- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объектісі
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделедi.
10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелерi;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берiлген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестiрiледi.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.Мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқарушылық мiндеттердi атқаратын адамдар болып көрсетiлген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адамдар танылады.Ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк мiндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметi түсiнiледi. Бұл мiндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және iрiктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртiптiк жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртiбiн сақтау жатады.Әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мүлiктi, соның iшiнде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билiк ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсiнiледi.
