Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары

Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:

Факторлық шарттар;

Сұраныс шарттары;

Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;

Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.

Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады.

Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.

Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.

Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр:

Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап, сыртқа бағытталу;

Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және импортты отандық өніммен алмастыру;

Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру).

Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу пікір-талас жүріп келеді.

36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index), бұл – ғаламдық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады. Жалпыға бірдей қолжетімді статистикалық мәліметтерге және компаниялар басшыларының жаһандық сауалнама нәтижелеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесімен есептелінеді. Зерттеулерге екі индекс алынып, солардың негізінде ел рейтингісі жасалады. Олар: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин (Xavier Sala-i-Martin, Columbia University) жасаған және 2004 жылы тұңғыш рет жарияланған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі елдердің бәсекеге қабілеттілігін ортақ бағалаудың негізгі құралы болып табылады. Сөйтіп, 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл зерттеулер қазіргі күні әлемнің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейтін бірден-бір басты құрал деп айтуға болады. Давос форумы өкілдерінің айтуынша, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігі көптеген және алуан түрлі факторлармен анықталады. Мәселен, мемлекет қаржысын тиімсіз басқару мен инфляцияның жоғары деңгейі экономика жағдайына кері ықпал етсе, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, дамыған сот жүйесі және басқа да шаралардың оң әсер етуі мүмкін. Институттық факторлармен бірге, білім беру және жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, жаңа білімдер мен технологияларға тұрақты қолжетімділіктің болуы да шешуші рөл атқарады.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде тұрған әлем елдерінің бәсекегеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 113 ауыспалыдан тұрады. Ауыспалылар жиынтығының үштен екісі компаниялар басшылары арасында жүргізілген жаһандық сауалнамалардан (зерттелген елдердегі бизнес ахуалға әсер ететін факторлардың кең ауқымын қамту үшін), үштен бірі жалпыға бірдей қолжетімді көздерден (халықаралық ұйымдар тұрақты негізде жүзеге асыратын статистикалық мәліметтер мен зерттеулер нәтижелері) тұрады. Барлық ауыспалылар ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштерінде біріктірілген. Олар:

1. Институттар сапасы.

2. Инфрақұрылым.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

4. Денсаулық және бастауыш білім беру.

5. Жоғары білім және кәсіптік даярлық.

6. Тауарлар мен қызметтер рыногының тиімділігі.

7. Еңбек рыногының тиімділігі.

8. Қаржы рыногының әртүрлілігі.

9. Технологиялық даму деңгейі.

10. Ішкі рыноктың мөлшері.

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

12. Инновациялық әлеует.

Айта кетерлігі, аталған бірде-бір фактор экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жеке-дара қамтамасыз ете алмайды. Макроэкономикалық ортаны жақсартуға талпыну, мәселен, мемлекеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына бақылауды оңтайландыру қаржыны басқару жүйесі ашық болып, сыбайлас жемқорлық пен кең ауқымды бұрмалаушылықтар орын алмайтын жағдайда ғана сәтті болмақ. Кәсіпкерлер ықтимал табыстар қажет болған инвестициялардан асып түскен жағдайларда ғана жаңа технологияларды енгізетін болады. Осылайша, Бүкіләлемдік экономикалық форумның қорытындыларына сәйкес жан-жақты саясат жүргізе алатын, жоғарыда аталған бақылау көрсеткіштері және олардың арасындағы факторлар мен өзара байланыстардың барша амалын ескеретін елдердің ғана экономикалары неғұрлым бәсекеге қабілетті бола алады. 2011ж жаһандық жарыстың көш басында Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Финляндия және Швеция орналасқан. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сараланған әлем елдерінің бұл сапында Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасынан өз алдына Эстония (34 орын), Литва (45 орын) және Әзербайжанды (46 орын) салып, төртінші орында тұр. Бұл сапта КСРО-ның қалған елдері төмендегіше орналасқан: Ресей Федерациясы – 67, Украина – 73, Грузия – 77, Армения – 82, Молдова – 87, Тәжікстан – 100 және Қырғызстан 127-орында. Давос форумының бұл рейтингінде Беларусь және Өзбекстан жоқ. Қазақстанның позициясы барлық факторлар бойынша жақсарды. «Институттар», «Макроэкономика», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауар рыногының тиімділігі», «Қаржы рыногының дамуы», «Технологиялық дайындық деңгейі», «Бизнестің дамуы», «Инновациялар». Қазақстанның мемлекеттік борышы төмен деңгейлі макроэкономикалық тұрақтылық факторы бойынша да позициясы бұрынғыша мықты.