Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.

Әкімшілік  өндіріс – бұл мемлекеттік басқару сферасында  атқарушы органдармен, ал  заңмен көзделген жағдайда  өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де  жеке нақты  істерді  шешудің  құқықпен реттелген  тәртібі.

Әкімшілік өндірістің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.Әкімшілік процестің қағидалары.Әкімшілік өндіріс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:

1) заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.

Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.

2)Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.

3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;

4)Жариялық қағидасы – ереже ойынша, өндіріс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз өндірісуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.

5)Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Өндіріс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;

6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.

7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;

8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

        

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кезеңдері (стадиялары) :

І — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау;

ІІ – істі қарау;

ІІІ — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы шығару;

ІУ – қабылданған шешімдерді орындау;

У – шешімге шағым беру.

1 - кезең: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау – іс жүргізушіліктің бастапқы кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және өндірісуалдық ресімделуі бар. Осы кезеңнің мән-маңызы өндірісуалдық құжат тудыру — әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тудыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың негізі – тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы. Әрбір құқық бұзушылыққа заңға сәйкес айыппұл салынады және төлеттіреді, ал ескерту құқық бұзушылық істеген жерде тіркеледі және осыған өкілетті лауазымды тұлға жазуы қажет.

Істі қозғау нақты әкімшілік-өндірісуалдық қатынас тудыруға әкеп соғады, ол жасалған құқық бұзушылықты ашудың және оны өндірісуалдық рәсімдеудің салдары болып табылады.

Сөйтіп, іс бойынша іс жүргізуді бастаудың материалдық негізі болып тұлғаның әрекетінде әкімшілік заңмен қарастырылған құқық бұзушылық құрамының болуы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы хаттаманы жазуға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген өкілетті тұлғалар құқылы (ІІО лауазымды тұлғалары, атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, жол полициясының органдарының лауазымды тұлғалары, мемлекеттік қалалық техника қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың мазмұнына заң нақты талаптар белгілеген. Онда міндетті түрде көрсетілуі қажет: жазылған күні және орны, хаттама жазған тұлғаның аты-жөні, әкімшілік құқық бұзушылық орны, уақыты және мәнісі; соны жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын нормативтік акт; куәлар, істі шешу үшін қажетті өзге де мағлұматтар.

Хаттамаға оны толтырған немесе жазған тұлға, құқық бұзушы, егер куә мен жәбірленуші болса, солар қол қояды. Құқық бұзушылық істеген адам өзінің түсінігін беруге құқылы және ол хаттамаға қосымша болуы қажет.

Іс жүргізуді одан кейін өте тиімді, әділ және заңды түрде жүргізу үшін хаттамада айғақтар тіркеледі (айғақ дегеніміз – кез келген факт жүзіндегі мәліметтер, соның негізінде заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті органдар істі қарайды, берілген тұлғаның істеген ісінде құқық бұзушылық, кінәлілік бар ма, жоқ па соны анықтайды және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жеғдайлар бар ма, жоқ па соны анықтайды.)Хаттама бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін өкілетті органға жіберіледі.

Кейбір жағдайда заңмен тура қарастырылған жағдайда хаттама толтыру, жазу міндетті емес, мысалы, егер тұлға теміржол көлігінде жол жүру тәртібі мен қауіпсіздігін сақтау және қорғау бойынша ережені бұзғанда, әуе кемесінің тәртіп ережесін бұзғанда тұлғаға осыны істегені үшін әкімшілік жазаға тартқанда дауласпаса хаттама жазылмайды, сонымен қатар өзге де жағдайларда айыппұл салынып және төлеттіріп алынса, ал ескерту құқық бұзушылық істелген жерде тіркеледі.

Егер хаттама жазу міндетті түрде болып, ол сол жерде оны істеу мүмкін болмаса ( құқық бұзушының жеке басы анықталмаса), құқық бұзушыны өкілетті орган полицияға алып келеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезңінде құқық бұзушыға қажетті жағдайда мына әкімшілік бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін: тұлғаны әкімшілік ұстау, жеке басын тексеру, қарау, заттарды қарау, тексеру, заттарды және құжаттарын алу.

