
- •1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
- •2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
- •3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері
- •5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
- •6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
- •7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері
- •8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері
- •9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері
- •10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары
- •11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)
- •12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
- •13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
- •15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы
- •16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі
- •17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары
- •18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер
- •19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
- •20) Әлемнің су ресурстары: қорларын бағалау, елдер арасында бөлінуі, әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •21. Әлемнің орман ресурстары: қорларын бағалау және әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.
- •23.Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері
- •25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.
- •26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
- •27. Елдердің ресми алтын резервтік қорлары: маңызы, мақсаттары мен көлемдері
- •28. Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі
- •30) Әлемнің ғылыми ресурстары. Жеке елдердің ғылыми ресурстарын сипаттайтың негізгі көрсеткіштері
- •31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары
- •32. Қуып жету дамудың моделдері және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуы
- •33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері
- •35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары
- •36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері
- •37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері
- •38. Еуропалық одаққа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу мен дамуы, елдер саны мен құрамы, әлемдік экономикадағы рӛлі). Ео қазіргі кездегі даму мәселелері неде?
- •39.Nafta (нафта)-ға сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •40) Asean (асеан) және apec (атэс) сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •Құрылымы
- •41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)
- •42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
- •43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
- •45. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
- •46. Әлемдік экономикадағы брикс елдері: түсінігі, даму ерекшеліктері, әлемдік экономикадағы орны
- •47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны
- •48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері
- •49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері
- •50) Әлемнің ең кедей елдері және олардың артта қалуының негізгі себептері
- •51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
- •52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
- •53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
- •55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны
- •56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері
- •1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
- •2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •57. Әлемнің экологиялық мәселелері. Экономиканың тұрақты дамудың концепциясы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары
- •58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары
- •59.Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі: жалпы жағдайы мен аймақтық-экономикалық аспекті
- •60) Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу жолдары. Fao (атаӛұ/фао) негізгі мақсаттары
5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
Әлемдік экономика біртұтас жүйе ретінде тауарлар, қызметтер қозғалысы сонымен қатар экономикалық ресурстармен тығыз байланысады. Осының негізінде елдер арасында халықаралық экономикалық қатынастар, яғни сыртқы экономикалық, әлемдік шаруашылық байланыстар туындайды. Халықаралық экономикалық қатынастар бұл – резиденттер мен резидент еместер арасындағы арасындағы шаруашылық қатынастар. Оларды формалары бойынша жіктеуге болады. Дәстүрлі түрде жеке формаға тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы деп бөледі. Экономкалық ресурстардың ауысымы халықаралық экономикалық қатынастардың капиталдардың халықаралық қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, халықаралық біліммен алмасу сияқты формалары негізінде жатыр.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз. Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК –тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады.Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады.Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады. Сонымен Халықаралық экономикалық қатынастар – бұл мемлекеттер арасындағы, аймақтық топтар арасындағы, трансұлттық корпорациялар мен әлемдік шаруашылықтың басқа да субъектілері арсындағы экономкалық қатынастар.
6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
Әлемдік экономиканың дамуындағы қазіргі кезең үшін бірнеше тенденциялар сипатты:
1) Экономиканың постиндустриялануы;
2) Экономиканың трансұлттануы;
3) шаруашылық өмірдіің либерализациялануы;
4) Аймақтану және интеграция;
5) шаруашылық өмірдің жаһандануы;
6) Елдердің әлеуметтік экономикалық дамуындағы теңсіздіің.
Экономиканың постиндустрияландырылуы бұл автоматтандыру мен компьютірленуді ғылымды көп қажет ететін немесе жоғарғы техникалық салалардың өсуі , өндірісте және тұтынуда қызмет көрсетудің басымдылығы, білімніің басты экономикалық ресурсқа айналуы. Өрлеудің негізін ақпараттық технологиялар және инновациялар құрайды.
Экономиканың Трансұлттануы – ТҰК-р санының көптеп көбеюі және экономикалық қуаттылығының артуы. Олардың саны әсіресе ХХ ғ II жартысында көбейді. Шаруашылық өмірдің либералдануы – шаруашылық іс әрекеттің кеңеюі , яғни экономикадағы мемлекеттің рөлінің азаюы.
Либералданудың екі аспектісі бар:
Ішкі экономиканың либералдануы;
Сыртқы экономиканың либералдануы.
Сыртқы экономиканың либералдануы дегеніміз яғни Ұлттық экономиканың ашық болуы. Аймақтану және интеграция- елдің СЭБ-ң өзі және көршілес аймақтарына бағыт бағдары және елдер арасындағы интеграциялық одақтардың құрылуы. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда. Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.