Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері

Азия елдері — мұнай өндіруші елдер арасындағы әлемдік нарықты елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар аса маңызды минералды шикізаттың мол қоры, әлемдік нарықта мұнайға сұраныстың жыл сайын арта себепші болуда. Геосаяси тұрғыдан алғанда, мұнай экспорттайтын елдер әлемдегі саяси ақуалға белгілі дәрежеде өз ықпалын тигізуде. Әдетте әлемдік нарықтағы мұнай бағасының аймақтағы саяси жағдайға тікелей тәуелді болуы да осымен түсіндіріледі. Мұнайды өндіру және сыртқа сату қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру мақсатында 1960 жылы арнайы ұйым — ОПЕК құрылған, оған штаб-пәтері Вена қаласында орналасқан. ОПЕК құрамына Біріккен Араб Әмірлігі, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясынан басқа Индонезия, Африкадағы Алжир, Габон, Ливия,Нигерия, Латын Америкасындағы Венесуэла мен Эквадорда енеді. Олардың үлесіне әлемдегі (ТМД елдерін қоспағанда) мұнай экспортының 90%-ы тиесілі. Парсы шығанағының аса ірі порттарынан жөнелтілетін басты мұнай ағындары Батыс Еуропа мен Жапонияға бағытталған. Кішігірім танкерлер мұнайды Батыс Еуропа мен АҚШ-қа Суэц каналы арқылы өтіп жеткізсе, ірілері Африканы айналып жүзіп барады.

Мұнай экспорттаушы бай монархиялар Батыстың экономикасын қаржыландыруда. Қаржыландыруды өсім алу мақсатындағы қаржы салымынан бастаған бұл елдер қазіргі кезде ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен ҰАБ құрылымдарының акциларына бақылау жасау дәрежесіне жетті. Сауд Арабиясының шетелдік инвестициялар көлемі жүздеген миллиард АҚШ долларыменесептеледі. Ал Кувейт "Бритиш Петролеум", "Дженерал моторс", "Кодак", "Мицубиси", "IBM" сияқты ондаған британдық, америкалық, жапондық, канадалық компаниялардың акцияларын иемденушілердің бірі болып табылады. Иелігінде 25 танкері бар Кувейттің Батыс Еуропаның бір қатар елдерінде ірі мұнай өңдеу зауыттары, жүздеген жанармай құю станцияларыорналасқан. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м.кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Сонымен бірге соңғы уақыттарда егін шаруашылығында заманауи әдістер кең қолданылып, елеулі өзгерістерге қол жеткізілген. Егін мен мал шаруашылығынан түскен табыстың ұлттық табыстағы үлесі 1%. Халық пайдаланатын ауыз су теңіз суын тазарту арқылы алынады. Энергоқорлар нарығы экономикада үлкен рөл атқарады.Бүкіл әлемде мұнай монополиялары барынша мұнайды көп өндіруге ұмтылады. Бүкіл әлемде өндірілетін мұнайды көп бөлігі дамыған елдер мен Таяу және Орта Шығыс елдерінің үлесіне тиеді. Олар мұнайды әлемдік нарыққа экспорттаушылардың маңызды рөлін атқарады. Таяу Шығыс мұнайын Батыс Европа, АҚШ, Жапония елдерінде қолданылады, өйткені осы елдерде мұнайды қайта өңдеудің негізгі кәсіпорындары шоғырланған. Өндірістің бұл саласы бойынша біздің еліміздегі жұмыс барысы қалай қойылғандығын біз осы жұмысымыз бойынша көз жеткізуге тырысамыз. Соңғы кезде материалды- заттың өндіріс пен жағармай- энергетикалық кешенін көрсететін экономикалық «дәстүрлі салалары » өзінің экономикалық ,ал бұдан келе саяси мәнін жоғалтып алды деген дәйек кең етек жая бастады. Мұның аргументі болып қазіргі таңда постиндустриалды әлемге жатқызылатын әлемнің жетекші ел топтарының экономикасындағы салалы құрылымдық өзгерістері табылады. Өткен ғасырдың ортасынан бастап бұл елдердің ВВП- дағы материалды- заттық секторының пайыздық үлесі қызмет көрсету мен информатика саласында анағұрлым төмендеген деген болатын.