- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объектісі
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында әкімшілік-құқықтық дауларды ӘҚБтК-ке сәйкес негізінен жалпы юрисдикциялық соттар және екі Бас қаладаға мамандандырылған ауданаралық соттар қарап щещеді. Сот билігі органдарының бұл сияқты қызметінде әзірге толық қалыптаспаған Қазақстанның әкімшілік юстиция жүйесінің элементтері көрініс табады деп айтуға болады.Сот органдары әкімшілік істерді қараған кезде, шындығында, өздеріне бағынышты емес органдар, жеке заңды тұлғалар жөнінде өздеріне тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді пайдаланады. Сондықтан олардың бұл қызметін қадағалау ретінде сипаттау негізді деген пікір дұрыс сияқты. Бірақта заңнамалық актілерде ол мемлекеттік бақылау ртінде белгіленген, бұл сот билігінің шынайы заңдық табиғатына сәйкес келмейді.Бұл жөнінде мынадай факт дәлел бола алады.Соттар мен атқарушы билік органдарының қарым-қатынастарымен өте ұқсас прокуратура органдарының қызметі ресми түрде қадағалау деп танылған. Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде тек нақты сот істерін қарауға ғана апарып тіреуге болмайды. Сот билігі- құқықтық мемлекеттің ажыратылмас элементі. Ол әрі күшті, әрі тәуелсіз болғандықтан әркімнің құқықтарының кепілі болып табылады және оларға кім болса да қолсұғатын болса, ол құқықтарды қорғай алатын болуға тиіс.Сонымен бірге сот билігінің бұдан да кем емес маңыздылығы- бұл әрі атқарушы биліктің қалыпты жұмыс істеуінің де кепілі. Сот билігі тек сот төрелігімен ғана емес, сонымен бірге атқарушы биліктің шешімері мен іс-әрекеттеріне белсенді ықпал ету мүмкіндігімен де сипатталады.
6.3. Қазақстан Республикасында әкімшілік соттардың жүйесі. Әкімшілік соттардың өкілеттіктері, олардың құқықтық мәртебесі және құзыреттілігі.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар);2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Әкімшілік сот құзыретiнiң ерекшелiгi. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс. 3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.
Жалпы юрисдикциялық соттарда:
1) негізгі сот құрамдас бөлігі – аудандық (теңестірілген) соттар;
2) орташа сот құрамдас бөлігі – облыстық (теңестірілген) соттар;
3) жоғары сот құрамдас бөлігі – ҚР Жоғарғы Соты.
Әскери соттар:1. Негізгі сот құрамдас бөлігі – гарнизон әскери сот;2. Орташа сот құрамдас бөлігі – ҚР Әскерлерінің әскери соты.Сот инстанция – сот іс жүргізу, аялық түсінік.Сот инстанция сот қызметінің сипаты және орындайтын сот функциясын көрсетеді.Бірінші инстанция соты – сот мәжілісінде істің жағдайларын нақты зерттейді, белгілейді және іске сәйкес шешім мен үкім шығарады.Екінші инстанция (шағым) сот – заң күшіне енбеген сот актілер шағымдар мен наразылықты қарастырады. Егер шағым мен наразылық түспесе, 15 тәуліктен кейін шешім заң күшіне енеді.Апелляциялық инстанция, бастапқы ретінде қаралған соттан жоғары тұрады. Аудандық соттарға апелляциялық инстанция болып облыстық (оған теңестірілген) соттар табылады. Орташа сот құрамдас бөлігіне Жоғарғы Сот апелляциялық инстанция болып табылады.Екінші инстанция сотының қаулылары заң күшіне жылдам енеді, шағымданбайды.Заң күшіне енген қаулыларды, қадағалау ретінде қарастыруға болады.Қадағалау ретінде тек қана заң күшіне енген сот шешімдерін қарауға болады.Сот қаулылары өкілеттігі бар құқықтық жеке тұлға наразылығы бойынша тексеріледі.Қадағалау ретінде істерді қарайтын соттар заңда белгіленген.Аудандық (қалалық) сот – жалпы юрисдикциялық соттардың жүйесіндегі негізгі сот құрамдас бөлігі Аудандық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.І инстанция соты ретінде аудандық сот 95 пайыздан көп бүкіл істерді қарастырады.Аудандық сот төрағадан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.Аудандық соттың өкілеттігі:Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
Аудандық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2) сот статистиканы жүргізеді;
3) басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ҚАРАУДЫҢ ТӘРТІБІ
