмағы 200 мг кем – 10% -дан төмен, жұлдызқұрттың салмағы 300 мг-ға дейін – 50-60%-дан төмен. Жұлдызқұрттардың салмағы 300 мг болғанда олар жақсы қыстап шығады, келесі жылдың жаз мерзімінде көбелектердің өсімталдығы 500-1200 жұлдызқұртқа дейін жетеді. Жұлдызқұрттарының табиғи жауларымен жоғары зақымдалуы олардың популяциясының төмен жағдайда екендігін растайды, сондықтан 70-80%-дан жоғары гранулезбен зақымданған жағдайда, келесі жылы осындай егістіктерде жоспарланған химиялық өңдеуді жүргізу қажет емес.
Күзгі бақылау нәтижесі бойынша жоспарланған күресу іс шараларының критериі – егістіктерде дәннің сұр көбелегі популяциясының тығыздық көрсеткіштері 1 м2 –та 3 дана өміршең жұлдызқұрт, салмағы 1 м2 300 мг-нан жоғары болған жағдайда, бұл алқаптарда жұлдызқұрттардың жаңа ұрпақтарына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.
Жасалынған болжам көктемде нақтыланады. Өңдеу іс шараларының жоспарлау критериі – көктемгі бақылау нәтижесі бойынша 1 м2 2 жұлдызқұрттан жоғары. Жоспар дәннің сұр көбелегінің ұшу және жұмыртқа салуы нәтижесі бойынша қайта қаралады.
Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
(Apamea sordens Hfn.)
Дәннің сұр көбелегіне қарағанда кем таралады. Дәннің кәдімгі көбелегінің барлық даму стадиясының сырт келбеті дәннің сұр көбелегіне ұқсайды. Ерекше белгілері келесідей: дәннің кәдімгі көбелегінің алдыңғы қанатының негізінде қара ұзынша сызықша болады. Дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының табанында жалған аяқтарында 13-24 ілгіштері, қара-қоңыр қалқаншаларда қылшықтары болса, ал дәннің кәдімгі көбелегі жұлдызқұрттарында жалған аяқтарында 11 ілгіштер болады, ал білінер-білінбес тегіс қалқаншаларда қылшықтары орналасқан.
Дәннің кәдімгі көбелегі гигрофильді және дәннің сұр көбелегіне қарағанда жылы сүйгіштігі төмен. Олардың саны дала зонасынан орманды даласына қарай ұлғаяды, ал дәннің сұр көбелегіның санының өсуі кері бағытта болады. Дәннің сұр көбелегіне циклдік жаппай көбеюі қасиеті жоғары. Екі түрдің де өмір сүру қабілеті ұқсас.
Дәннің кәдімгі көбелегі жұмыртқасын масақтың сыртқы бөлігіне салады, ол құрғақ ауа райы жағдайында олардың өміршеңдігін төмендетеді.
Көбелегінің қанат өрісі 32-40 мм, алдыңғы қанаттары сұр-қоңырқай түсті. Қанаттарының байланысқан жері жұқа, қара-қоңыр, үзік-үзік болады. Астыңғы шеткі сызықтары иір-иір, ашық түсті, өте нашар көрінеді. Шеткі сызықтары қара дақтармен таңбаланған. Бүйрек тәрізді және дөңгелек дақтары үлкен, айналасы түспен салыстырғанда ашықтау , қара-қоңыр түспен қоршалған, бүйрек тәрізді дақтар қара ядросымен және сыртында ақ қысқа сызықша болады. Сүйір дақтар нашар білінеді. Қанатының негізгі бөлігінде қара, сәл толқынды сызықша болады. Талшықтарының астыңғы бөлігінде қара ұсақ сызықшалар, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда ақшыл түсті.
Жұмыртқалары ақшыл - сары, диаметрі 0,48-0,52 мм, 34-36 тегіс радиалды қабырғалары болады.
Жұлдызқұрттары бурыл-қоңыр суреті бар коңыр-сұр түсті. Дорсалды жолағы сұр-сарғыш, субдорсалды жолағы – нашар, ақшыл. Дорсалды және субдорсалды жерлерінде майда қоңырқай сызықшалары бар. Таңба астындағы жолақ үлкен, сарғыш, денесінің құрсақ бетінің түсі сияқты. Басы қара-сарғыш, бурыл түсті сурет салынған. Жас жұлдызқұрттарының түсі бидай дәнінің түсіне жақын. Тыныс алу жүйесі қоңыр қара түсті дөңгелекшемен. Ересек жұлдызқұрттарының денесінің ұзындығы 24-36 мм.
Қуыршағы сарғылт-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті. Денесінің ұзындығы 15-20 мм. Кремастері 2 берік майысқан тікенектен және 4 қылшықтан тұрады.
Бидай, қара бидай, арпа, жүгері дақылдарын зақымдайды.