Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері

ХХ ғ 90 жж әлемдік социалистік жүйе құлағаннан кейін өтпелі экономикалы елдер пайда бола бастады. Бұл топқа Орта және Шығыс Еуропаның 12 елі, 15 ел - бұрынғы советтік мемлекеттері және Монғолия, Қытай мен Вьетнам (бірақ ресми түрде соңғы екі ел социалистік болып саналады). Бұрынғы әкімшілік – әміршіл экономика жүйесінде тек Солт. Корея мен Куба қалды.

Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.

Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.

Практикада 2 экономикалық реформалардың баламасы бар:

  1. Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті

  2. Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.

Өтпелі экономикалы елдер мен дамушы елдердің мақсаттары ортақ. Ол – заманауи нарықтық экономиканы құру. Бұл қатардағы елдерге дамыған елдерді қуып жетудің ең басты амалы. Сондықтан оларды кейде «қуып жету дамуы» («догоняющего развития») немесе постсоциалистік елдер деп атайды. Бұл қатардағы кейбір елдер дамушы нарығы бар елдер қатарына қосылған (Россия, Казахстан, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Чехия, Венгрия, Польша, Хорватия, Вьетнам)

Өтпелі экономикалы елдер әлемдік экономикада аралық (промежуточное) орын алады. Бір жағынан қарағанда көптеген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша (жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, балалар өлімі, сатып алу қабілеті «өмір сүру сапасы» және т.б.) дамушы елдер арасында орындар алады. Оларда салыстырмалы түрде индустриалды дамыған немесе индустриалды – аграрлы экономикасы дамыған және ғылыми-техникалық пен адами әлеуеті айтарлықтай көп.

Өтпелі экономикалы елдер әлемдік ЖІӨ-нің 17%-н өндіреді, соның ішінде орталық және шығыс Еуропа - 3 дан артық, ТМД елдері - 4%-ға жуық, Қытай – шамамен 10%.

Өтпелі экономикалы елдер түрлері:

  1. Қазіргі ТМД-ға біріккен, бұрынғы совет елдері. Олардың кейбір елдерінде нарықтық реформалар табысты өтуде және экономикалық өсуі көрініп келеді. Ал басқа елдерде (Беларусь, Узбекистан, Туркменистан) нарықтық реформалар өте әлсіз жүруде. Кейбірінде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп, олар кедей елдер қатарына қосылуда.

  2. Орталық және Шығыс Еуропа елдері(ОШЕ), Балтық елдерімен бірге. Бұл елдер салыстырмалы түрде даму деңгейң жоғары және олардың 12 – сі ЕО – қа мүше. ОШЕ елдеріндегі кейбірі көшбасшылардан әлдеқайда артта олар: Албании, Болгарии, Румынии және бұрынғы Югославияның елдері (Македония, Сербия, Черногория, Босния и Герцеговина.

  3. Келесі топқа Қытай мен Вьетнамды жатқызуға болады.

52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы

Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) – келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның бас компаниясы орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады. Әлемдік экономикада ТҰК-тердің үлесіне әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысына жуығы тиесілі, олар шамамен әлемдік сауданың 2/3 бөлігін басқарады, ал олардың өндірістік бөлімшелерінде барлық жұмысбастылардың 10%-ы жұмыс жасайды. Инновациялық сферада ТҰК-тер әлемдегі барлық патенттердің, лицензиялар мен ноу-хаудың 4/5-ін басқарады.

ТҰК-дың келесідей негізгі сапалық сипаттары:

  • Фирма өзінің өнімдерінің көп бөлігін әлемдік нарықта жүзеге асырады;

  • Оның филиалдары мен еншілес компаниялары ұлттық экономикадан тыс орналасқан;

  • Жеке меншіктің субъектілік құрылымы әр түрлі елдердің азаматтарынан тұрады.

  • Халықаралық еңбек бөлінісінің белсенді қатысушысы және оның дамуына ықпал етеді;

  • ТҰК-ның капитал қозғалысы, корпорация орналасқан елдегі процестерге тәуелді емес;

  • Халықаралық өндірістің жүйесін қалыптастырады;

  • Өндірістің жоғары технологиялық және ғылыми салаларына терең енеді;

  • Әлемдік шаруашылықтағы негізгі өндірістік және инновациялық салмақты көтереді;

  • Өндірістің концентрация процесін және әлемдік шаруашылық шеңберіндегі капиталды күшейтеді.

БҰҰ-ның классификациясы бойынша келесідей сипаттарға ие корпорациялар ТҰК-тер деп аталады:

  • Олардың өндіруші бөлімшелері кем дегенде екі елде орналасқан;

  • Осы бөлімшелерді бір ғана орталықтан басқарады және олардың қызметтері келісілген;

  • Өндіруші бөлімшелері бір бірімен белсенді өзара қарым қатынас жасайды және жауапкершілікті бөлісіп, ресурстармен алмасады.

ТҰК-дың әлемдік экономикадағы «дуализм» жағдайындағы – капитал бойынша ұлттық, бірақ компанияның қызмет ету сипаты бойынша халықаралық. ТҰК – бизнеске халықаралық әдіспен келетін компаниялар. ТҰК-терді басқалай жаһандық фабрикалар деп атайды. Олардың санының кенеттен өсуі соғыстан кейінгі жылдардан басталады. [1969 жылы-7 мың ТҰК, 1998 жылы-63 мың ТҰК, 2005 жылы-70 мың ТҰК және 700 мың шетелдік филиалдар, 2009 жылы-82 мың ТҰК және 810 мың шетелдік филиалдар]. Бір жағынан, ТҰК орналасқан елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін анықтайды және жалпы ұлттық экономиканың дамуы соларға байланысты. Екінші жағынан, ТҰК бас компанияның стратегиясына сәйкес бірыңғай механизм ретінде қызмет атқарады. ТҰК мақсаты – жеке бөлімшелерінен ғана емес, барлық компаниялардың қызметінен пайда табу. Сонымен, әлемдік шаруашылықтағы ТҰК-ның дуализм жағдайы осыған байланысты.