Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары

Әлеуметтік – экоономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы елдер мен артта қалған елдердің құрамы баяу өзгеруде. ХVІІІ ғ экономикалық қуаты бойынша (шығарған өнім көлемі) алдыңғы қатарлы елдерге Қытай мен Үндістан жатқан. Әлемде өнімдерді өндіру бойынша сәйкесінше 1/3 және 1/4 өнім келген, ол кезде Батыс жақ тек 1/5 кем өндірген. Бұл елдер ХХ ғ ІІ ширегінде ығыстырылды. Бір жақтан Солт. Америка және Жаңа Зеландия(бірнеше жүзжылдық бұрын ең артта қалған аймақ болған, ал қазір алыңға қатардағы елдер).

Қазіргі таңда дамушы елдер тобы әлемдік экономикада өз беделдерін (салмағын) өсірді 21,7%-дан – 31,4 %-ға дейін. Экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынын жаңа индустриялды елдер көрсетті. Қазір Бразилия мен Үндістанға әлемдік ЖІӨ-нің сәйкесінше 3 пен 4% тиеді. Болашақта бұл алыптардың экономикалық өсу қарқыны ұлғая берсе, бқл әлемдегі күшетр арақатынасын өзгертуі мүмкін. Энероэкспорттаушы елдер әлемдік ЖІӨ-де өз көлемдерін ұлғайтса да, олардың әрі қарай дамуы энерготасымалдаушыларға әлемдік бағалардың өзгеруіне тәуелді болады.

Дамыған елдер арасында да түбегейлі өзгерістер болды.50-70жж Жапонияның экономикалық өсу қарқынының жоғарлауы, оның әлемдіе ЖІӨ-дегі үлесін 7 % дейін көбейтті, ал Оңт. Корея, Сингапур, Тайвань елдерінің даму қарқыны оларды дамыған елдер қатарына қосты.

Дамыған елдер қатарында 3 жағымды жақ пайд болды: ЕО (әлемдік ЖІӨ-ң 20%), НАФТА (24%) және Жапония (7%).

80-90жж үлкен өзгерістер өтпелі экономикалы елдерде байқалды. Өндірістің қысқаруы бұл топтағы елдерді артқа ығыстырды. 1975-1993жж Шығыс Еуропа мен бұрынға КСРО-ның мүше-елдерінің әлемдік өндірістегі үлесі 13%-ғы қысқарды, ал 90 жж басында тек 11,1% құрады. Соңғы жылдарды бұл елдерде экономикалық өсуі шапшаң өтуде.

Соңғы жылдарда оңтүстік шығыс Азия елдерінен экономикалық өсу жағынан Қытай алдында тұр, ол әлемдік ЖІӨ-і 1950-1996 жж 2,7%-дан 10,2%-ға көтерілді. (әлем бойынша 2-ші орында, ал 1-ші орынды АҚШ алады 18-19% ).

Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары. Болашақта әлемдік ЖІӨ-ң 30% алып жатқан әлемнің экономикалық центр ретінде шығыс және оңтүстік-шығыс Азия (Қытай, Жапоня, Оңт. Корея, Үндістан және ЖИЕ(НИС))елдері болады деген болжам бар және көшбасшы ретінде Қытай мен Жапония елі болады. Оңт. Корея әлемнің ең ірі елдер экономикалары тізімінде 14 орыннан,10-шы орынға ауысты, Италияға жақындай түсті.

2015 ж дейін, әлемнің 10 ең ірі елдері қатарында АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Италия мен Ұлыбритания өз орындарын сақтап қалады және олардың қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия мен Мексика кіреді деген болжам бар. Әрі ЖІӨ көлемі бойынша Қытай 2-ші, ал Үндістан 4-ші орындарға ие болады (Қытайдың ЖІӨ-і амерканың ЖІӨ-нің 55% алады).

АҚШ-тың әлемдік шаруашылықтағы үлес салмағы азаяды деген болжамға қарамастан, АҚШ бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық және ғылыми-техникалық даму параметрлері бойынша өз көшбасшылығын сақтап қалады.