Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері

Ұлттық экономика – бұл мемлекттің құрған шеңберінде өмір сүретін экономикалық жүйе. Әлемдік шаруашылықтың пайда болуымен оның дамуының басты себебі елдердің әр-түрлі өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуі және олардың араларында тауарлар мен өндірістік факторлардың қозғалысы болып табылады.

Қазіргі таңда тауарлардың барлық түрін өндіру, сонымен қатар өндірістік факторлардың барлық түрін құрумен жетілдіру бірде бір елдің қолынан келмес және экономикасы дамыған, бай елдің қолынан келер емес. Ең бастысы бұл тиімсіз. Халықаралық айырбас – жетіспейтін немесе арзан тауарлар мен қызметтерді, өндіріс факторларын қамтамасыз етіп, сонымен қатар қосымша жаңа нарықты қамтамасыз етеді. Тауарлар, қызмет, капиталдардың және жұмыс күшінін бір елден екінші елге еркін өтуі, өндірісті тиімді әлемдік масштабта орналасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда көптеген елдер ашық экономика қағидасын ұстанады. Ашық экономика идеясы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайда болып, басында сауда саттық кедергілердің төмендеуін білдірді(сыртқы сауда аясындағы протекционизм).

Осы орайда ашық ұлттық экономика елдің әлемдік шаруашылықта белсенді қатысуын(тек қана халықаралық сауда ғана емес халықаралық инвестициялардың, технологиялардың, жұмыс күштері валюталық операциялар қозғалысы), елдер арасында үйлестірулік экономикалық тәртібін көздейді.

Ашық экономика – елдің жеке өзі толығымен макроэкономикалық саясатты жүргізе алмауына алып келеді. Сол себептен ұлттық экономиканы елдік реттеу мүмкіншілігі азаяды.

Автаркия - ашық экономикаға қарсы ұғым болып табылады, бұл мемлекет экономикасының тұйықтылығы және жабықтылығы. Қазіргі кезде әлемде жабық экономикасы бар ел жоқ деуге болады.

Ашық экономиканың санды көрсеткіші – экспорттық квота, импорттық квота, сыртты сауда квотасы болып табылады. Осы корсеткіштер неғұрлым жоғары болса соғұрлым ашық болып есептеледі.

Экспорттық =экспорт көлемі/ЖІӨ көлемі*100%

Импорттық квота=импорт көлемі/ЖІӨ көлемі*100%

Сыртқы сауда квотасы=сыртқы сауда көлемінің айналымы/ЖІӨ көлемі*100%

Сыртқы сауда айналымы=экспорт+импорт.

Егерде экспорттық квота>10% көп болса, экономиканың ашықтық денгейі қолайлы болып есептеледі.

Экономиканың ашықтық деңгейі шетелдік инвестицияның халықтың жанбасына шаққандағы көлемімен, жұмыс күшінің халықаралық миграция жолындағы тосқауылдармен және елдің қаншылықты валюталық есептік операциялаға араласуы арқылы өлшенеді.

Экономиканың ашықтық деңгейіне әсер етенің факторлар:

- оның технико-экономикалық даму деңгейі

- елдің ішкі нарығының көлемі

- табиғи байлығымен қамтамасыз етілуі

Әлемдік тәжірибемен ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, ел экономикасының ашықтығы және ЖІӨ-нің адам басына шаққандағы өсу жылдамдығы араларында жағымды байланыс бар екенің көрсетті. Осыған орай 1960-2000 аралығында әлемдегі барлық елдін ашықтық деңгейі орташа көтерілді. Ал экономикасы 1,2-1,5 есе ашық елдердің, ЖІӨ жылдық өсімі 3,0-3,8 есе қалғандарынан жоғарырақ болғанын байқаймыз.

