Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері

Әлемдік экономикадағы интеграция (экономикалық бірігу) -

  • түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

  • осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

  • бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы),Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердібіріктііруші ортақ нарық МЕРРКОСУР үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып ,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды.Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.

Аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһандану белгісі.

10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.

Ырықсыздану – экономикалық іс-әрекеттердің еркіндігін кеңейту, экономикалық шектеулерді алып тастау немесе қысқарту. ХХ ғасырда экономиканы мемлекеттік реттеу басым болды, бірақ соңғы он жылдықта экономиканың ырықсыздануы байқалады. Ырықсызданудың екі түрі бар: ішкі және сыртқы экономикалық ырықсыздану. Ішкіэкономикалық ырықсыздану 1980 жылдардан бастап әсіресе өтпелі экономикалы елдерде жедел дамып келеді.Трансформацияның мәні мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуінде және нарықтық реттеудің дамуы. Бұл елдердің тобында мемлекеттік реттеу азаяды. XX ғасырдың 50—60 жж сыртқыэкономикалық ырықсыздану дамыған мемлекеттерде протекционизмді ауыстыра бастады. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың барлық нысанын қамтыды: халықаралық сауда, капитал миграциясы, валюта-қаржы аясы.

Шамалы шектеу тек халықаралық жұмыс күшінің миграциясы аясында сезіледі. Дамушы мемлекеттерде және өтпелі экономикалы елдерде сыртқыэкономикалық ырықсыздану кейінірек басталды, себебі олар өзінің бәсекеге қабілетсіз салаларын қорғау мақсатында протекционисттік шараларды қолданды.

Бұл екі топта капиталды келтіру мен алып кетуге шектеу,сонымен қатар валюта-қаржы қатынастарын және жұмыс күшінің халықаралық миграциясын мемлекеттік реттеу сақталып отыр. Сыртқыэкономикалық ырықсызданумен қатар сыртқы саудада тарифтік емес шектеулер сақталуда (импортқа квота салу, антидемпингтік заңнама, рәсімдеу ережесі мен импорттық тауарларды бағалау.)

Ұлттық экономикаларда шетел капиталына жабық салалар сақталуда. Осыдан қорытынды жасасақ, тіпті дамыған елдердің сыртқы экономикалық саясатында ырықсыздану протекционизммен қатар жүреді.