Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты  мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 

Бақылау:

 Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді: 

Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау. 

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.

Сыртқы бақылау –  бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау. 

Сыртқы   бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және        2-тарауында айқындалады.  

Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.  

 Қадағалау

Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады. 

Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.

Қадағалау:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 

2)осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де  заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді. 

 Бақылау және қадағалау нысандары

1.Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;

2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады. 

2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкін.

 Бақылау және қадағалау органдарының құзыретi

Бақылау және қадағалау органдары: 1) мемлекеттiк бақылау және қадағалау саласындағы тиiстi бағыттағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады; 2) бақылау және қадағалау жүргiзудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргiзедi; 4) өз құзыретi шегiнде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi; 5) бақылау мен қадағалау тиiмдiлiгi мониторингiн ұйымдастырады және жүргiзедi; 6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметiн өзара үйлестiрудi жүзеге асырады; 7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша қабылдайтын шаралары:

Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi. Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қабылдаған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.

Негiзгi ұғымдар: 1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын берудi, тiркеу есебiне қоюды, сондай-ақ тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi нысанасына байқау және тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар және олардың аумақтық бөлiмшелерi; 2) жедел қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерiлетiн субъектiлерге қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында және тексерулердiң нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi; 3) мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға олардың қызметiнiң сәйкестiгi нысанасында тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн; 4) мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн; 5) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы; 6) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi; 7) тексерiлетiн субъектiлер – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi.

Тексеру түрлерi:

1. Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мынадай түрлерге: 1) жоспарлы; 2) жоспардан тыс болып бөлiнедi. Жоспарлы тексеру – уәкiлеттi орган тәуекелдердi бағалау жүйесiне сәйкес және адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне төнген қатерлердiң алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекiткен тексерулердiң жоспары негiзiнде нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру. Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне тiкелей төнген қатерлердi жою мақсатында нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты тағайындайтын тексеру. 2. Егер осы тармақтың екiншi бөлiгiнде өзгеше белгiленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларында белгiленген тексерiлетiн субъектiнiң жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тiкелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. 3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер: 1) кешендi тексерулер; 2) тақырыптық тексерулер болып бөлiнедi. Тексерiлетiн субъектiге бiрнеше бақылау және қадағалау органдарының бiр мезгiлде тексеру жүргiзуi қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеру тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi. Бақылау және қадағалау органының бiр ғана мәселелер шеңберi бойынша бiрнеше тексерiлетiн субъектiлерге бiр мезгiлде тексеру жүргiзуi қажет болған кезде мынадай: 1) салық органдарында тiркеу есебiне қою; 2) бақылау-кассалық машиналардың болуы; 3) акциздiк және есептiк-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы; 4) бiржолғы талонның болуы; 5) лицензияның болуы; 6) этил спиртiн босатуға рұқсаттың болуы; 7) патенттiң болуы; 8) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi. Кешендi тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтау мәселелерi кешенi бойынша тексеру. Тақырыптық тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелерi бойынша тексеру. 4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшiн бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргiзiлетiн жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 10 мамырына дейiнгi мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жiбередi. 5. Тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады. 6. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдердi бағалау жүйесi iс-шараларының нәтижелерi негiзiнде бекiткен жоспар тексерiлетiн субъектiлерге жоспарлы тексеру тағайындау үшiн негiз болады. 7. Тексерiлетiн субъектiлердi жоспардан тыс тексеруге: 1) тексерудiң нәтижесiнде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау; 2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарынан адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрiлгенi туралы не зиян келтiру қатерi туралы ақпарат пен өтiнiштер алу; 3) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында, тексерiлетiн субъектiнiң азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн қарсы тексеру; 4) тексерiлетiн субъектiнiң өз қызметiне тексеру жүргiзу туралы бастамашылық өтiнiшi; 5) егер тексерiлетiн субъектiге қатысты жоспарлы тексеру жүргiзу белгiленбеген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту; 6) тексерiлетiн субъектiнiң бастапқы тексеруге келiспейтiнi туралы өтiнiшiне байланысты қайталама тексеру; 7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер; 8) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер негiз болып табылады. 8. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi. 9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады. 10. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда объектiлерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi. 11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады. Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу болып есептеледi. 12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. 13. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Заңда белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.

