Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері

Тарихи тұрғыдан әлемдік шаруашылық ХІХ ғ. аяғында – ХХ ғ. басында дүние жүзі халықтарының басым кӛпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.

Оның қалыптасуы халықарылық сауданың жедел дамуымен, елдердің арасында капиталдар мен жұмыс күшінің халықарылық қозғалысының пайда болуымен байланысты.

Сондықтан, әлемдік шаруашылық тауарлардың халықаралық саудасың ғана емес, сонымен қатар өндіріс факторлардың қозғалысын да қамтыды.

Әлемдік экономиканың эволюциялық процесінде бірнеше кезеңдер анықталады:

1-ші кезең: ХХ ғ. 10-50 жылдарды қамтиды,яғни бұл кезең Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1950жылдарды қамтиды. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы дағдарыс құбылыстар кезеңі болып табылады. Тек 1920 жылдар мен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта әлемдік экономика жағдайы қалпына келе бастады, яғни осы аралықта әлемдік сауда көлемі 40 жыл өткеннен кейін ғана 1913 жылғы деңгейіне жетті, ал өндіріс факторлары - одан да кеш. 1913 жылы Ресей империясының тауар экспортының көлемі 1млрд долл, ал АҚШ-тың- 2,6 млрд долларды құраса, 1928 жылғы көреткіш Ресейде тауар экспорты көлемі- 0,7млн долл болса, АҚШ-та- 5,8 млн долларды құрады, яғни бұл көрсеткіштер әлемнің сол кездегі 2 державасындағы дағдарысты көрсетеді. Тек 50-жылдары ғана 1913 жылғы көрсеткіштер деңгейіне әлем экономикасы деңгейі көтеріледі.

 2-ші кезең. ХХ ғ. 50-70 жж. ӘЭ-ның жылдам өсу мен даму кезеңі. Бұл кезде әлемде интеграциялық топтасулар пайда бола бастады (ЕО,ЭКК(СЭВ)) және трансұлттану процессі қарқынды дамыды,осы процестің салдарынан мемлекеттер арасында білім , кәсіпкерлік қабілеттілік және кәсіпкерлік капиталдың қарқынды араласуы көрініс тапты, әлемдік несие капиталының қалпына келуі және сол кезде әлемдік шаруашылықта социалисттік және дамушы мемлекеттердің ерекше орнына үміттенді.

 3-ші кезең. ХХ ғ. 80-ші жылдарынан осы күнге дейін. Әлемдегі елдердің өзара әрекеттесу мен тәуелділігінің күшеюі, экономиканың жаһандануы.Бұл кезең дамыған мемлекеттер үшін постиндустриализацияға өту кезең есебінде және көптеген артта қалушы мемлекеттер үшін- экономикасының қалуын белсенді түрде көтеру есебінде, ал бұрынғы социалистік елдер үшін- нарықтық экономика аясына қайтып келу есебінде, ал барлық мемлекеттер үшін- шаруашылық өмірдің жаһандануы, аймақтануы және интеграциялануы, трансұлтану мен ырықсызданудың өсуі және қаржы секторы мәнінің қажеттілігінің артуымен сипатталады.

4. Өндірістің интерұлттануының мәні, пайда болу мен даму факторлары. Өндірістің интерұлттануы— бұл өндірістің халықаралық қоғамдастырылуы, яғни өндірістің халықаралық деңгейде интерұлттануы. Әр түрлі елдердегі өндірістік байланыстарды орнату үдерісі, онда бір елдің өндірісі әлемдік өндіріс үдерісінің бөлігіне айналады. Сонымен қатар өндірістік күштердің ұлттық шекарадан шығуы, әлемдік экономика субъектілері арасында тұрақты экономикалық байланыс орнату болып табылады. Өндірістің интерұлттануының факторларына: ғылыми-техникалық үдеріс, ұлттық табиғи ресурстардың тапшылығы, ұлттық нарықта бәсекелестіктің күшейе түсуі, транспорттық тасымал, кедендік салықтар мен баждарды қысқарту, шетелдің өндірістік, ақпараттық және басқа да инфрақұрылымдарын қолдану болып табылады. Өндірістің интерұлттануының этаптары: әлемдік сауда (15 ғ.- 19 ғ. басы), шетел инвестициялары (19 ғ. соңы –20 ғ. басы), өндірістік интеграция (20 ғ. ортасынан) – бұл әр түрлі елдердің өндірістік үдерістерінің өзара араласы үдерісі. Өндірістің интерұлттану формаларына: халықаралық еңбек бөлінісі, (халықаралық мамандандыру мен кооперациялау); өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы; халықаралық инфрақұрылымның құрылуы, өндірістің трансұлттнауы (халықаралық өндірістің дамуы). Әлем елдері ұзақ жылдар бойы өндірісті қоғамдастыру негізінде экономикалық ынтымақтастықты дамытты. Тек XX ғ. ортасында ғана өндірістің интерұлттануы сферасында жаңа үрдістер пайда бола бастады. Бұл кезеңде көптеген елдер жаңа өндірісті халықаралық қоғамдастыру кезеңіне өтті, ол интеграциялық этап деген атқа ие болды. Ұлттық өндірістің тиімділігін арттыру долын іздеуде, бірқатар Батыс Еуропа елдері Еуропалық экономикалық қауымдастық құрды. 1957 ж қаңтарында ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург Рим келісіміне қол қойды, бұл келісімге сәйкес аталған елдер арсында кедендік салықтар төмендей бастады, капитал мен жұмыс күшін тасымалының шарттары қарастырылды. Өндірістің интерұлттануы дамыған өндірістік капитализм дәуірінде пайда болды және империализм дәуірінде дами түсті. Әсіресе интенсивті сипатқа ғылыми-техникалық революция әсерінен ие болды. Бірінші этапта өндірістің интерұлттануы салааралық халықаралық мамандандыру сияқты дамыды. Ал өндірістің интерұлттануының ары қарай тереңдей түсуі салаішілік мамандандырудың түрлі формаларының пайда болуымен байланысты: мысалы АҚШ, Великобритании, ФРГ, Японии елдерінің өндірістерінің мамандануы, әр түрлі елдердің кәсіпорындарының технологиялық мамандануы, әр түрлі елдер заводтарының бөлшектері бойынша мамандануы. Өндірістің инетрұлттануы капитализм шарттарына сәйкес капитал интерұлттануының негізі болып табылады. Өндірістің интерұлттануы өндіріс, транспорт, байланыс, халықаралық сауда және қаржы салалары бойынша халықаралық экономикалық ұйымдарда да көрініс табады. Социализм кезінде өндірістің интерұлттануының дамуы халықаралық әлеуметтік еңбек бөлінісін құру үдерісі кезінде жүзеге асырылды. Социализм кезінде өндірістің интерұлттануы елдер арасындағы ынтымақтастықтың әр түрлі формасында болды: түрлі өндіірс объектілерін бірлесіп жасау, халықаралық транспорт магистралдары құрылысы. Социалисттік елдерде халықаралық өндірістік ұйымдардың пайда болуы социалисттік елдердің шаруашылығының интерұлттануына ықпал етті. М: Интерметалл, Интрансмаш. Өндірістің интерұлттануының дамуы қазіргі таңда қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторына айналды.