Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері

Аймақтық экономикалық ынтымақтастық (интеграция) ауқымы мен даму деңгейі әртүрлі ұлттық шаруашылықтарды біріктіретін маңызды күшке айналуда. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейі жалпы сыртқы сауда айналымында аймақішілік сауда үлесінің (50%) артуынан айқын көрінеді. Экономикалық ынтымақтастықтың сипаты елдердің өзара байланысу дәрежесіне қарай анықталады. Осыған сәйкес, дүниежүзілік шаруашылық аумағында экономикалық интеграцияның бірнеше түрі ажыратылады.

Қазіргі заманғы кейбір интеграциялық бірлестіктер

Интеграция түрі

Атауы, құрылған жылы

Мүше елдер

Еркін сауда аймағы

Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағы, АПЭК, 1989

Аустралия, АҚШ, Сянган (Гонконг), Жаңа Зеландия, Жапония, Канада, Кирибати, Корея Республикасы, Қытай, Малайзия, Маршалл аралдары, Мексика, Бруней, Папуа — Жаңа Гвинея, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Чили, Вьетнам, Перу, Ресей

Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы, НАФТА, 1994

АҚШ, Канада, Мексика

Кедендік одақ

Араб ортақ нарығы, 1964

Египет, Ирак, Иордания, Ливия, Мавритания, Сирия, Йемен

Ортақ нарық

Оңтүстік конустың ортақ нарығы, МЕРКОСУР, 1991

Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай

Экономикалық одақ

Еуропалық экономикалық қауымдастық,1957; кейінненЕуропалық одақ1993

Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Ұлыбритания, Польша, Португалия, Румы- ния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония

Бенилюкс1948

Бельгия, Нидерланд, Люксембург

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, АСЕАН, 1967

Индонезия, Малайзия, Лаос, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Бьетнам, Мьянма, Камболжа

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,1992

Армения, Әзірбайжан, Беларусь. Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан

Cayдa және тауарлық ұйым

Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы, ОПЕК, 1960

Алжир, Ангола, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Иран. Катар, Кувейт, Ливия, Нигерня. Сауз Арабиясы, Эквадор

Еуропалық экономикалық және валюта одағы күшіне енді, яғни ЕО құрамындағы 11 ел (Ұлыбритания, Грекия, Дания және Швециядан басқалары) ортақ ақша бірлігіне көшу туралы шешім қабылдады. Бұл елдерде 2002 жылдың басынан бері бірыңғай валюта — еуро айналымға түсті. Әлемдік қаржы нарығында еуроның долларға қатысты бағамы әлі де тұрақсыз болып тұр.

Аймақтық интеграциялық одақтар құрамына соңғы жылдары даму деңгейі әртүрлі елдер ене бастады; ЕО-ның ассоциациялық мүшелігіне Шығыс Еуропа елдерінің, НАФТА құрамына Мексиканың қабылдануы — осының айқын дәлелі.

Сонымен, аймақтық интеграция белгілі бір аймақ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты көздейтіндіктен, жалпы ғаламдану процесіне қарама-қайшы келеді. Соған қарамастан елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастың ғаламдану ауқымында жүретін заңды құбылыстардың бірі болып табылады.