- •1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
- •2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
- •3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері
- •5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
- •6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
- •7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері
- •8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері
- •9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері
- •10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары
- •11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)
- •12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
- •13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
- •15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы
- •16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі
- •17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары
- •18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер
- •19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
- •20) Әлемнің су ресурстары: қорларын бағалау, елдер арасында бөлінуі, әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •21. Әлемнің орман ресурстары: қорларын бағалау және әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.
- •23.Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері
- •25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.
- •26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
- •27. Елдердің ресми алтын резервтік қорлары: маңызы, мақсаттары мен көлемдері
- •28. Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі
- •30) Әлемнің ғылыми ресурстары. Жеке елдердің ғылыми ресурстарын сипаттайтың негізгі көрсеткіштері
- •31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары
- •32. Қуып жету дамудың моделдері және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуы
- •33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері
- •35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары
- •36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері
- •37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері
- •38. Еуропалық одаққа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу мен дамуы, елдер саны мен құрамы, әлемдік экономикадағы рӛлі). Ео қазіргі кездегі даму мәселелері неде?
- •39.Nafta (нафта)-ға сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •40) Asean (асеан) және apec (атэс) сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •Құрылымы
- •41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)
- •42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
- •43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
- •45. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
- •46. Әлемдік экономикадағы брикс елдері: түсінігі, даму ерекшеліктері, әлемдік экономикадағы орны
- •47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны
- •48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері
- •49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері
- •50) Әлемнің ең кедей елдері және олардың артта қалуының негізгі себептері
- •51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
- •52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
- •53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
- •55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны
- •56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері
- •1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
- •2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •57. Әлемнің экологиялық мәселелері. Экономиканың тұрақты дамудың концепциясы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары
- •58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары
- •59.Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі: жалпы жағдайы мен аймақтық-экономикалық аспекті
- •60) Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу жолдары. Fao (атаӛұ/фао) негізгі мақсаттары
2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
-Демографиялық мәселе;
-Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;
-Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;
-Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;
3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
-Экологиялық;
-Шикізаттық;
-Энергетикалық;
-Ауа райы және т.б. мәселелер.
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастар-ды реформалау. Алғашқысы экология- лық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарттар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қа- уымдастықты әділ демократиялық негізде реформалауды көздейді.
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі.
Ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объетивті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Әлемге наркотик өнімдерінің қомақты бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің «солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Көршілес Өзбекстанда 2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған.
Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық.
Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі акторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді акторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекет блоктары, интеграциялық топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар өздерінің мақсаттары мен тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне ат салысады.
