Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

1. Демография және оның медициналык-әлеуметтік аспектілері Демографиялық үрдістерді зерделеу әдістері, негізгі көрсеткіштер, есептеу әдістемесі, талдау.

Демография (demos-халық, grafo-жазамын), яғни халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым.

1 Бөлім- бір уақытқа сәйкес халық санын білу, оны «статика» дейді.

2 Бөлім- халық санының өзгерушілігін зерттеу, оны халық санының динамикасы дейді. Оның екі түрі бар:

а) Халықтың механикалық қозғалысы.

б) Халықтың табиғи өзгеруі.

Демография - тұрғын халықтың қоғамдық даму жағдайын зерттейтің ғылым. Сонымен қатар тұрғын халықтар арасында әлеуметтік , экономикалық сонымен қоса биологиялық және географиялық факторлардың құқықтық процестерін зерттейді.

Тұрғын халықтың мәселелері назар аудартады және қазіргі замандағы ірі проблемаларға орай олардың маңызы күрделі болып табылады.

Тұрғындарды статистикалық оқыту екі бағытта жүргізіледі:

1.Тұрғындардың саны, құрамы, және орналасу ерекшеліктері т.б. тұрғындардың құрамы мынадай белгілері бойынша анықталады: жынысы, жасы, ұлты, мамандығы, географиялық орналасуы және тұрғындардың тығыздығы;

2.Тұрғындар санының өзгеруі, денамикасы, қозғалысы.

Бөлінуі:

1. Тұрғындардың механикалық қозғалысы (миграциондық үрдістердің өзгеруі), ауылдан қалаға көшуәне байланыты және миграция мен иммиграция және ішкі миграция.

2.Тұрғындардығ табиғи қозғалысы, тууға және өліміне байланысты.

Демографиялық көрсеткіштерді есептеп шығару тәсілдері

1.Туыттылық көрсеткіші:

Т.К= Осы жылға туылған перзенттер саны Х 1000

Орташа халық саны

2.Қазалылық көрсеткіші:

Қ.К= Осы жылда өлгендердің саны х 1000

Орташа халық саны

3.Халық санының табиғи өзгерісінің арнайы көрсеткіштері: а) Жалпы ұрықтылық көрсеткіш: Осы жылы тірі туылған перзенттер саны х 1000 15-49 жастағы әйел адамдардың саны б) Тұрғындардың жасына қарай туылғандардың көрсеткіштері: Белгілі бір жастағы әйел адамдардың т.к х 1000 Осы жастағы әйел адамдардың саны в) Жасқа қарай қазалылық көрсеткіші: Белгілі бір жастағы қайтыс болған адамдар саны х 1000 Осы жастағы адамдар саны Г) Сәбилер қазалығының саны көрсеткіші: Осы жылы туылған бір жасқа толмай қайтыс болған адамдар саны х1000 Осы жылы туылған балалар саны д) Перзенттер қазалылығының көрсеткіші: Осы жылы туылғаннан кейін бір ай ішінді қайтыс болған перзенттер саны х 1000 Осы жылы тірі туылған перзенттер саны е) Перинаталдық қазалылық көрсеткіші: Өлі туылған нәресте және бір аптаның ішінде қайтыс болған перзенттер саны х 1000 Өлі және тірі туылған перзенттер мен нәрестелер саны

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған демографиялық көрсеткіштерді бағалау әдістері:

  1. Қабылданған арнайы дәрежемен салыстыру.

  2. Көрсеткіштердің уақытқа байланысты өзгерісін салыстыру.

  3. Басқа аймақтарда алынған деректермен, жеке халық топтары көрсеткіштерін салыстыру.

Әлеуметтік- медициналық зерттеулерде қолданатын негізгі тәсілдер:

-Статистикалық;

-Тарихи;

-Сараптамалық;

-Экономикалық;

-Эксперименттік (тәжірибиелік);

2. Әйелдер кеңесінің жұмыс корсеткіштері.

Акушер-гинекологиялық қызмет көрсетуге негізгі орынды әйелдер консультациялары алады, ол емдеу-профилактикалық мекемелердің диспансерлік типтері және амбулаториялық поликлиникалық көмек көрсету орны әйелдерге өмір бойынша профилактикалық емдеу ұйымдастыру. Әйелдер консультациялары территориялық учаскелік принцип бойынша ұйымдастырылады,әр дәрігерге белгілі участок бөлініп беріледі.

Әйелдер консультациясының құрамы:

  • Регистратура

  • Акушерлік-гинекологиялық бөлім учаскелік бөлім акушер-гинекологтардың кабинеттері, психопрфилактика кабинеті,аналар мектебі операция бөлмесі.

  • Мамандар кабинеттері(терапевт,стоматолог,дермавенеролог)

  • Медициналық генетика кабинеті

  • Неке және отбасы жағдайына байланысты консультация

  • Емдеу және профилактика жұмысын ұйымдастыру қарсты көмекші бөлім,физиотерапия,емдеуге арналған дене тәрбиесі,процедура,егу жүргізетн кабинеттер лаборатория.

  • Әлеуметтік,құқық кабинеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]