Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары

Табиғи ресурстар - өндіргіш күштердің дамуы деңгейінде шаруашылықта қолданылып жүрген немесе қолданылатын табиғат құрауыштары.

Табиғи ресурстарға жатады:

минералды ресурстар

жер, су, орман ресурстары

әлемдік мұхиттың ресурстары

Шаруашылық қолданылуына байланысты:

өнеркісптік өндірістің ресурстары

ауылшаруашылық өндірісінің ресурстары.

Мемлекеттер арасындағы табиғи ресурстардың бөлінуі:

Әлемдегі елдер табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуінің сипаты мен деңгейі бойынша түрлі дәрежеде орналасқан. Қазіргі таңда ешқандай мемлекет қазіргі экономикасы үшін қажетті минералды ресурстардың түрлерімен толық қамтылмаған және олардың импортынан бас тарта алмайды. Тек бірнеше мемлекет қана барлық белгілі табиғи ресурстарға ие. Олардың қатарында – Ресей, АҚШ, Қытай, Канада. Дамыған елдер минералды ресурстардың шамамен 40%-на ие бола отыра осы ресурстардың 70%-зын тұтынады. Жетіспейтін ресурстар, көбінесе, дамушы елдерден жеткізіледі. Осыған байланысты үлкен шикізаттық ағымдар оларды өңдейтін 3 негізгі орталыққа жылжыйды: Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға.

Қазіргі экономиканың дамуындағы табиғи ресурстардың ролі

Әлемдік экономиканың табиғи ресурстарға деген қажеттілігі үнемі өсіп отырады. Шикізаттық ресурстардың әлемдік өндірісі мен тұтынылуының абсолютті өсуіне ҒТП-тің дамуына байланысты дайын өнімнің материалды- және энергосыйымдылығының кему үрдісі кедергі болады. Ол ұлттық табыс пен өнеркәсіптік өндірісінің бірлігіне келетін шикізат пен энергия шығындарының салыстырмалы кемуіне әкеледі. Әлемдік экономиканың табиғи ресурстарға деген қажеттілігі үнемі өсіп отырады.Табиғи ресурстардың көлемі, олардың қорларының құрылымы, сапасы, зерттелу деңгейі мен шаруашылық игерудің бағыттары елдің экономикалық әлеуетіне тікелей әсерін тигізеді және көп жағдайларда оның әлемдік шаруашылықтағы орныны анықтайды. Сонымен қатар, табиғи ресурстар экономиканың дамуының қажетті (дегенмен міндетті емес) шарты болып табылады. ҒТП-тің жетістігі табиғи ресурстық фактордың дамыған елдер экономикасына әсерін әлсіздендіреді (орын ауыстырушылар, синтетикалық материалдар енгізіледі, ресурстарды сақтау технологиялар дамиды және с.с.). Соңғы онжылдықтарда қажетті пайдалы қазбалары жоқ (Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур) елдер жылдам дамыды.

18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер

Минералды қорлар дегеніміз әр мемлекеттегі геологиялық көрсеткіштермен бағаланатын жер қойнауындағы пайдалы қазбалары.

Минералды қорлардың негізгі түрлері:

  • Жанатын отын-энергия қоры – көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;

  • Рудалы пайдалы қазбалар – қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б.

  • Рудасыз пайдалы қазбалар – химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б.

Дамыған елдер минералды ресурстардың шамамен 40%-на ие бола отыра осы ресурстардың 70%-зын тұтынады. Жетіспейтін ресурстар, көбінесе, дамушы елдерден жеткізіледі. Осыған байланысты үлкен шикізаттық ағымдар оларды өңдейтін 3 негізгі орталыққа жылжыйды: Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға.

Көп жағдайда табиғи-шикізаттық ресурстарды минералды ресурстармен (пайдалы қазбалар – көмір, мұнай, табиғи газ, металл рудасы, бейметалл шикізаты – фосфат, калий тұзы, асбест, т.б.) байланыстырады. Әлемде пайдалы қазбалардың 200 ден астам түрі бар.

Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемдік минералды отынның жалпы геологиялық қоры шартты отынның 12,5 трлн.т артады. Қазіргі жағдайда тұтынылатын табиғи ресурстардың балансында минералды ресурстар үлесі 80% құрады. Бұл қорлар 1000 жылға дейін жетеді деп бағалануда. Бұл қорлардың құрамы көмір 60% ға дейін, мұнай мен газ 27%ға жуық, және де тақтатастардың (сланцев) пен торфа жертезек(торфа).

