Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

3. Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде денсаулықты қорғау саласында қазіргі кездегі қоғамның халықаралық нормалары жасалып шығарылады. Бүгінгі күні әрбір жетілген қоғам аналогты құжаттарды қабылдап, бейбіт бірлестікке жетуге бағдарлануы тиіс. Адамдардың нәсіліне, тері түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси пікіріне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мүліктік және басқа да жағдайына қарамастан құқығын анықтайтын негізгі 10.12.48 ж Бас Ассамблеямен қабылданған халықаралық құжат - адам құқығының барлығына ортақ декларациясы болып табылады. Құжаттың 22 бабында әрбір адам денсаулығын, өзінің және отбасының әл ауқатын сақтауға қажетті өмірлік деңгейге құқығы бар делінген. Өмірлік деңгей ұғымына тамақ, киім, баспана, медициналық күтім және қажетті әлеуметтік қызмет енеді. Сонымен қатар адамдардың жұмыссыздық, науқастану,мүгедектік, жесірлік, қартаю және тағы басқа өмір сүруге қажет құрал болмағанда, қамтамассыз етілуге құқылы екендігі орнатылған. Аналық және сәбилік ерекше ілтипат пен көмек алуға құқылы, ал барлық балалар бірдей әлеуметтік қорғануды қолдануы крек.

Халық денсаулығын қорғау туралы заңдар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж).

  2. “ҚР- ның азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” заңы (1997 ж).

  3. “Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” заң (1994 ж)

  4. “ЖИТС- ауруының алдын алу туралы” заң (1995 ж)

5. “Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы” заң (1997ж). 6. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң (1995 ж) 7. “Экологиялық сараптама туралы” заң (1997 ж) 8. “Халық денсулығы” атты мемлекеттік бағдарлама (1998 ж)

9. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары, денсаулық сақтау министрлігінің және басқа салалардағы министрліктердің халық денсаулығын қорғауға қатысы бар заңдылық құжаттары. 10. Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР- да нашақорлықпен және есіртке бизнесімен күресу туралы 2000-2001 жж мемлекеттік бағдарламасы туралы”

Республикада денсаулық сақтау жүйесінде жүргізілетін реформаның іске асуының ең маңызды жағдайларының бірі- оның құқықтық негіздері. Біріншіден, ол негізгі заң- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), мұнда бірнеше баптар халық денсаулығын қорғауға арналған.

Мәселен, 29-бап: ҚР- ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқы бар.Республка азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы. Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай- ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

31- бап: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазіргі уақытта ДСЖ мемлекеттік және жекеменшік түрлерінің заңдылық негізі дайындалды, олар: ҚР Конституциясы, “ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы заң”, Министрлер кабинетінің “жекеменшік медициналық практика және төлемді қызмет көрсету туралы” қаулысы. “Жекеменшік іскерлік туралы заң”, т.б.

ДСЖ барлық мекемелері өзіндік атқару және бұйрық беру өкілеттілігіне сәйкес әкімшілік биліктің иесі болады, яғни әкімшілік құқықты қолданады.

Әкімшілік құқық дегеніміз – атқару және қарым-қатынасты реттеуді жөнге салу нормаларының жиынтығы.

ҚР- да азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңы. Осы заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.

30 БИЛЕТ

  1. Көп салалы аурухана.

  2. Емдеу -сақтандыру мекеме қызметінің анализі.

29 б 2 сурак

3. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен принциптері

Денсаулық қорғауда мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтар құқығын сақтау. Медициналық көмектің шектелуі кепілдік көлеміндегі тегінділігі, сабақтастығы және бәріне-бірдей қол жететіндігі. Денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы. Медициналық көмек алудағы әлеуметтік әділдік және теңдік. Халықтың қажеттілігіне сай денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және медициналық мекемелерге бірдей жағдай жасау. Медициналық әлеуметтік және медициналық санитарлық шаралардың ғылыми негізделуі және профилактикалық бағыттылығы. Медициналық сақтандырудың және көп салалы медицинаның дамуы. Азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттік басқару органдардың, жұмыс берушілердің және лауазымды адамдардың жауапкершілігі. Азаматтардың және айналасындағылардың денсаулығын сақтау және нығайтуға жауаптылығы. Сектораралық ынтымақтастық. Қаржылық төлем әділеттілігі. Медициналық көмектің түрлері: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек, медициналық-әлеуметтік көмек. Қайта оңалту (реабилитация).

Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың иерархиялық құрылымы. Денсаулық сақтауды басқарудың деңгейлері: орталық және жергілікті.

Денсаулық сақтау ұйымының тізімі. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі, анықамасы, тізбесі.Денсаулық сақтау мекемелерінің кепілдік медициналық көмек көлеміне кірмейтін төлемді түрде көрсетілетін медициналық көмекттерінің тізімі.

31 БИЛЕТ

1. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау ғылым ретінде. Оның медициналық білім берудегі және дәрігердің машықтану ісіндегі орны. Әлеуметтік-медициналық факторлары, тұрғындардың денсаулығына әсері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]