Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

2. Әлеуметтік, медициналық , экономикалық нәтижелілік туралы түсінік

Нәтижелік белгілер факторлық белгілерге байланысты бағынышты өзгеріп отырады.Мысалы: Адамның жасы ұлғайған сайын факторлық белгі, оның салмағы және бойы өзгереді.

3.Медициналық қызмет сапасын бақылау.

Медициналық қызмет сапасын басқаруда медициналық көмек сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу маңызды роль атқарады.

Жалпы медициналық қызмет сапасын бақылау жүйесі өзара байланысқан элементтерден құралған:

-Бақылауға қатысушылар

-Бақылау заттары

-Бақылау механизмдері

Бақылауға қатысушыларға медициналық қызмет сапасын бақылауға қатысатын барлық субъектілер жатады. Олардың өзі 2 топқа бөлінеді:

  1. Медициналық мекемеден тыс орналасқан бақылау субъектілері

  2. Медициналық мекеме ішінде орналасқан бақылау субъектілері.

Медициналық қызмет сапасын бақылау заттарына:

  • Медициналық стандарттар

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары мен инструкциялары

  • Медициналық қызмет сапасын бақылау көрсеткіштері

  • медицина қызметкерлері қызметінің жұмыс нәтижелері

  • Халық денсаулығы көрсеткіштері

Бақылауды жүзеге асырушы механизмдарға:

  • Медициналық қызмет сапасын бақылау жайлы ақпаратты жинау мен анализдеу

  • Алынған мәліметтердге экспертиза

  • МҚСБ нәтижесі бойынша шешімдердің эффективтілігінің анализі

Медициналық қызмет сапасын бақылау жүйесінің 1ші деңгейі әр дәрігердің өз жұмысын өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруынан басталуы керек.

  • Медициналық қызмет сапасын бақылаудың 2ші деңгейін клиникалық және параклиникалық бөлімдердің жетекшілері жүзеге асырады. Бұл деңгейде клиникалық бөлім бақылауында әр аяқталған жағдайдың емінің нәтижесі бағаланады.

  • Оған байланысты емдеу сапа деңгейі интегралды көрсеткіші қолданылады. Ол ай сайын әр дәрігерге және жалпы бөлім бойынша есептелінеді.

Оған байланысты келесі формула қолданылады:

  • ЕСД= АШОБ + СБ / 200%

  • АШОБ- алған шаралардың орындалуын бағалау

  • СБ- сапаны бағалау

АШОБ= ДШОБ + ДБ + ЕШБ

  • ДШОБ – диагностикалық шаралардың орындалуын бағалау

  • ДБ – диагнозды бағалау

  • ЕШБ – емдік шараларды бағалау

Әр бағалау өзіндік сипаттау мен әр қайсысы баллмен бағаланады:

  • Сапаны бағалау – науқас леталдылығы немесе жағдайының едәуір нашарлауы; стандартты критериі – 0 баллға жетпейді. Науқас жағдайы өзгермесе, стандартты критериі біраз орындалды – 1-3 балл; науқас жағдайы біраз жақсарды – 4-6 балл, науқас жағдайы жақсарды – 7-8 балл; науқас жағдайы өте жақсарды – 10 балл.

  • Диагностикалық шаралардың орындалуын бағалау: анамнез жиналмаған, диагностика жүргізілмеген – 0 балл, анамнез біраз жиналған, диагност. шаралар толық жасалмаған – 1-3 балл; анамнез толық жиналған, диагност. Толық емес – 4-6 балл, анамнез толық, диагност. Стандартқа сай, сәл жетіспеушіліктері бар – 7-9 балл, анамнез толық, диагност. Шаралар толық – 10 балл.

  • Диагнозды бағалау: диагноз дұрыс құрылмаған немесе жоқ – 0 балл, диагноз толық емес-1-3 балл, диагноз дұрыс, бірақ толық емес – 4-6 балл, негізгі ауру диагнозы дұрыс, барлық аурулар анықталмаған – 7-9 балл, диагноз толық – 10балл.

  • Емдік шараларды бағалау: ем жүргізілмеген – 0 балл, ем негізгі ауру барысы ағымына байланыссыз жүрг. – 1-3 балл, ем ағза ерекшеліктеріне сай емес жүрг. – 4-6 балл, ем стандарттарға жақын жүрг. – 7-9 балл, ем толық стандарттарға сай жүргізілген – 10 балл.

  • Медициналық қызмет сапасын бақылаудың 3ші деңгейін бас дәрігердің клиникалық және клинико-экспертті жұмыстар бойынша көмекшісі жүзеге асырады.

№ 19 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]