Ашық экономиканың радикалды концепциясының жақтаушыларының тұжырымдамасы бойынша нырақтық бәсекелестік ұлттық деңгейде болсын әлемдік экономикалық масштабта болсын экономикалық дамуды реттейді. Сыртқы факторлар барлық қатысушыларға пайда алып келіп, оларға тиімдірек шаруашылық құрылымды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты сыртқыэкономикалық қызметті шектейтін оны бөгеттейтін шараларды азайтуымыз кажет.

Бірақта, ашық экономиканың радикалды концепциясына сын көзбен қараушылардың пайымдауынша ұлттық экономиканың толық ашылуы бүкіл ұлттық шаруашылықтың құрылымын қиратып, кейбір өндірісті бәсекеге қабілетілігін күрт төмендетеді дейді. Импортты реттеуден бастарту әдейі бағаны түсіруімен(демпинг) әлде шығынды жаңа нарықты игеру арқылы жабу әлде мелекеттік субсидиялармен қамтамасыз етілетін шетелдік экспортерлардың алдында экономиканың қорғану жағдайы күрт төмендейді.

34. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, негізгі бағыттары мен мақсаттары. Сыртқыэкономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу – бұл елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру мен тұтынудың құрылымын опимизациялау мақстаында қатысуын тереңдету мен кеңейтуді мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаруашылық-саяси әдістердің жүйесі. Ол ұлттық экономикалық әлеуетті арттыру механизмінің бөлігі болып табылады және ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілерін – технологиялық, салалық, шекаралық құрылымын, ғылыми-техникалық проегресті, әлеуметтік байланыстары мен ұоршаған ортаны қарастырады. Сыртқыэкономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі сыртқыэкономикалық қатынастар жүйесін нақты уақытша мерзімде сыртқыэкономикалық қызмет субъектілерінің мемлекеттік, коллективті және жеке қызығушылықтарының жүзеге асырылуын оптималды деңгеймен қамтамасыз ететін жағдайға алып келумен түсіндіріледі және ол келесідей критерийлерден тұрады: ұлттық экономикалық ресурстарды пайдалану мен бөлудің тиімділігі; мемлекеттік реттеу жүйесінің эконмикалық әлеуетке, инвестиция тартуға әсер етуі; тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету;сыртқыэкономикалық қызмет субъектілерінің табысын халықаралық және ұлттық деңгейде бөлу; бағаның тұрақтылығы; қоғамдағы өмірдің сапасы; елдің экономикалық қауіпсіздігі. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары: экономиканың әлемдік экономикалық кеңістікке дәстүрлі түрде де, интеграциялаудың жаңа формалары негізінде енудің ашықтығын қамтамасыз ету; елдің сыртқы саудадағы дискриминация саясатына қарсы тұар алу; капиталдың еркін ағымы мен бәсекегеқабілетті өндіріс пен трансұлттық корпорацияларды бірігіп құруды қамтамасыз ету; зерттеулерде, әсіресе көп ресурс қажетсінетін салалардағы қауымдастық; шетел несиелерін пайдалану (әсіресе инвестициялық); отандық өндірушіледі мемлекеттік қолдау, сыртқы нарыққа шығарылатын тауарларды өндіруді ынталандыру, оларды шетел бәсекелестернінен қорғау, жалпы сыртқы сауда тиімділігін арттыру; тиімді валюталық және экспорт-импорттыө бақылауды қамтамасыз ететін шарттарды құру; валюталық қарызды төмендету; төлем балансы тапшылығын төмендету. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары: басқа елдермен өзара пайдалы одақтастықпен қамтамасыз ету; әлемдік нарықта отандық өндірушілердің бәсекегеқабілетілігін қолдау; елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; елдің сауда және төлем балансы тепе-теңдігін қамтамасыз ету; лицензиялар мен патенттер табу арқылы еңбек өнімділігі мен ұлттық өнімнің сапасын арттыруға ықпал ету; ұлттық сыртқыэкономикалық қызығушылықтарды қорғау, ішкі нарықты қорғау; әр түрлі елдер мен халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастың қолайлығын қамтамасыз ету.