Аталған шараларды істеудің мақсаты: әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, хаттама толтыру, жазу, істі уақтылы және дұрыс қарау.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік ұстау тек заңда қарастырылған жағдайда және осығын заңмен өкілеттік берілген орган (ІІО, шекаралық әскер) жүргізеді. Әкімшілік ұстау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет (бұзушыны хаттама толтыру үшін әкелге сәттен бастап саналады). Міндетті түрде әкімшілік ұстау туралы хаттама толтырылуы қажет.

Жеке басын тексеру, қарау және заттарды тексеру тек осыған өкілетті лауазымды тұлғалар жүргізуі қажет. Жеке басын тінтіп, қарау қаралушы, тексерушілермен бірдей жыныстағы өкілетті тұлға және сол жыныстағы 2 куә болған жағдайда жүргізуге құқылы.

Заттарды, багажды, аңшылық құралдарын және басқа да қралдарды тексеру, қарау, тінту қандай адамның меншігінде немесе иелігінде болса, сол тұлғаның қатысуымен жүргізілуі қажет, ал оның орынды жағдайда бола алмайтын кезде заттары 2 куәнің қатысуымен ол жоқта тексеріледі, тінті жүргізіледі.

Заттар мен құжаттарды алу тек мына жағдайда ғана қолданылады, егер, біріншіден, құқық бұзушылықтың құралы немесе объектісі болып табылса; екіншіден, ұстаған кезде, жеке басын тінткенде немесе заттарын тінтуде алынса.

Алуды өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары жүргізеді. Осы органдар алынған аттар мен құжаттарды істі қарағанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді. Істі қарағаннан кейін алынғандар белгілеген тәртіпте тәркіленеді немесе иесіне қайтарылады, немесе жойылады.

Барлық жағдайда жоғарыда аталған бұлтартпау шараларын қолданғанда лауазымды тұлға хаттама жазуы қажет немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес жазулар жасалынуы тиіс.

Айта кететін жай, бұлтартпау шараларын қолдану міндетті емес, бұл тек сәйкес құзырлы органның міндеті емес, құқығы болып табылады.

2 - кезең — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау — әкімшілік іс жүргізушіліктің негізгі кезеңі, бұнда өндірісуалдық қызметтің осы түріне барлық ерекшеліктері, негізгі белгілері білінеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға мына органдар мен лауазымды тұлғалар құқылы:

1)     әкімшілік комиссия (заңға сйкес өзге органдардың құзырлығына берілген істерден басқа, барлық істерді шешеді);

2)     поселок, село, ауыл әкімшілігінің басшысы;

3)     кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша комиссия (кәмелетке жасы толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді);

4)     аудандық (қалалық) соттар, судьлар;

5)     ІІО;

6)     әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар (өрт қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік органдар, жол полициясы, жер қойнауын қорғау және геология Министрлігінің органдары, Ұлттық патенттік ведомства органдары, орман шаруашылығы органдары, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік сәулет-қала салу органдары)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың құқықтық мәртебесі заңмен белгіленген. Оларға мына тұлғалар жатады: әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куә, сарапшы, тілмаш. Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Құзырлы орган іс бойынша айғақтарды құқық бұзушылық жасаған фактіні, бұнда нақты тұлғаның кіәсін анықтау үшін, басқа да істі дұрыс қарау үшін маңызды жағдайды белгілеу үшін толық, жан-жақты , әділ бағалауы қажет.

Айғақтар:

-    құқық бұзушылық туралы хаттама;

-    әкімшілік құқық бұзушылық істегені үщін жауапқа тартылған тұлғаның түсінігі;

-    куәлардың мәліметтері;

-    жәбірленушінің мәліметі;

-    сарапшының қорытындысы;

-    заттық айғақтар;

-    әкімшілік бұлтартпау шараларын қолдану туралы хаттама.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің өзге де материалдарын өкілетті орган алған күннен бастап істі қарау үшін жалпы мерзім – 15 күн беріледі. Істердің кейбір категориялары бойынша қараудың қысқартылған мерзімдері де қарастырылған:

А) ұсақ бұзақылық, спирт ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны туралы істерді – 1 тәулік ішінде қарау мерзімі;

Б) радиоқабылдағыш құралдарды рұқсатсыз жасау және пайдалану туралы істерді – 3 тәулік ішінде;

В) ұсақ ұрлықтар – 5 күн ішінде.

