Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.

Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген мемлекеттің реакциясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады. Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.

        Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын  мынадай мән-жайлар мыналар:

1) қажетті қорғану;

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;

3) аса қажеттілік;

4) негізді тәуекел;

5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;

6) бұйрықты немесе өкімді орындау;

7) ақыл есінің кемдігі.

         Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құкық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқыктық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» және «әрекетсіздік» қосылып «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және терісқылық болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік әрекет - міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түрпішіні.

Міндетгер мен занды талаптарды орындамаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түрпішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады. Мысалы, сауда кәсіпорны бастығы, дер кезінде сатылатын тауарларды оларға берілетін сертификатпен қамтамасыз жасамағандықтан, сатып алушылар тауарлардың шығу тегіне байланысты ақпараттарды уақытында біле алмады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туыңдауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құкық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады. Әкімшілік жауапкершілік:

1. Әкімшілік жауапкершілікті – уәкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен қолданылуы.

2. Әкімшілік жауапкершілікті уәкілетті органдар немесе лауазымды тұлғалар қолданады.

Құқық қорғаудың негізгі мақсаты – мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың құқықтық тәртібін нығайту. Осы үшін заңды іс қаралады және мемлекеттік шешімдерге байланысты әкімшілік санкциялар қолданылады.

Заңды санкция үш мақсатты көздейді:

1.Құқық бұзушылық жасаған адамды құқықты сақтауға және құқықтық тәртіпті силауға тәрбиелеу.

2.Жаңа құқық бұзушылықты жасамау керектігін ескерту, яғни алдын алу.

3.Басқа тұлғалардың құқық бұзушылықты жасамауды жалпы ескерту.

Қалыптастыру мақсаттары маңызды болғанымен әкімшілік санкцияларды қолданудың негізгі себебі қорғаныс қызметі болып табылады.

Әкімшілік шараның бір түрі әкімшілік қамауға алу болып табылады. Әкімшілiк қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерi және ӘҚБт Кодекстің ерекше бӛлігінде кӛзделген басқа да құқық бұзушылықтар үшiн - он бес тәулiкке дейiнгi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерiн жасағаны және (немесе) тӛтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге тағайындайды . Жүктi әйелдерге және он тӛрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.

Әкімшілік қамауға алынған адамдар сотталған адамдар деп есептелмейді және жұмыстан босатылмайды. Қамауға алынған адамдарға тінту жүргізіледі, олардың жеке заттары алынады және оларға хаттама жүргізіледі. Қамауға алынған адамдар қоғамдық жұмыстарға тартылады.

2-ТАҚЫРЫП. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ-ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

2.1. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың негізі ретінд. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объекті, субъекті, объективті жағы, субъективті жағы. Әкімшілік құқық бұзушылықтыңзаңи белгілері.

Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі жасаған іс-әрекеті немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекет әкімшілікқұқық бұзушылық деп аталады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымын мынадай бірнеше белгілер сипаттайды:

  • Қоғамға қауіптілік – жеке адамның,қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіреді;

  • Құқыққа қарсылық – құқық нормалары, әкімшілік-құқықтық тыйым салулар бұзылады;

  • Кінәлілік – субъектінің жасаған қылмысына психикалық қатысы;

  • Жазаланушылық – жауаптылықтың пайда болуы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін бекіту бұл әрекеттің заңдық құрамының бар екендігіне өзінен-өзі келтірмейді. Мысалы,16-жасқа толмаған адамның жасаған құқыққа қарсы қол сұғуы әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілерімен сипатталуы мүмкін. Бірақ ол әкімшілік жауаптылық тудырмайды, өйткені әкімшілік теріс қылықтың субъектісі тек 16-жасқа толған адам ғана болатын болғандықтан онда құқық бұзушылықтың құрамы жоқ.

Әкімшілік құқық теориясында әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын ӘҚБтК-пен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы түсініледі.Сонымен әкімшілік құқық бұзушылық мынадай элеметтерден тұрады: Объектісі, объективті жағы, субъектісі, субъективті жағы.

Енді осы элементтерге жеке-жеке тоқтала кеттейік.