Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі үлкен көлемдегі азиялық қордың құлдырауы. Бұл дағдарыстың негізгі себебі аймақтың ұлттық валюталарының девальвациясы және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің төлем балансының тапшылығының жоғарлауы. Экономистердің айтуы бойынша, азиялық дағдарыс әлемдік ЖҰӨ нің көлемін $2 трлн.ға төмендетті.

2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы

2008 жылғы аржы экономикалық дағдарыс көбінесе дамыған елдердің негізгі экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы, және сол жылдың аяғындағы жаһанды рецессия.

XIX Ғасырдың бірінші жартысында әлем бірнеше әлемдік қаржы дағдарысын басынан өткізді. XX Ғасырға дейін дағдарыстар бір, екі, үш мемлекеттерді алса, қазіргі кезде халықаралық мағынада яғни көтеген мемлекеттерге таралады. Соңғы ондылдықта мемлекеттер бірігіп одақтар құрып, әлемдік дағдарысты жеңу механизмдерін ойластырды, яғни шаруашылық процесстерді мемлекеттік реттеуді күшейту, халықаралық қаржылық ұйымдар құру, мониторингтер жүргізу т.с.с. Еуразия мен Америкада осы екі ғасыр бойы 20 дан аса экономикалық дағдарыстар орын алған екен.

29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі

Кәсіпкерлік ресурс – бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қалған ресурстарының (табиғи, еңбек, қаржы, ақпараттық және т.б.) өзара әрекетін тиімді ұйымдастыруға қабілетті ерекше экономикалық ресурс.

Кәсіпкерлік ресурстың құрама бөлігі ретінде нарықтық инфрақұрылым – нарықтық институттар, сонымен қатар кәсіпкерлік этика және мәдениет, кәсіпкерлік қоғамдық рухы кіреді.

Кәсіпкердің маңызды бір белгісі – инновацияның немесе жаңалықтарды жаңадан ойлап табу, идеялар, өндірісті басқару және ұйымдастыру формалары) енгізудің (жүзеге асырылуы. Сондықтан кәсіпкерлік ресурс экономиканың дамуының қазіргі инновациондық түрі жағдайында жетекші ресурс болып саналады. Постиндустриалды қоғамның қалыптасу процесі инновацияларға негізделеді. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және бәсекелестік күрестегі мемлекеттің көшбасшылығы үшін жағдай жасайды. Жаһандану жағдайында үздік болуға ұмтылған елдерге инновациялық іс-әрекетті белсендіру және инновациялық үрдіске алғырлықты жоғарлату маңызды бір мақсатқа айналады.

Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстың көп болуы,ол сол елдің инфрақұрылымының дамығандығын және ары қарай дамитындығын көрсетеді.Ондай мінездемеге дамыған елдер ие,өйткені олар жүз жылдап кәсіпкерлік ресурсты өсірді(Европа) немесе бұрыңғы кәсіпкерлік мәдениіттің мұрагерлері(Солтүстік Америка) сонымен қатар жаңадаан дамып кее жатқан мемлекеттер индустриалдық немесе саудалық дәстүрі терең елдер жатады(Шығыс және Оңт.Шығыс Азия елдері жатады).

Жаһанданудың қазіргі заманға сай шарттарыарқылы кәсіпкккерлерге еңбек,табиғи ресурстар,капиталдық ресурстар басқа алыс мемлекеттерде орналасса да қол жетімді бола алады.Бұл төмендегілермен түсіндіріледі:

  1. жаһанданудың арқасында жер шарындағы барлық мемлекеттер табиғи ресурстар мен капиталға оңай қол жеткізе алатын болды.Кәсіпкерлікті бұл екі ресурс арқылы іске асыра алмайды.Сондықтан кәсіпкерлік ресурстар(яғни,жоғары білімді мамандар)қажет екені көрінеді.Кәсіпкерлік ресурс үлкен пайдаа алып келуші;

  2. сыртқы нарықпен мүлдем қатынаста болмайтын,компаниялардың өзі,ішкі нарықта өз ісін дұрыс басқара алмайды.Өйткені шетелдік алпауыт бәсекелестерінің қыспағына ұзақ уақыт шыдай алмайды.Жаһандану үдерісінде бәсекелестерінен өз бизнесін сақтап қалу үшін ,басқару жүйесін жөндеу керек,өзінің кәсіпкерлік потенциалын тиімді қолдануы керек.

ХХ ғ. соңында АҚШ-да, Батыс Еуропада, Жапонияда шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды өсуімен көрінген өз кезегінде «кәсіпкерлік революция» көрініс тапты. Бұл елдерде көп жағдайда дәл осы шағын бизнес жаңа технологиялық жаңалық енгізудің қайнар көзі болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылық қызметің ырықтандыру дәрежесі жоғары болғанда, елдерде кәсіпкерлік қабілеттері ең тиімдірек іске асырылады. Ол мемлекеттік институттардың жоғары тиімділігімен сәйкестелуі, шағын және орташа кәсіпкерліктің және ішкі нарықтағы бәсекелестікті ынталандыру саясатын белсенді түрде мемлекеттік қолдау болуы тиіс. Сонымен, бизнестің және мемлекеттік аппараттың арасындағы тығыз байланыс ұлттық экономикаға жағымды әрекет ретінде болса (мысалы, Жапония мен Оңтүстік Кореяның жоғары кәсібилік негізіндегі әрекеті), сондай-ақ жағымсыз (Үндістанда және Бразилияда – сыбайлас жемқорлық негізінде құрылған өзара әрекеттесу) болуы мүмкін.

Дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік қалың бұқара топтарының өмір сүруінің дәстүрлі аясы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың ең көп тараған қызмет аумағы – ең бастысы кедей бұқара халықтың төлем қабілетті сұранысың қанағаттандыратын, жартылай қолөнер өндірісіндегі, кіші саудадағы өнімсіз еңбек.Өтпелі экономикалы елдерде шағын кәсіпкерлік саудада, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында, өндеуші өнеркәсіпте тараған.Дамушы елдерде және өтпелі экономикалы мемлекеттерде ғылыми-техникалық шағын кәсіпкерлік жоқ деп айтуға болады. Ол мүлдем жоқ, немесе өте аз және шетел фирмаларының, ТҰК-дың тікелей тапсырыстарымен жұмыс істейді.Сонымен бірге, қазіргі жағдайда ғылымды және кәсіпкерлікті біріктіретін инновациялық бизнес басты маңызға ие болып отыр.