- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объектісі
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
Юрисдикция сөзі әдеттегі ұғымы бойынша – бұл сот, сот ісін жүргізу (латыншадан «lurisdictio»), сот немесе әкімшілік органның нақты фактілерді құқықтық бағалау жөніндегі, оның ішінде дауларды шешу және заңмен көзделген санкцияларды қолдану жөніндегі өкілеттіктерінің көлемі. Әкімшілік юрисдикция, әртүрлі сот және соттан тысқары органдардың әкімішлік-құқықтық дауларды шешу және әкімшілік құқық нормаларымен қаралған санкцияларды қолдану жөніндегі өкілеттіктерді өзіне қамти отырып, келтірілген анықтамаға толығынан сәйкес келеді.
Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттарды өтемін төлеп алып қою не осы заттарды тәркілеу, сол сияқты құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, нақты тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру (соның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік атттестатынан (куәлігінен) айыру, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты еріксіз бұзу, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық, сатылары, түрлері, аумақтық және лауазымдық ведомствалық бағыныштылық:
1.халықтың денсаулығына, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен имандылыққа қол сұғатын (мысалы, заңсыз емдеумен айналысу, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін жасыруы, өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотоптық заттармен және прекусорлармен заңсыз айналысу туралы, меншік туралы (мысалы, бөтен біреудің мүлкін жою немесе бүлдіру, бөтен біреудің мүлкін ұсақ-түйектеп ұрлау, т.с.с);
2. кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар туралы (мысалы, осындай қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау);
3. қаржы және салық салу саласындағы (мысалы, жалған шот фактура жазып беру, т.с.с.);
4. мемлекеттік билік институттары мен басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын (мысалы, ішкі істер (полиция), қаржы және әскери полициясының, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын өзге де органдардың уәкілетті қызметкерінің нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сотқа құрметтеушілік білдірмеу, сот орындаушысының, сот приставының талабын орындамау);
5. қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын (мысалы, ұсақ бұзақылық, елді мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару, жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау және басқалар);
Әкімшілік юрисдикциялық процесстен көрініс табатын әкімшілік юрисдикцияның ең сипатты ерекшеліктері мыналардан тұрады:
Әкімшілік юрисдикция сот юрисдикциясының бағалауына негізделген заңдық мағынадағы процессуалдық қызметке дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарға негізделеді. Жалпы белгілі, оның негізіне сот билігінің функционалды-құзыреттік мазмұнына сәйкес материалды құқықтық нормаларды қолданудың даулы мәселелерін қарап шешу, қандай да бір тұлғаның мінез-құлқын құқықтық келеңсіз деп бағалаған жағдайда заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жатады. Сот органдары әртүрлі, ал соңғы жылдары әкімшілік істерді де қараған кезде осылай істейді, сөйтіп юрисдикция қызметтің шынайы заңдық мазмұнын түсінуге негіз болып табылады. Бірақ юрисдикциялық функцияны айтылған ұғымында, әрі едәуір көлемде, шындығында атқарушы органдар күнделікті және мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде тікелей, яғни соттан тысқары жүзеге асырады. Осылай олар әкімшілік юрисдикцияның жүзеге асырады. Дегенмен юрисдикция мемлекеттік басқарушылық қызмет мазмұнының негізгі және айқындауыш белгісі болып табылмайды, ол сот билігі органдарының қызметіне тән. Бірақ та ол басқарушылық болмыстың шынайы көрінісі. Шындығында, тиісті атқарушы органдар бұл ретте өзінің мақсат міндеті мен сипаты бойынша сот процесінің немесе сот юрисдикцияның шегінде жүзеге асырылатындарымен сәйкес келетін іс - әрекеттерді атқарады. Олар өздерінің басқарушылық құзыретіне сәйкес әкімшілік құқықтық дау сипаты бар жеке дара істерді қарап шешуге, сонымен бірге басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушыларының мінез – құлқының заңдылығын дербес бағалауға, ақыр соңында, қажет болған жағдайда заңдық жауапкершілік көбінесе әкімшілік немесе тәртіптік шараларын қолдануға құқылы, ал көптеген жағдайларда міндетті. Сондықтан, атқарушы органдардың тиісті іс-әрекеттері мемелекеттік басқару аясында пайда болатын дау жағдайымен сөзсіз байланыстырылады, олардың юрисдикциялық қызметінің мәселесін нақты әкімшілік-құқықтық даулар құрайды. Сонымен, юрисдикциялық мағынада әкімшілік іс жүргізудің қайнар көзі ретінде мемлекеттік басқару аясында әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастар тараптарының арасында пайда болатын даулар бірінші орынға шығады. Бұлар-әкімшілік құқығы туралы даулар, яғни әкімшілік-құқықтық даулар.
Сонымен, әкімшілік юрисдикциясының бірінші ерекшелігі оның өзгеше тақырыбы нақты әкімшілік-құқықтық дау болып табылады.
