Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.52 Кб
Скачать

1-ТАҚЫРЫП. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ.

1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауаптылықты туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауаптылықты тудырады.

Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.

1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.

Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Біріншіден, ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады. өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл заңдылық пен құқықтық әділеттіліктің жалпы қағидаларына бағынатын құқықтық мәжбүрлеу.Үшіншіден, ол құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соқтырады. Төртіншіден, әкімшілік жауаптылықтың шараларына әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.

Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды.

1)Ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады.Өйткені ол биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады.

2)Бұл заңдылық пен құқықтық әділеттіліктің жалпы қпғидаларына бағынатын құқықтық мәжбүрлеу.Әкімшілік жауаптылық онын көлемі мен шегін құқықтық регламентациялау, нақты әкімшілік жазалардаын негіздемелері,мазмұныны жүзеге асырудың процессуалдық нысандарын нормтивтік белгілеу негізінде қолданылады.Әкімшілік жауаптылықтың құрмдақ элементтерін реттейтін нормалар жиынтығы әкімшілік құқықтын дербес институты болып табылады.

3)Ол құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарладың туындауына әкеліп соғады. Әкімшілік жауаптылық шаралары өзінің мазмұны бойынша ӘҚБтК- те қаралған бұзушылардың құқықтары мен бостандықтарын жоюдан немесе шектеуден көрініс табады, өйткені басқаша жолмен бір тұлғаларға мәжбүрлеп ықпал жасау мүмкін емес.Құқық бұзушы үшін жағымсыз салдарлар моральдық яғни ескерту, материалдық яғни айыппұл, тәркілеу, өтемін төлеп алып қою немесе дене күшін жұмсау сипаты бар әкімшілік қамауға алу кемтарлық көру немесе шектеулер түрінде туындауы мүмкін.

4)Әкімшілік жауаптылықтың шараларында әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.Нақ осы әкімшілік жаза құқық бұзушылармен күресуде соңғы инстанция болып табылады, сөйтіп куәгер жасалынған бұзушылықтын сипаты мен қоғамдық қауіптілікке сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.

Жалпы алғанда заңдық жауаптылықтың және соның ішінде әкімшілік жауаптылықтың және соның ішінде әкімшілік жауаптылықтың бұл белгісі оның ерекшелігін өте айқын білдіреді, атап айтқанда: мемлекеттің атынан кінәлі мінез –құлықты айыптау, құқық бұзушыны мемлекеттік тұрғыдан ұялту.

5)Заңдық жауаптылық әрқашанда құқық бұзушылықтың нәтижесі ретінде қаралып келеді, яғни бұл, тапсырылған іс үшін, алға қойылған міндетті орындау үшін жауаптылық ретінде түсініледі, ол құқықтық міндет немесе борыш ұғымымен сәйкес болған кезде,дұрыс деп аталатын жауаптылықтан айырмасы, өткенге мән беретін ретроспектті немесе жағымсыз жауаптылық.

Әкімшілік мәжбүрлеудің бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуіне мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілеріне мыналар жатады.Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, онын міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік –биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады.Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының : карантин қоюдың ,кедендік тексерудің мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықты міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіріледі,олар әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Сонымен бірге, карантин, кедендік тексеру және өзге де осы сияқты мәжбүрлеу шаралары туралы айтқанда , жалпы тыйым емес, құқық нормаларының диспозициялары емес, керісінше мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тікелей жедел қызметінен, адамдардың мінез-құлқына, олардың еркіне тікелей ықпал ететін нақты актілерінде карантин аумағындағы адамдардың обсерваторға орналастырылуы, жолаушылардың жеке басына тексеру жүргізу, т.б көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеудің нақты шаралары еске алынып отыр.Сонымен бірге өздеріне арналған белгіленген ережелерді карантин режимін, тексеру тәртібін, және солармен байланысты нақты мемлекеттік әрекеттерді тиісті субьектілердің өз еріктерімен және саналы түрде орындаулары олардың обьективтік мәжбүрлік мазмұнын- олардың жеке басының бостандығына, жеке басы мен мүліктік тиіспеушілігіне қатал құқықтық шектеулер болуын жоймайды.Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни, олар қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.