Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

1.Статистика - қоғамдық ғылым ретінде. Медециалық статистика. Мағынасы мен міндетті.

статистика:

Қоғамдық дербес ғылым, ол қоғамдық құбылыстардың санын, сапасымен салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар белгілі бір уақытта және кеңістікте болған қоғамның даму заңдарына сандық мән береді.

Статистиканың негізгі принциптері:

Жалпы халық және көпшілік жағдайын зерделеу. Тек зерттеуге қажетті көлемдегі топтарды бақылай отырып, қоғам дамуын сипаттай алатын және құбылыстарды шығарып тастау арқылы қоғам дамуының заңды мәселелерін алуға, анықтауға мүмкіншілік туады.

Медициналық статистиканың екі түрі бар: 1.Халық денсаулығының статистикасы; 2.Денсаулық сақтау ісінің статистикасы;

Халық денсаулығы статистикасының көрсеткішткрі: а) демографиялық статистика; б) Сырқаттану статистикасы; в) Дене білімінің көрсеткіштері статистикасы; г) Мүгедектік саласы;

Денсаулық сақтау саласы статистикасының зерделейтін негізгі мәселелері: 1. денсаулық сақтау материалдық негіздері; 2. Ресурстарды қолдану; 3. Кейбір арнайы халық топтарына медициналық көмек сыртқы ортаны денсаулыққа және денсаулық сақтауға әсер ететін факторларды тексеру.

Медициналық статистиканың негізгі мақсаттары:

  • Халық денсаулығының өзгерушілігінің ерекшеліктерін анықтау және оған әсер ететін факторларды табу.

  • Емдеу- сауықтыру мекемелерінің санын, жұмысының нәтижелерін, емдеу-сауықтыру қызметтердің тиімділігін, дәрігерлердің және басқа да медицина қызметкерлерінің жұмысын зерттеу.

  • Тәжірибелік, клиникалық, гигиеналық және лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін зерттеу.

Статистикалық зерттеулердің негізгі кезеңдері мынадай:

  • Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;

  • Мәліметтер жинау;

  • Мәліметтерді өңдеу және топтастыру;

  • Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;

  • Зерттеудің нәтижелерін іс жүзінде енгізу.

Статистикалық жиынтықтың нышандары: Таралуы; Орта деңгейі; Айырмашылығы (өзгерушілігі); Репрезентативтілігі (тұлғалық маңызы); Өзара байланысы;

Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады, оларды арнайы әдіспен қалыптастырады. Әрбір бақылау бірлігінің бірнеше сипаттамасы болады, алайда тіркеуге тек қана зерттеудің мақсатына жетуге қажетті белгілері ғана алынады.

2.Областық медециналық мекеме. Облыстық аурухана , оның міндеттері, құлымы.

Облыстық медициналық ұйымдар: облыстық аурухана, (міндеттері, құрылымы және жұмысының көрсеткіштері).

Облыстық аурухана – емдеу – профилактикалық мекемелердің ішіндегі ең үлкен әрі көп қырлы емдеу – профилактикалық мекемелердің бірі.

Оның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарына толық көлемде жоғары білік мамандандырылған жәрдем көрсету.

Облыстық аурухана сонымен қатар облыстық барлық медициналық мекемелерінің ұйымдастырушы және әдәстемелік басқару орталығы, дәрігерлердің және орта білімді мамандардың білімін жоғарлату болып саналады. Облыстық аурухана облыс тұрғындарынңы санына байланысты, үлкенді, кішілі болып келеді, оның құрамына облыс орталығының тұрғындары кіреді. Әрбір облыстық аурухананың өқрылымында кеңес беру емханасы, стационар, емдеу – диагностикалық бөлімдер, лабораториялар және басқа бөлімдер (морг, дәріхана, ас пісіру орны, т.б.) болады. Сонымен қатар облыстық аурухананың құрылымына медициналық статистика бөлімшесі, ұйымдастыру – әдістемелік бөлім, шұғыл және жоспарлы кеңес беру бөлімі, шет аудандардан келген ауруларға арналған пансионат, білім жоғарылатуға келген медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана кіреді.

Орталық аудандық аурухананың құрылысы

Стационар- ауыл тұрғындарына маманданған және жоғары дәрежелі мед.көмек көрсетіледі.

Консультативтік емхана ауруду тексеруден өткізіп анықтайды және қорытынды диагноз қояды. Адамның еңбекке жарамсыздығын анықтайды.

Жедел жәрде және жоспарлы түсіндіру бөлімі мұнда хирург, нейрохурург, және т.б.

Ұйымдастыру методикалық бөлімі- статиастикалық кабинет облыстағы емдеу профилактикалық жұмыстарын басқарады. Мед. хабарларды жинайды. Бұл облыстық бас мамандармн бірігіп жұмыс істейді.

Облыстық аурухана емдеумен бірге педагогикалық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргігетін мекеме. Дәрігерлер білімін жоғарылатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]