Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.91 Кб
Скачать

22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.

Қандай болсада елдің экономикасы және жалпы алғанда әлемдік экономиканың дамуы еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне көп жағдайда тәуелді болады. Еңбек ресурстарының мөлшері тұрғын халықтың санына, оның өсу қарқындарына, жасы үлкен-кішілі құрылымына қарай және басқа да факторларға тәуелді.

Қазіргі кезде әлемдегі халық саны шамамен 7 млрд. адамға дейін жеткен, оның елдер бойынша бөлунуі беркелкі емес. Көптеген дамыған елдерде халық саны жай өсіп немесе мүлдем өспей жатыр. Халық санының негізгі өсуі көбінесе дамушы елдер, ең алдымен Азия, Африка елдері арқылы, қамтамасыз етіледі. ХХ ғ. 50 жж. бірінші жартысында олар әлемнің халық санының қосымша өсуінің 79%-ды қамтамасыз етті, ал қазіргі уақытта 95%-ға дейін жетті. 1950 ж. осы елдерде шамалап келгенде халықтың 2/3 бөлігі өмір сүрген, ал 1990 ж – 77%, 2025 жылы 84%-ға жетеді деп күтілуде. Өнеркәсібі дамыған елдердің әлемдегі халық санындағы үлесі 22%-дан 14,5%-ға дейін қысқарды. Осындай демографиялық жағдай еңбек ресурстарының дамушы елдерде тұрақты түрде ұлғайып келе жатқан шоғырлануына әкеледі.

Халық санының өсуіне экономикалық себептер әсер етеді. Кедей елдерде балалар ерте жастан бастап жұмыс істей бастайды, олар өздерін ғана емес сонымен қатар ата-аналарын да асырайды. Халық санының өсуінің тағы бір себебі – дін. Мысалы, исламда отбасында көп бала болғанын қолдайды және ислам елдері туу көрсеткішінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

Бүкіл әлем бойынша халық саны ең көп елдер: (100 млн. адамнан астам) – ҚХР (1 348,7 млн.), Үндістан (1 221,0 млн.), АҚШ (313,3 млн.), Индонезия (237,6 млн.), Бразилия (195,8 млн.), Пәкістан (174,6 млн.), Бангладеш (162,2 млн.), Ресей (142,9 млн.). Ал Қазақстан болса,16,7млн. халық санымен әлемдегі жетінші ондықта орналасқан.

Әлемнің халық саны өсуде, бірақ әлемдік жалпы өнім одан да тез қарқынмен өсуде және әлемдік шаруашылықтағы өндіруші күштің дамуына үлкен үлесін тигізеді. Егер экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тиімді іске асырылып отырса, техникалық прогреспен қамтамасыз етілсе халықтың өсуі қиындықты тудырмайды.

Экономикасы дамыған кез келген елдердің және әлемдік экономиканың дамуы толықтай шешуші үлгісі еңбек ресурстарына тәуелді болады. Еңбек ресурстарына жұмыс істеуге қабілетті жасқа жеткен барлық адамдар жатады (мүгедектерден басқасы) және бұл жастан жоғары және төмен жастағы жұмыскерлер.

Дамушы мемлекеттердің халқының санының жоғары қарқынды өсуі, «жасарған» құрылымының сақталауында (15 жасқа дейнгі адамдар үлесі 34%-ға жуық) әлемдік еңбек ресурстарының масштабының өсуіне апарады. Сонымен бірге, еңбек сипатының технологиялық күрделенуі жағынан өзгеруі, еңбек ресурстарының сапасы мәселесін тұдырады.

Маңызды мәселелердің ішіне денсаулық, білім деңгейі, кәсіби дайындықтары кіреді. Сонымен қатар өндірістік тәжірибенің болуы және жалпы мәдени деңгейдің дамуы үлкен маңызға ие. Бұл сипаттаманың барлығы жеке елдердің дамуының әлеуметтік- экономикалық деңгейімен анықталады.

Қазіргі өндірістегі еңбек ресурстарының бөлігін елдегі «адам капиталы» құрайды. Еңбек өндірісін білім деңгейі көтереді және кірістің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Зерттеуге қарағанда жұмыс күшінің 1 жылдағы алған білімі өсуі ЖІӨ-ң 3%-ке өсуіне әкеледі. Жалпы және арнайы білім алу сауаттылықсыз мүмкін емес.

Сауаттылықтың төмен деңгейі көптеген елдерде еңбек өнімділігінің төмен деңгейінің себепшісі болады, шаруашылықтың ескірген формаларын консервациялайды, техникалық прогресті тоқтатады. Индустриалды дамыған елдерде сауатсыздық 1-2% құрайды, бірақ бұл жерде де ересек сауатсыздар кездеседі, әсіресе Оңтүстік Еуропада.

Еңбек ресурстары бойынша дамыған елдер дамушы елдерге жол берсе де, олардың соңғы жұмыс күші сапасы бойынша - жалпы білім деңгейі, жоғары тәжірибелі мамандар саны, жұмысшы күшінің жұмылдырулығы озып шығады. Өндірістік дамыған елдерде орташа есеппен 32% еңбекке қабілетті адамдардың жоғары білімі бар.