Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріліп, оларды белгілі бөлімдермен таралауға орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған әкімшілік жауаптылық туралы заңды іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін жүйелеу ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады және бұл құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін кемшіліктердің қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.

Жалпы, құқық теориясына сәйкес заңнамаларды жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш түрі белгілі. Олар:

1. Инкорпорация;

2. Кодификация;

3. Консолидация.

Кодификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өңдеуді де қамтиды. Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы ісінің бір түрі болып табылады.

Кодификацияның нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп, ол кодификациялық акт деп аталады. Оған жататындар: кодекстер, жарғылар, жарлықтар. Кодификация жалпы және арнайы деп екіге бөлінеді. Кодификацияның белгілі бір түрлеріне: жарғылар, жөн-жоба (тәртіп реті, регламент), қағидалар жатады. Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.

Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және хронологиялық (мерзімдік) белгілері негізінде, яғни сыртқы сипаттарына қарай немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады. Сонда, жүйелеудің қарапайым және көптараған түрі құқықтық актілерді инкорпорациялау болып табылады. Инкорпорация ресми және бейресми де болады. Ресми инкорпорацияны ресми органдар жүзеге асырады. Мысалы, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің жеке актілерінің жинағы жатады. Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес бастамасымен жекеленген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүргізе асыра алады. Мысалы, «Жекешелендіру туралы нормативтік актілер», «Әкімшілік-құқықтық бұзушылық заңдары» және т.б.

Консолидация, кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау әдісі үдерісіне бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір ізгілікпен дәйекті, қисындық маңызы сақталына отырып, қайталауларды болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады.

Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды сатылап жүйелегенде:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, ең әуелі ӘҚБтК, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;

7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Полицейлік құқық

Заң ғылымдарының докторы, полковнигі И.И.Мушкет пен заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Хохловтың еңбектерінде мемлекеттің полицейлік функциялары тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады:

1. ХІІ–ХV ғасырларға дейін;

2.ХVІІІ ғасырлардың соңына дейін;

3. ХІХ–ХХ ғасырлар.

Мемлекеттің полицейлік функциялары туралы алғашқы көзқарастардың пайда болу кезеңінен бастап күні бүгінге дейінгі әлемдік тарихына барлау жасалуы полицейлік құқықтың құндылығын артқан. мемлекеттің қоғамда болып жатқан әлеуметтік үрдістерге тигізетін реттеуші әсері, мемлекеттің полицейлік функциясы деп анықталып келген мемлекеттік функция шеңберінде жүзеге асырылады. сонау ерте заманда пайда болған полицейлік функция мемлекетпен бірге өзгеріске ұшырап отырды. уақыт өте келе мемлекеттік органдар жүйесі құрылып, осы функцияны іске асыруды маманданды. Сөйтіп, мемлекеттің полицейлік функциясы және мемлекеттік полиция органдарының қызметі өзара байланысты категориялар болып табылады, тіпті, тарих дамуының белгілі бір кезеңдерінде мемлекеттің полицейлік функциясы жүзеге асыру қызметін мемлекеттік полиция қызметімен бірдей деп қарастыруға болатын. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекет жағдайында мұндай ұқсастыру дұрыс болмас. сондықтан, мемлекеттің полицейлік функциясы ұғымын, оның мазмұнын, полиция функциясымен арақатынасы, тарихи дамуын зерттеу заң ғылымының алдында тұрған өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Мемлекет дамуының көзбен шолып өтерлік тарихи кезеңінде мемлекеттің полицейлік қызметінің мамандану үрдісі байқалады. Бастапқыда полиция функциясын мемлекеттік құрылымдар ғана емес басқа әлеуметтік институттар (патриархалды отбасы, шіркеу және т.б.) атқарады. Мемлекеттің әлеуметтік байланыстарға араласуы Еуропада абсолюттік монархиялар болған кезде өзінің шарықтау шегіне жетті, дәл сол кезде мемлекет полицейлік мемлекет ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде мемлекеттік аппараттың бүкіл қызметі полицейлік қызмет деп түсіндірілді, атап өтетіні бұл қызмет заң шығарушы, сот және әкімшілік билік нысанында іс жүзіне асырылытын, сыртқа –жеке азаматтарға және мемлекеттік емес әлеуметтік құрылымдарға қатысты бағытталған, ал соңғыларын осы жағдайға орай мемлекеттік емес деп қарауға болмайтын еді.

Полицейлік қызметінің басты қызметі, бір жағынан, іс жүзінде бар әл ауқатты бұзатын іс–әрекеттердің ізін кесу, ал, екінші жағынан, халық игілігінің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады деген ереже аксиома болып саналатын. Полицейлік функциясының дамуының соңғы сатысын сипаттағанда, ұран деңгейінде болса да, рационалистік негізде қоғам құруға тырысатын және әлеуметтік үрдістерді басқаруды ұйымдастыру кезінде дәлме–дәл таптық, яғни, сословиелік көзқарасты жүзеге асыратын.