Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері

Латын Америкасы – Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. Қазіргі кезде Латын Америкасының Жаңа индустриялы елдерінің қатарына Бразилия, Аргентина, Мексика елдерін жатқызуға болады. Жаңа индустриалды елдер - соңғы онжылдықтарда бір-қатар өндіріс салалары, соның ішінде өндеу саласы пайда болған, осының нәтижесінде өндіріс өнімін әлемдік нарыққа жеткізуді кеңейтіп отырған дамушы елдер тобы.

Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Бразилия – Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүниежүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны, әдетте, «тропик алыбы» деп атайды. Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. ХХ ғасырдың соңына қарай ЖІӨ көлемі жөнінен Бразилия дүниежүзіндегі алғашқы ондыққа енді, 2009 жылғы қорытындысы бойынша 9 орында. Ұлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды. Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдық ішінде аграрлық елден индустриялы-аграрлық елге айналған Бразилияда қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда елде қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары қарқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында 4 сала – болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарады. Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-дан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай кәспшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Елдегі электр энергиясының 96%-ы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана және Сан-Франциску өзендері алабының энергетикалық қоры неғұрлым толық пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка алабының қорларын пайдалану қарқынды жүруде. Электр энергиясын өндіру жөнінен Бразилия алғашқы он ел қатарына кірді. Су энергиясы мен жергілікті боксит кенін пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүниежүзінде төртінші орынға шықты. Елдің машина жасау өнеркісібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30%-дан астамын береді. Бразилия 2009 жылы 3,2 млн автомобиль шығарды, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүниежүзінде бесінші орынға шықты. Ел экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша дүниежүзінде АҚШ пен Франциядан кейін үшінші орын алады. Басты ауыл шаруашылығы дақылдары кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай, какао, мақта. Мал шаруашылығында ірі қара малдың үлесі жоғары, оның саны (192 млн бас) жөнінен Бразилия дүниежүзінде тек Үндістаннан кейнгі орында. Бразилия жерінің үштен екі бөлігіне жуығын ормандар алып жатыр, жалпы бағалы ағаш қоры жөнінен ел дүниежүзінде бірінші орын алады. Бразилия – Латын Америкасындағы экономикалық потенциалы ірі елдердің бірі. Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ұн өнімдерін, кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, боксит шығарса, мұнай, құрал-жабдықтар мен көмірді және т.б. шеттен сатып алады. Жалпы алғанда, импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы саудаға кері сальдо тән. Бразилияның басты сауда әріптестері – ЕО елдері және АҚШ, Латын Америкасы және Азия елдері. Елдің сыртқа қарызы көп болғанымен, қаржы күйзелісінен құтқару мақсатында халықаралық ұйымдар Бразилияға қомақты қаржы бөлуде.

Мексика— Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004).Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км². Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауы (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады. Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия.