Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

Құрылымы

АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы (APEC)— 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүние жүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемлекеттердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық диалог арқылы консенсусқа жету. Одаққа мүше мемлекеттер (1998 жылы): АвстралияБрунейҚытайКанадаКириботаМалайзияМаршал аралдарыМексикаЖаңа ЗеландияПапуа-Жаңа ГвинеяКорея РеспубликасыСингапурАмерика Құрама ШтатыТайландТайваньФилиппинЧили. Одақ елдерінің жалпы ұлттық табысы дүние жүзізілік өндірістің 56 пайызын, дүние жүзілік сауданың 46 пайызын құрайды. Аймақтық экономикаға және саяси дамудағы тұрақтылыққа, әсіресе аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына көп көңіл бөлінеді. Мемлекет басшыларының 1994 жылғы Богаре (Индонезия) бас қосуында 2020 жылға дейінгі дамуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданды.

41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)

Латын Америкасындағы ең үлкен әрі ең интеграциялық одақ – оңтүстік конустағы ортақ нарық елдері, оларға: Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай немесе МЕРКОСУР. Ол 1991 ж құрылған, ал 2005 жылдың аяғында Венесуэла қосылды. Ассоцирленген (ассоциированных) мүшелері – Чили, Боливия, Колумбия, Эквадор және Перу. Испан тілінен аударғанда меркосур «оңтүстік конус нарығы». МЕРКОСУР – Оңтүстік Америка құрлығы елдерінің ортақ нарығы. Құрлықтың ІЖӨ-нің 75 пайызын құрайтын ұйым аумағында 250 млн адам өмір сүруде. МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деп те атайды. Бірақ бұл ұйымды еркін сауда аймағы деп атаған дұрыс.

Меркосур мақсаты – аймақтың экономикаларының халықаралық бәсекелестігінің артуы, қарқынды әрі өзара сауда мен инвестицияны тиімді қолдану арқылы қатысушы елдердің экономикалық өсуін қастамасыз ететін бірлестік құру.

1986 ж Латын Америкасының ең ірі екі елі Аргентина мен Бразилия – интеграция мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы ортақ жобаны ұсынды және оны басқа елдердің қосылуына ашық деп жариялады. Бұл инициативаға Уругвай мен Парагвай қосылып, 1991 ж наурызда Асуньсон қаласында МЕРКОСУР ортақ нарық және кедендік одақты құру туралы төрт жақты келісімшартқа қол қойылды.

МЕРКОСУР-дың құрылуы қатысушылар арасындағы өзара сауданың өсуіне алып келді. 1991 -1997жж аралығында ол 6 есеге көбейді. Мүше елдердің еркін сауда аймағында баж салықтары жойылған және 90% тауарларға шектеулер бар. Елдер арасында келешекте ортақ валютаны құру туралы ой бар.

Ұйым мәселелері: АҚШ-тың айтарлықтай ықпалы; көлік инфрақұрылымының дамымауы; Аргентина мен Бразилия қатынастарының қарама-қайшылығы; МЕРКОСУР ішіндегі энергетикалық интеграцияның қарама-қайшылығы; энергоресурстармен қамтамасыз етудің тұрақсыздығы; энергоресурстарға ішкі бағаны тежеу саясатының тиімсіздігі; жетілмеген заңнамалар; әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыздық.

Латынамерикалық интеграциялық қауымдастығы (Латиноамериканская Ассоциация Интеграции (ЛАИ) (Asociacion Latinoamericana de Integracion, ALADI)) 1980 ж Монтевидео ІІ келісімі бойынша құрылған. Басты мақсаты – аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен сауданы дамыту және ортақ нарық құру. Мүше елдер Аргентины, Боливии, Бразилии, Венесуэлы, Колумбии, Мексики, Парагвая, Перу, Уругвая, Чили, Эквадора. Бұл ұйым 1961-1980жж аралығындағы Латынамерикалық еркін сауда қауымдастығының орнын басты. Монтевидео ІІ келісімі қауымдастықтың мүшелерін 3 топқа бөледі: 1) аса дамыған (Аргентина, Бразилия, Мексика); 2) орташа дамыған (Венесуэла, Колумбия, Перу, Уругвай, Чили); 3) дамыған (менее развитые (Боливия, Парагвай, Эквадор).

ЛАИ өз қызметін 1981ж бастады. 29 жеке келісімшарттар жасалды, 5800 жуық кедендік шегінулер берілді. Ең аз дамыған елдерге жеңілдіктер тізімі мақұлданды. ЛАЭС, Анд тобы, ЭКЛА, ПРООН ұйымдарымен ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.

ЛАИ шеңберінде 3 субаймақтық топ бар. Олар: 1)Ла-Платалық топ, құрамына 1969ж Ла-Плата келісіміне қол қойған елдер - Аргентина, Боливия, Бразилия, Парагвай, Уругвай; 2) Андтық топ құрамына 1969 ж Картахендік келісімді қабылдаған елдер - Боливия, Венесуэла, Колумбия, Перу, Эквадор; 3) Амазон пакті құрамына Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гайана, Колумбия, Перу, Суринам и Эквадор (1978) кірді.