Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

Объектісі

Қол сұғудың объектісі, яғни әкімшілік құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Объекті өзінің ауқымына байланысты – жалпы, тікелей, қосымша және факультативті болып келеді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік басқару аумағында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзгеде құқық салаларының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Әкімшілік теріс қылық объектісінің түрлері ретінде мыналар табылады: жеке адам, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік; меншік; мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар; басқару аясындағы қатынастар; басқарудың белгіленген тәртібі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі – құқық бұзушылықпен зиян келтірілетін нақты қоғамдық қатынастар. Мысалы, қоғамдық өнеге, ар–намыс, азаматтардың абыройы– ұсақ бұзақылық жасалған кезде; азаматтардың тыныштығы–түнгі уақытта айғай–шу болған кезде.

Қосымша объектісі – құқық бұзушылықпен зиян келтірілетін қоғамдық қатынатар, бірақ олар құқық қорғаудың негізгі объектісі болып табылады.

Факультативтік объекті – құқық бұзушылықпен зиян келтірілуі мүмкін болатын, әлде мүмкін болмайтын қоғамдық қатынастар.

Объективті жағы

Құрамның объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын және әреке т немесе әрекетсіздік және туындаған нәтижеден көрініс табатын құқық нормасын бұзушының сырт көрінісі бар мінез– құлқының қоғамға қарсы актісі ретінде теріс қылықты сипаттайды. Мысалы, ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда балағат сөйлеуден, жеке тұлғаларды қорлап тиісуден , тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлаудан, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың таныштығын бұзудан, төңірегіндерді сыйламаудан, арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырудан, басқа да оындай іс– әрекеттерден көрініс табуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағын саралау нақты құқыққа қарсы әрекетпен және соның нәтижесінде пайда болған салдарлардың арасындағы себептік байланысты табуды болжайды. Құқыққа қарсы іс–әрекетпен және пйда болған нәтиженің арасындағы қажетті себепті байланысты айқындаудың мәні мынадай: пайда болған нәтиженің туындауына әкеп соқтырған мән–жайларды табу; қорытындысында әлдебір нәтижеге келтірген анықталған мән–жайлардың әрқайсысының рөлін бағалау.

2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер– лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары бөлінеді.Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл–есі дұрыс, 16-жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК– тің 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мұндай адамдарға нақты мән– жайларды және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдар айтарлықтай ерекшеліктерімен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Басқаша айтқанда, лауазымды адамдар басқарудың белгіленген тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғаудың, және т.б. жөнінде белгіленген ережелерін сақтамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін, егер бұл сияқты ережелерді орындауды қамтамасыз ету олардың қызметтік міндеттеріне жататын болса, жауапты болады. Ұндай мән– жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.

Ұйымдастырушылық – билік етуге немесе әуімшілік шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер, сондай– ақ мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін– өзі басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың басшылары, басқару функцияларын орындайтын басқа қызметкерлері жауаптылықта болады.

Мемлекеттік тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке нотариус, адвокат, сол сияқты дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық – билік ету немесе әкімшілік – шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкерлері, сондай– ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

Шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.