Құзырлы орган бірқатар сұрақтарды шешу кезінде істі дайындаудың маңызды мәні бар: берілген істі қарау осы органның құзырлығына жата ма?; құқық бұзушылық туралы істердің хаттамасы және өзге де материалдар дұрыс жазылған ба; барлық қажетті материалдар жинақталған ба; іске қатысушы тұлғалардың өтініштерінқанағаттандыруға жата ма; барлық қптысушы тұлғаларды істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

1)     берілген істі қарайтын органның құрамын немесе лауазымды тұлғаны ұсынуды хабарлау (жариялау);

2)     төрағалық етуші, қандай іс тыңдалады, жауапкершілікке кім тартылады – соны жариялайды, іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3)     әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жариялау;

4)     іске қатысушы тұлғаларды тыңдау, айғақтарды зерттеу.

 

Міндетті түрде анықталуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма; оны жасаған тұлға кінәлі ма; оған әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға бола ма; кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар бар ма; мүліктік зиян келді ме; істі қоғамның қарауына беруге негіздер бар ма немесе істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жағдайлар бар ма.

Іс бойынша өндірісуалдық мәліметтер хаттамада жазылады.

3 - кезең — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару. Өкілетті орган немесе лауазымды тұлға істі қарағаннан кейін іс бойынша қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі:

1) қаулы шығарған органның аты;

2) істі қараған күн;

3) іс бойынша шешім шығарған тұлға туралы мәліметтер;

4) қарау кезінде анықталған мән-жайларды баяндау;

5) осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған нормативтік құқықтық актіге сілтеме;

6) іс бойынша қабылданған шешім;

7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша шығарылатын қаулының 2 түрі болады:

1)     әкімшілік жазаға тарту (салу)

2)     іс жүргізушілікті тоқтату туралы.

Іс жүргізушілікті тоқтату туралы қаулы мынадай жағдайларда шығарылады:

1)     іс бойынша іс жүргізушілікті болдыртпайтын мән-жайлар (құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы, 16 жасқа толмаған тұлға құқық бұзушылық жасаса, құқық бұзушылық жасаған тұлғаның есі дұрыс емес жағдайда жасаған болса);

2)     өзге де мән-жайлар (онша елеулі емес мән-жайлар және ауызша ескерту жасау, материалдарды қоғамның, прокурордың, алдын ала тергеу органдарының қарауына беру).

Істі қаруды аяқтағаннан кейін қаулы бірден жарияланады. 3 күн ішінде қаулының көшірмесі құқық бұзушы тұлғаға табыс етіледі, ал жәбірленушіге оның сұрауы бойынша беріледі.

Осы аталған тұлғалар 1 айдың ішінде қабылдаған шаралары туралы ұсыныс жасаған органға хабарлауы қажет.

4 - кезең – қабылдаған шешімді орындау — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің соңғы сатысы.

Әкімшілік жазаны салу туралы қаулыны барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар орындауға міндетті.

5 - кезең — әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым арыз қаулы шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Бұл стадия осы іс жүргізушіліктің қосымша стадиясы болып табылады.

Әкімшілік процестің субъектілері:

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде  — сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.

Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.

Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.

Азаматтардың қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады.

1)  бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап). Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында өндірісуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;

2)  бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.

Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.

Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:

1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар

2) Мемлекеттік органдар

3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер

4) Қоғамдық ұйымдар

5) Мемлекеттік қызметкерлер

6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.

ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектілерінің үлкен тобын құрайды. Әкімшілік процесте олар мынадай түрде қатысады:

1) істі шешуге құқылы орган алдында әкімшілік істі қозғайтын тұлға ретінде;

2) құқығы бұзылған немесе даулы құқығын қорғауда әкімшілік даудың тарабы (жағы) ретінде;

3) үшінші тұлға ретінде, яғни даулы құралға талап берген тұлға ретінде, сондай-ақ осындай талап бермеген, бірақ тараптардың біреуінің талаптарына қосылған тұлға ретінде;

4) өкілетті өкіл ретінде, егер де өзгедей заңмен қарастырылмаса;

5) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде;

6) жәбірленуші ретінде, яғни әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде моралдық, күштеу арқылы немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде;

7) куә;

8) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын тұлға ретінде (қорғаушы, адвокат).

6-ТАҚЫРЫП. ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