Нақты әкімшілік-құқықтық дау ретінде жеке дара істі қарап, шешкенде (мысалы, лауазымды адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын дауласушы азаматтың шағымын қараған кезде) дауласушы тараптардың мінез-құлқына құқықтцық баға беру керек. Олай болмаса қаралған дауға қорытынды беретін, яғни қолданылып жүрген заңнаманың немесе заңға тәуелді әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына негізделген дұрыс шешім табуға шындығында мүмкіндік болмайды. Әкімшілік юрисдикциялық қызметтің заңдық мәнінің мәні осында. Тиісті әкімшілік процессуалдық нормалар әкімшілік құқығы туралы дауларды шешуге уәкілеттік берілген атқарушы органдарға немесе өзге де органдарға тап осындай бағдар береді. Мәселен, сот лауазымды адамның заңсыз шешіміне немесе іс-әрекетіне азаматтың берген шағымын қарап, шағым жасалынып отырған іс-әрекетті заңсыз немесе заңды деп тануы мүмкін. Әрине, екінші жағдайда ол шағымды қанағаттандырудан бас тартады. Бірінші жағдайда ол тек сонда ғана қатал шешім қабылдайды, егер шағымданылып отырған іс-әрекеттер азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған, немесе оның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға кедергі жасаған немесе азаматқа заңсыз қандай да бір міндет жүктеген иа болмаса оны заңсыз қандай да бір жауапкершілікке тартқан болса. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауымен немесе іс бойынша шығарылған қаулымен байланысты әкімшілік-құқықтық даулы іс бойынша субъектінің шешім шығару жөніндегі өкілеттігі осыған сәйкес ұқсас айқындалады. ӘҚБтК-те істі немесе шағымды, сондай ақ прокурордың наразылығын қараудың нәтижесі бойынша әр түрлі сипаты бар шешім болатын мүмкіндігі қаралған. Әкімшілік-құқықтық дауды қараудың бұл сияқты, өзінің заңдық сипаты бойынша әр түрлі нәтижесі үшін жауапкершілікке тартылушының да немесе іс бойынша қабылданған қаулыға шағым берушінің де, сондай ақ осы істің пайда болуына және даулы жағдайға келтіруге себепкер болған атқарушы органның да мінез-құлқын құқықтық тұрғыдан бағалау қажет болғандығы белгілі. Сондықтан, пайда болған даудың тараптары жөнінде мінез-құлықты құқықтық бағалау әкімшілік-құқықтық дауды заңға негізделген, әділетті және тиімді шешуді қамтамасыз ететін аса маңызды шарт болып ьтабылады. әкімшілік – юрисдикциялық қызмет үшін ол міндетті. Әкімшілік юрисдикцияның екінші ерекшелігінің мәні осында.
Әкімшілік юрисдикцияның тікелей тақырыбы, жоғарыда анықталғандай, нақты әкімшілік құқықтық дау болып табылатынын, оны шешкен кезде даудың қатысушыларының мінез-құлқын құқықтық бағалаудың тиісті тетігі пайдаланалатындығынан басқа, әкімшілік юрисдикциялық қызметтің мазмұнына тікелей қатысы бар заңдық тұрғыдан принципті маңызды тағы да бір жағдай. Ол тиісті юрисдикциялық іс-әрекеттердің заңдық нәтижелері. Ең алдымен, бұл нәтижелерді бағалаған кезде мынаны ескеру керек, әкімшілік құқықтық қатынастардың тараптары әкімшліік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда бірінің алдында бірі жауапты болмайды. Атқарушы биліктің қасиеті жіне оны жүзеге асырудың тетігі сондай, оларда әрқашанда «жариялылық құқықтық мүдде» көрініс табады, ол әкімшілік құқықытық қатынастар қатысушыларының мінез-құлқы мемлекеттік басқару аясында тиісті мінез-құлық талаптарынан ауытқған кезде бұзылады. Осыған сәйкес тиісті орган арқылы мемлекет алдындағы жауапкершілік пайда болады. Мұның бәрі, сондықтан, табиғи заңды, өйткені, әкімшілік юрисдикциялық қызметтің шегінде әкімшілік құқықтық нормалардың санкциялары іс жүзінде жүзеге асырылады. Сонымен, егер нақты әкімшілік құқықтық дауды қарау барысында дауласушы тараптардың бірінің мінез-құлқына келеңсіз баға берілетін болса, қаралған заңдық жауапкершілік шараларын бірін кінәлі тарапқа қолдану түрінде тиісті заңдық реакцияның қажеттігі пайда болады. Азаматтың, лауазымды тұлғаның немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауына байланысты пайда болатын даулы жағдайларды қараған кезде ӘҚБтК азаматтар, заңды тұлғалар үшін және ішінара лауазымды адамдар үшін әкімшілік жауапкершілік қараған.
Сонымен, әкімшілік юрисдикцияның үшінші ерекшелігі әкімшілік құқықтық даудың кінәлі тарабына заңдық жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдану мүмкіндігі немесе қажеттігі болып табылады.
Сөйтіп, атқарушы органдар өкілдерінің қандай да болмасын іс-әрекеттерін дауласу туралы істер бойынша әкімшілік юрисдикциялық іс жүргізуге, сондай ақ оларға заңдық жауапкершілік шараларын қолдану мүмкіндігіне сипаттама берді. Осы сияқты даулы жағдайларды нақ сол процессуалдық ресімдеу үшін, іс жүргізудің белгілі бір сатылылығын қарайтын ӘҚБтК-тің нормалары тұжырымдалған, сол сатының шегінде әкімшлік жауапкершілікке тартылған тұлғаның заңды құқықтары бұзылды ма, сол туралы мәселе шешіледі.
Юрисдикциялық іс жүргізудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің негізінде әкімшілік юрисдикцияның өзін атқарушы билікті жүзеге асыру аясында пайда болатын әкімшлік құқықтық дауларды қарап шешу, олардың қатысушыларының мінез-құлқын құқықтық бағалау және кінәлі тарапқа қажет болған жағдайларда заңдық жауапкершілік шараларын қолдану мақсатында өкілетті атқарушы органдардың соттан тысқары тәртіппен жүзеге асыратын әкімшілік –процессуалдық қызметі ретінде анықтауға болады.
