Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

Субъективтік жағы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл адамның жасалынған әрекетке психикалық жағынан қарауын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол қасақана немесе абайсыздық нысанда болуы мүмкін.

Құқық бұзушы қасақана іс–әрекет жасай отырып, өзінің әрекетінің не әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды немесе оған саналы түрде жол береді. Мысалы, адам тыйым салынған жерге кіре отырып, саналы түрде тікелей қасақаналықпен шекара режимін бұзады. Басқа жағдайда жүргізуші техникалық жөнінен бұзылған автомашинамен гарждан шыққанда құқыққа қарсы салдар болуын қаламайды, бірақ саналы түрде, жанамалы қасақаналықпен оның туындауына жол береді.Әкімшілік құқық бұзушылық абайсыз да жасалуы мүмкін. Ол екі нысанда: менмендік және немқұрайлылық. Менмендік – құқық бұзушылық жасаған адам құқыққа қарсы зиянды салдар туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ оны болыдрмаймын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды. Немқұрайлылық құқыққа қарсы салдардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған және ескерген жағдайда адам олардың алдын алуға тиіс те және мүмкін де болатындығынан туады.

Құқық бұзушылықтыубъективтік жағын қасақаналық және абайсыздықпен қатар себебі мен мақсаты сипаттай алады. Олар кейде ӘҚБтК– тің нақты баптарына енгізіледі және қандай да болмасын бір әрекетті немесе әрекетсіздікті әкімшілік құқық бұзушылық деп тану үшін міндетті болады.

2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.

Әкімшілік жауаптылық — заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардын әкімшілік кұкық бұзушылык (теріс қылык) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылықка тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңдық жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауаптылықка сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нак осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:

а) адамдарға:

б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және баска ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.

Лауазымды адамдардың және басқару функциясын орындайтын өзге де тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке орындаушылары мен адвокаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы:Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.Заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрi - дара кәсiпкерлер), жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлерi, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердің күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң прокурордың және өзге де адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылығы: Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, Кодекстекөзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңнаманы, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды. Сонымен қатар, темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi,теңiз көлiгiнiң қызметкерлері,өзен көлiгiнiң қызметкерлерi, азаматтық авиация көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

3-ТАҚЫРЫП. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