 Тексерудi жүргiзу тәртiбi

1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiнi жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi. 2. Объектiге тексеру үшiн келген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары: 1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi; 2) қызметтiк куәлiгiн; 3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын; 4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы; 5) жоспарлы тексеру кезiнде тексеру парағын көрсетуге мiндеттi. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге берген күннен бастап тексеру жүргiзу басталған болып есептеледi. 3. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды. Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргiзбеу үшiн негiз болып табылмайды. 4. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте тексеру жүргiзушi лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн, ауыстыру себебi көрсетiле отырып, хабардар етiледi.

Тексеру жүргiзу мерзiмi

1. Тексеру жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi, сондай-ақ қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерудi, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргiзiлетiн тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс, олар үшiн салалық ерекшелiктерi ескерiле отырып, тексерулер жүргiзудiң мынадай: 1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күнiне дейiн және он бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын; 2) ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнiнен аспайтын және бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын мерзiмдерi белгiленген. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады. Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi. Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн. Тексеру жүргiзу аясында шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнiнен асатын мерзiмде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады. Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi. Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады. Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады. Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.

Мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң салалары:

1. Мемлекеттiк бақылау: 1) электр энергетикасы саласында; 2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарының сақталуына; 3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында; 4) мұнайгаз кәсiпшiлiгi инфрақұрылымына; 5) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында; 6) мұнай операцияларын жүргiзу саласында; 7) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiне және айналымына; 8) атом энергиясы саласында; 9) автомобиль көлiгi саласында; 10) темiр жол көлiгi саласында; 11) Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында; 12) көлiк саласында; 13) өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында; 14) техникалық реттеу саласында; 15) сәйкестiктi бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына; 16) метрология саласында; 17) тұрғын үй қатынастары саласында; 18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында; 19) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында; 20) тұқым шаруашылығы саласында; 21) астық нарығын реттеу саласында; 22) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында; 23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында; 24) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында; 25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында; 26) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында; 27) жердi пайдалану мен қорғауға; 28) геодезиялық және картографиялық қызметке; 29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында; 30) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне; 31) қалдықтармен жұмысқа; 32) мiндеттi экологиялық сақтандыруға; 33) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында; 34) азаматтық қорғаныс саласында; 35) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында; 36) өрт қауiпсiздiгi саласында; 37) қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында; 38) дәрiлiк заттардың айналысы саласында; 39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына; 40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудiң ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне; 41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне; 42) бiлiм беру жүйесiне; 43) Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуына; 44) еңбек туралы және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға; 45) қызметкердi еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында; 46) халықты жұмыспен қамту саласында; 47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында; 48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында; 49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 50) байланыс саласында; 51) ақпараттандыру саласында; 52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 53) салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуына; 54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес түсiмдердiң түсуiне; 55) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде; 56) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 57) сырттай байқау рәсiмдерiнiң, оңалту рәсiмдерiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң өткiзiлуiне; 58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға; 59) құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдардың қызметiне; 60) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына; 61) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне; 62) экономикалық шоғырлануға; 63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына; 64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиясы объектiлерiн пайдалануға; 65) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiнiн кейiннен жариялау саласында; 66) бағалау қызметi саласында; 67) табиғи монополиялар салаларында; 68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттердi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгiзiлетiн өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша белгiленген бағаларды сақтауына; 69) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне; 71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiне; 72) түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындардың қызметiне; 73) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына; 74) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына; 75) күзет қызметiне; 76) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына; 77) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында; 78) туристiк қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 79) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында; 80) ойын бизнесi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 81) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 82) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; 83) спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында; 84) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне; 85) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында; 86) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне; 87) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына және пайдаланылуына; 88) мемлекеттiк статистика саласында; 89) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау және қорғау саласында; 90) биоотын айналымы саласында; 91) биоотын өндiру саласында; 92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын сақтауда; 93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда; 93) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда; 94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында; 95) ветеринария саласында; 96) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында   жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қадағалау: 1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында; 2) азаматтық авиация қызметiне; 3) халықаралық әуе тасымалдарына; 4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге; 5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында; 6) iшкi су көлiгi саласында; 7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында; 8) ветеринария саласында; 9) өсiмдiктер карантинi саласында; 10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында; 11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына; 12) кредиттiк бюролар қызметiне; 13) инвестициялық қорлар қызметiне жүзеге асырылады.