Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны

Оңтүстік-шығыс А́зия — Қытай, Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан континеналды аралдар тобы. Жаңа индустриалды елдер - соңғы онжылдықтарда бір-қатар өндіріс салалары, соның ішінде өндеу саласы пайда болған, осының нәтижесінде өндіріс өнімін әлемдік нарыққа жеткізуді кеңейтіп отырған дамушы елдер тобы.

Оңтүстік Корея экономикасының негізгі бағыттары мемлекеттің алпыс жылдық тарихында қатты өзгерді. 1940 жылдары ел экономикасының негізгі тірегі — ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп болды. Келесі онжылдықтар ішінде екпін жеңіл өнеркәсіп пен жалпыхалықтық тұтыну тауарларын өндіруге қойыла бастады. Ал, өткен ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдарында ауыр өнеркәсіп ел экономикасында ерекше орын алды. 1962 жылы ел президенті Пак Чонхи алғашқы бес жылдық жоспарын жариялағаннан соңғы 30 жыл ішінде Оңтүстік Корея экономикасы өте жоғары қарқында дамыды. Бұл қарқын тек 80-ші жылдардың соңына қарай бәсеңсіді.

Дамыған елдердегідей 90-шы жылдар басында ел экономикасының негізгі тірегі қызмет көрсету саласы бола бастады. Бүгінде аталған сала ЖІӨ-нің үштен екісін құрап отыр.

Қазіргі таңда ел экономикасы алдымен электроника, тоқыма, автокөліктер секілді халықтық тұтыну тауарларына, сондай-ақ, болат өндірісі мен кеме жасау секілді ауыр өнеркәсіп секторына арқа сүйейді. Бұл салалардың өнімі экспорттың негізгі бөлігін құрайды.

Бүгінде Оңтүстік Корея ІЖӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құ­рады. 

Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасын алға сүйреп отырған локомотивтердің бірі — бұл тұтынушылық электроника тауарлары өндірісі. Аталған сала бойынша да кәрістер алдыңғы орындардың бірінде. Қазіргі таңда бұл елде де бүкіл әлемдегідей сандық технологияларға көшу үрдісі байқалады. Ал, бұл өз кезегінде сандық теледидарлар, DVD, MP3-плеерлер т.с.с. өнімдерге сұранысты арттырады. Бұл саладағы да ірі компаниялар — LG, Samsung және Daewoo Electronics. Осы үшеуі тұтынушылық электрониканың барлығын шығарады десе де болады.

Сингапур Республикасы 40 жылдың ішінде халықаралық саясат, экономикасының қарқынды дамуымен бүкіл әлем мойындаған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алып шаһарға айналды. Сингапур да 90-шы жыл­дар­дың орта тұсында Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы өндірісі жедел қар­қынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бү­гінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвес­торлар саналады. Сингапур мұ­най өңдеу жөнінен дүние жү­зіндегі алдыңғы орындардың бі­рінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылым­ның жетістігі табысты қолда­ны­лады. Сондықтан да Сингапур ком­пьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екін­ші орында. Жыл сайын Син­га­пурға 5 млн. турист келіп қай­та­ды. Олар Сингапурды «сүй­кім­ді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.

Гонконг (Сянган) бірнеше арал­дардан тұратын, ұзақ уақыт Англияның отары болып келген, тек 1997 жылдан ресми түрде Қытай Халық Республикасының құрамына енген кең автономия­лық мәртебесі бар арнайы әкім­шілік аудан. Гонконг экономикасы ер­кін нарықтық қатынасқа негіздел­ген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурс­тарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауыз суға дейін шеттен тасымалданады. ІЖӨ-нің 90 пайызы қызмет көрсету салала­ры­ның үлесіне тиеді. Бүгінде Гонконг тектен-тек дүниежүзілік ірі қаржы орталықтарының бірі атанып отырған жоқ. Бұл жөнінен ол Азияда бірінші, ал әлемде алғаш­қы үштікке кіреді. Жуырда Гонконг пен Қазақстан арасында Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырын салуға он бес жылдық мерзімге 1,8 млрд. доллар несие бе­ру жөнінде келісімге қол қойылды.

Тайвань да Қытайдың провинциясы саналғанымен шын мәнін­де тәуелсіз мемлекет. Ол әлемдегі капиталды ең ірі сыртқа, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияға шыға­рушылардың бірі. Соңғы бес жыл­­­­да оның көлемі 36 млрд. дол­ларға жетті. Бұл елде де электр қуаты негізінен жалпы әлеуеті 4,9 млн. КВт-тық алты АЭС-те өн­діріледі. Оған қажетті уран ши­кі­заты Шығыс Азияның басқа ел­дері секілді Африкадан әкелі­не­ді. Осы заманғы озық техно­ло­гияға қол жеткізген Тайвань электронды тауарлардан ОЕМ-құрыл­ғысы мен оған дисплейлер шы­ғаруға маманданған. Кеме жасау ісіне де маманданып, әсіресе, спорт­тық яхталарды көбірек шы­ғарады. Сондай-ақ, бұл ел шыға­ратын сапалы спорттық киімдер мен аяқ киімдер, құрал-жабдық­тар, теннис ракеткалары мен түр­лі доптар әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Туризм саласы да елдің экономикасында елеулі рөл атқарады. Мұнда демалыс пен қонақ үй­лерде шығысқа тән дастарқан мол­шылығы мен батыс­тық үл­гідегі жанға жайлы қызмет көр­сету жағдайлары жасалған­дық­тан әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Дегенмен, Тайвань экономикасы шет­тен тасымалданатын отын мен шикі­заттарға тәуелді. Ал, экс­портқа осы заманғы өнеркәсіп тауарлары шығарылады. АҚШ, Жапония, Германия және Гонконг елдері сауда-саттықтағы ең басты әріп­тестері.

Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2008 жылы 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады. Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алдыңғы сауда державаларының бірі. Жыл сайынғы ІЖӨ-нің халықаралық сауда перспективалары туралы есебі бойынша 2008 жылы Малайзия әлемдегі жетекші экспортерлар арасында 21-шы орынды иеленді. 2008 жылы елдің экспорттық кірістері 195,7 млрд. долл.,құрады. импорт - 156,2 млрд. долл. (ФОБ индексі бойынша). Экспорттың негізгі бағыттары – электрондық бөлшектер, электротехникалық тауарлар, шикі мұнай, сұйылтылған табиғи газ, ағаш, пальма майф, каучук, текстильді және химиялық өнім болып табылады. Машина және жабдықтар, өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдары, мұнай өнімдері, пластик, темір рудасы және метал бұйымдары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік. Басты сыртқы сауда әріптестері: АҚШ (15,6%), Сингапур (14,6%), Жапония (9,1%), Қытай (8,8%), Таиланд (5%), Гонконг (4,6%).