Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.

Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.

Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.

Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.

Әлем елдері типологиясының критериилері:

  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

  • Экономиканың салалық құрылымы;

  • ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

  • Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары - 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін - 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз - 2010 ж.)

БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:

өнеркәсiбi дамыған

дамушы

өтпелi экономикалы елдер

Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.

Дамушы елдердің сипаттамасы:

  • Экономикалық және әлеуметтік дамудың төмен қарқыны;

  • Әлсіз ұлттық жеке капитал;

  • Экономикадағы мемлекттік сектор рөлінің жоғарылығы;

  • Өндірістік дамыған елдерден ғылыми-техникалық тәуелділік;

  • Қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар.

13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы

Бүкіләлемдік банк әлемнің елдерін жылсайын есептеп отыратын жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жіктейді және барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

1. Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер - 12276 АҚШ долл. және одан жоғары;

2. Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер – 3976 - 12275 АҚШ долл.

3. Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер - 1005 АҚШ долл.

Қазақстанды 2011 ж. нәтижесі бойынша Бүкіләлемдік банк табыстары орташадан жоғары елдер қатарына қосты – 8220 долл.

ЖҰТ-тың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша 2009 ж. әлемнің 213 елдерінің арасында алдынғы орындарда Монако (183150 долл.), Лихтенштейн (137070 долл.), Норвегия (88890 долл.) елдері орналасты, ал ең төмен көрсеткіштер Сьерра-Леоне (340 долл.), Бурунди (250 долл.), Либерия (240 долл.) және Конго Демократиялық Республикасы (190 долл.) елдерінде болды.

ЖҰТ/ ЖІӨ-ның жан басына шаққандағы көлемі жайлы деректерде елдердің технологиялық даму дәрежесі, оның экономикасы құрылымының күрделігі, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы көрсетілмейтінің ескеру қажет.

Әлемдегі елдердің даму деңгейін ЖҰӨ/ЖҰӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi арқылы салыстыру үшін оның мөлшері АҚШ долларымен екі өлшеммен есептеледі:

  • айырбас (валюта) бағамы арқылы;

  • сатып алу қаблеттілігі паритеті (СҚП) бойынша.

Ағымдағы валюта бағамы бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі жеке елдер мен аймақтардың нақты өлшемдерін анықтай алмайды. Оның себебі – валюта бағамдары негізінде елдің сыртқысаудалық жағдайларын бейнелеп көрсетеді (сыртқы сауданың қалыпына байланысты валютаға сұраныс пен ұсынысты).

Белгілі бір елдің ЖІӨ-ін нақтырақ бағалау мақсатында валюталардың сатып алу қабілетінің паритеті қолданылады. СҚП әртүрлі елдердегі тауарлар мен қызметтердің бағаларының айырмашылықтарын ескереді және сатып алу қабілеттілігі бойынша ұлттық валюталардың арасындағы арақатынасын көрсетеді. Ол ұлттық валюталардың айырбас бағамдарымен мүлде үйлеспейді.

СҚП АҚШ-да сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас жиынтығын сатып алуға қажетті ұлттық валюталар бірлігінің санын көрсетеді, яғни осы жиынтық зерттеліп отыратын елдің ұлттық валютасымен және АҚШ долларымен есептелгенде қанша тұратынын анықтайды. Басқа сөзбен айтсақ, бұл ұлттық валюта бірліктерінің белгілі бір саны, оған АҚШ-та 1 долларға тауарлар мен қызметтердің ұқсас өкілдік себетін сатып алуға болады.

СҚП бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі валюта бағамы бойынша ЖІӨ-нен едәуір ерекшеленеді (20-40%-ға дейін), өйткені бірынғай тауарлар мен қызметтердің бағалары әр елде бір-бірінен елеулі өзгешеленеді. Әдеттегідей, жалпы алғанда дамыған елдерде бағалардың деңгейі жоғары, ал дамушы елдерде – төмен болады.

Сонымен бірге, ЖІӨ-нің көлемін айырбас валюта бағамы арқылы есептегенде кейбір елдерде валюта бағамдары бірқатар дамыған елдерде аса көтерілгенді (мысалы Жапонияда), ал басқа елдерде, керсінше, төмендетілгенді (мысалы Қытай мен Ұндістанда) ескеру қажет.

14. Елдер арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алшақтықтың негізгі көрсеткіштері. Елдер арасында даму деңгейлеріндегі алшақтықтың азаюы/ұлғаюы. Әлем әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан біржақты емес. Әр түрлі елдердегі эконмикалық даму көрсеткіштерінің алуан түрлі болғандықтан экономикалық даму деңгейін бір көзқараста қарауға болмайды. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың даму кезеңі негізгі көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. Ең қарапайым түрі –ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне байланысты бөлу. Әлем елдерінің ЖІӨ жиынтық көлемі 2012 ж бойынша сатып алу қабілеті паритеті бойынша алғашқы ондық: Катар, Лихтенштен, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней, АҚШ, ОАЭ, Швейцария, Канада, Австралия. Сатып алу паритететі қабілеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілген елдер мен территорияларға: Люксембург, Катар, Норвегия, Бруней, Кувейт, США, Сингапур.әлемнің ең кедей елдері Африкада орналасқан, оларға Бурунди, Центрально-Африканская Республика, Демократическая республика Конго, Эфиопия, Гамбия, Гвинея-Биссау, Либерия, Малави, Нигер, Зимбабве, Мозамбик. Аталған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 250-ден 750 долл./адам. құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 48 орында, Қазақстан 60 орында. ТМД ең кедей елі Тәджікістан болып табылады -155 орында. Әлемнің дамушы елдері арасында соңғы онжылдықтарда Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдерінің жетекшілігі айқындалды. Соңғы екі онжылдықта ОША елдері арасында экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын Қытай көрсете алды. Болашақта әлемнің экономикалық орталығы Шығыс Азия және ОША (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тұтастай ОША-ның ЖИЕ-рі) болуы мүмкін, олар қазір әлемдік ЖІӨ 30%-ды құрайды. Осы аймақтың позициясының күшеюі сондай-ақ оның потенциалды жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі көрші елдерді – Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия мен Океанияны өзіне тарту орталығы болып құрылуынан көрінеді. Бұл әлемнің макроаймағы – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) деп аталады. Экономиканың даму деңгейінің басқа да көрсеткіштеріне еңбектің өнімділігі, жан басына шаққандағы электроэнергияның жылдық шығарылымы, өнеркәсіптік өндірістегі және экспорттағы ғылымды қажет ететін өнімдер, әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бәсекегеқабілеттілігі, экономика жағдайы (ЖІӨ өсім қарқыны), ЖІӨ және жұмысбастылық құрылымы. Аталған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады. Қазіргі таңда байллар мен кедейлер расындағы табыс алшақтығы ұлғаюда. Ғылым мен технологияның дамуы, экономиканың алға шығуы тек бірқатар елдерде ғана орын алды, ол «алтын миллиард» деп аталатын жерде орын алды. Яғни, алтын миллиард ол дамыған және дамушы елдердің өмір сүру деңгейіндегі теңсіздік болып табылады. Жаһанданудың дами түсуі – теңсіздіктің артуына алып келді, ол әлеуметтік қысымды көтерді. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жаһандану шарттарында мықты державалар үлкен күшке ие болуда. Соңғы жылдары «батыс» пен «үшінші әлем» елдері арасындағы экономикалық даму деңгейі теңесуде. Бұл жаһандану салдары деп, және үшінші әлем елдерінің тұрғындарының білім деңгейінің артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар демографиялық және әлеуметтік-мәдени үдерсітерге байланысты, XX ғ. 90ж үшінші әлем елдерінің көбі білімділік деңгейі артты, бір жағынан экономикалық өсуді ынталандырды, екіншіден туудың қысқаруымен тұрғындар санының өсу қарқынын азайтты. Оыс үдерістер нәтижесінде үшінші әлем елдерінде жан басын ашаққандағы ЖІӨ көлемінің артуы орын алды және біріні әлем мен екінші әлем елдері арасындағы өмір сұру деңгейіндегі алшақтық қысқарды.