Қазіргі кезде шаруашылықта минералды шикізат пен отын қорларының 200 түрлері қолданылады. Олардың көптеп кездесетін классификациясы қорлардың техникалық өндірілуінен бөлінетін металдық, техникалық ресурстар мен құрылыс материалдарына байланысты. Сонымен қатар, генетикалық классификация қолданылды,оның негізінде қорлардың өмір ұзақтығы мен пайда болу ерекшелігі: яғни полезойлық, мезозойлық және кайнозойлық геологиялық кезеңдер қорлары туралы қарастырылған. Қазіргі кезде әлемдік минералды шикізат пен отын қорларын бағалау және Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің сессияында, геологиялық және басқа да конгресстерде қайта бағалап отырады.

Батыстың дамыған елдері минералды ресурстық қорлардың тек 40%-на ие және олармен өздерін толық қамтамасыз ете алмайды. Өздерінің қажеттілігінің негізгі бөлігін Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен жеткізілетін шикізат арқылы қамтамасыз етеді. Өнеркәсібі дамыған елдер минералды отынды емес шикізаттың 60%-ын, мұнайдың 58%-ын және табиғи газдың 50%-на жуығын тұтынады.

Әлемде отын қорларына үлкен көңіл бөлді. Оны екі катогорияға бөлді жалпы геологиялық және нақты дәлелденген (разведанных) ресурстар.

1990-жж. аяғында бұл қорларды бағалау бойынша, бірінші және екінші орынды СНГ аймақтары және азиялық-австралиялық аймақтар өзара бөлісті. Үшінші орын солтүстік Америкасы болды, ал бұдан кейін Таяу және Орта Шығыс, Европа, Африка және Латын Америка болды. Сонымен қатар, аймақтар отын қорларының құрылымы бойынша ерекшеленеді. Әлемде көмір ресурстары 83 мемлекетте бар. Олардың ең ірілері АҚШ(445 млрд т), Қытай(272), Ресей(200), ОАР(130), Германия(100), Австралия(90),Ұлыбритания(50), Канада(50), Үндістан(29) және Польша(25 млрд.т). Әлемде осы көмір ресурстары отын ресурстарының арасында ең көп тараған түрі.

Мұнай қорлары әлемде 102 мемлекеттерде бар.Ал мұнай қорлары бойынша (2007жыл,%) Сауд Арабиясы-25,4%, Ирак-11%, Кувейт-9,3%, Иран-9,1%, Венесуела-6,8%, Ресей-4,8%, Қытай-2,4%, АҚШ-2,4%.

Табиғи газ әлемде отын ресурсының ең көп қолданылатын түрі. Ең үлкен табиғи газ қорлары бар елдерге Ресей(39,2%), Батыс Азия(32%), Солтүстік Африка(6,9%), Латын Америкасы(5,1%), Солтүстік Америка(4,9%), Батыс Еуропа(3,8%).

Бағалаулар бойынша әлемде минералды шикізат түрі темір рудасы 600 млрд.т бар, оның 260 млрд.т өндіріледі. Әлемде ең көп темір рудалары Бразилия, Австралия, Канада, Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Швеция мемлекеттерінде орналасқан. Геологтардың бағалауы бойынша бұл шикізат 250 жылға жетеді деп есептейді.

Минералды шикізаттардың тағы бір әлемде көп таралған түрі боксит. Қазіргі таңда, бокситтің жалпы қоры 50 млрд.т, оның ішінде өндірілетіні 20 млрд.т. Боксит қоры көп кездесетін мемлекеттерге Австралия, Гвинея, Бразилия, Венесуела және Ямайка. Бокситті жылыны 80 млн.т өндіреді, геологтардың бағалауы бойынша 250 жылға жетеді.

Уран әлемде ең көп тараған минералды ресурстардың бірі. Әлемде 44 мемелекеттте орналасқан. Уран қоры бойынша Австралия бірінші орын алады. кейінгі орындарда Қазақстан, Канада. Осы үш мемлекеттердің жалпы уран қорының жартысын алады. Содан кейінгі орындарды ОАР, Бразилия, Намибия, Ресей, Өзбекстан, АҚШ және Нигер.