Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.

Халықаралық еңбек ұйымы 1919 жылы Версаль шарты негізінде Ұлттар Лигасының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған. ХЕҰ — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықар. нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықар. саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеум. қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықар. стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықар. еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. 

Халықаралық еңбек ұйымы – 180-ге жуық мемлекеттерді өз қатарына біріктірген ежелгі және өкілдік халықаралық ұйымдардың бірі. Қазақстан оның мүшесі ретінде 1993 жылы кірді.

Миграция бойынша халықаралық ұйым (МХҰ)-  1951 ж. құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым. Өз қызметінде МХҰ адамгершілікті әрі реттелген миграция қоғам мен мигранттардыңмүдделерін толық қанағаттандырады, осы жолда халықаралық миграциялық процестерді тиімді басқару үшін оған мүдделі елдердің күшін біріктіру шарт. МХҰ қызметінің негізгі бағыттары: елдердің ерекше мүқтаждықтарын ескере отырып халықтың реттелген көші-қонын қамтамасыз ету; заңсыз көші-қонды болдырмау; мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы мақсатында білікті адамдар ресурсын қайта бөлу; мәжбүрлі қоныс аударушыларды ұйымдасқан түрде көшіру; үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға тәжірибе және ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.

26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары

Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1.  Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі; 2.  Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар; 3.  Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі; 4.  Қарыз қаражаттары жатады. Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банк­тер операцияларының 80 пайызға жуығы Лон­дон арқылы жасалынады.

Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Ша­ғын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағы­нан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталы­ғы жасалынатын қаржы операцияла­рының көле­мі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.

Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халық­аралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырлан­ған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.