Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

2.Менеджмент. Денсаулық сақтауындағы менеджмент қызметтері.

Менеджмент деген сөз ағылшын тілінде (manage) деген сөзден “ұстау” (латын тілінде – manus,-қол),басқару деген мағынада қолданылады.

Алғашқы рет менеджментті оқулық пән ретінде 1831 жылы Джозеф Барто АҚШ-тың колледжінде бере бастады.Қазіргі уақытта Батыс мемлекеттерінде орта және жоғарғы оқу орындарында менеджмент ең көп тараған және қандайда маманды дайындауда нақты орын алған қажетті білім болып отыр.

Менеджмент оқулық пән ретінде бірнеше ғылымның (экономика,ұйымдастыру,социология,психология,педагогика,құқық) негізінде құралған.Сондықтан осы уақытқа дейін менеджмент дара ғылым ретінде есептелмеді де тек қана “ғылыми менеджмент”деп ұсынылды;себебі басқа жоғарыда айтылған ғылымдарды біріктіріп солардың ережелерін және тұжырымдарын қолданды.

Басқару түрлі әдістердің даму тәжірибесіне және әр адамның (менеджердің) іскерлігіне байланысты.

Менеджер-арнайы мамандандырылған дайындығы және практикалық тәжірибесі бар маман.

Менеджмент міндеттері:

Менеджменттің бастапқы міндеті – жоспарлау.Басқарушы немесе іскер адам мекеменің жұмысын жан-жақты талдау арқылы алдағы қойылған мақсатпен байланысты жұмыс жоспарын және ережесін жасайды.

Жоспар мен ережелерде белгіленген ойларды іске асыру – ұйымдастырушылық міндетке жатады.Ол үшін ұйым құрылады,оның құрамы белгіленеді,басқару жүйесі,қажетті құжаттары дайындалады

3. Алматы декларациясы – хх – ғасырдың ұлы хартиясы

Алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсетудің Халықарылық конференциясында Алматыда 1978 жылы 12 қыркүйекте қабылданды. Бұл әлемдік денсаулық сақтау саласы тарихында тұңғыш рет медициналық көмекке дүниежүзінің барлық елдеріндегі қоғамның кез келген өкілі қол жеткізе алуын мақсат тұтқан алғашқы маңызды құжат қабылданғанды.

Онда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) бастамасымен АМСК бойынша өтетін 146 елдің денсаулық сақтау министрліктерінің өкіл-жетекшілері, БҰҰ-ның 12 мамандандырылған мекемесінің және 49 халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысқан халықаралық конференциясы өтті.

Халықарылық конференцияға ДДҰ-ның бас директоры Маргарет Чен , ЮНИСЕФ атқарушы директоры Энн Венеман, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюро директоры Марк Данзон, ҚР Ұлттық тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, әлемнің 77 елінің денсаулық сақтау жүйе өкілдері,әйгілі ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлер қатысты.

Декларация он бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде денсаулыққа толық және қазіргі таңда қолданылатын анықтамасы берілген. 6-шы бөлім толығымен алғашқы медико-санитарлық көмекке арналған. Қалған бөлімдер жалпы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған.

Қарастырылған негізгі мәселелері:

  • Аурудың негізгі мәселесімен,аурумен күресу және аурудың алдын алу бойынша халық арасында насихат жүргізу.

  • Халықты таза ауыз сумен қамту және негізгі тазалық ерекшеліктерін қарастыру.

  • Отбасын жоспарлау, ана мен бала денсаулығына алғашқы медициналық көмек көрсету.

  • Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру

  • Негізгі жұқпалы ауруларға қарсы егу жасауды ұйымдастыру, іске асыру.

  • Жергілікті эпидемиялық аурулар мен жарақаттарды емдеу, олардың алдын алу сондай – ақ негізгі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

Алғашқы медициналық –санитарлық көмекті насихаттай отырып, Алматы декларациясында денсаулықтың деңгейі мед.-сан қызмет немесе ҚДС қызметінен тыс көптеген факторларға байланысты екендігі атап көрсетіледі.

ДС саласында елеулі жетістіктерге жетіп отырған мемлекеттердің барлығы қазіргі таңда көп бағытта жұмыс істейтіні анықталған.

Төрегелді Шарманов сонымен қатар, жалпы сол қабылданған құжаттың маңыздылығына, байқау материалдарында қандай мәселелерге баса көңіл аудару керектігіне тоқтала кетті. – Адамзат тарихын Иса пайғамбардың туған күніне дейінгі және кейінгі дәуірлерге бөлетіні секілді, ғаламшардың денсаулық сақтау саласының тарихы Алматы декларациясына дейінгі және одан кейінгі кезең болып бөлінеді, – деді академик өз сөзінде. – Медициналық көмек жөніндегі Алматы декларациясы денсаулық сақтау ісінің ХХ ғасырдағы ұлы хартиясы деп танылды

Алматыдағы «Hyatt Regency Almaty» қонақ үйінде журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы байқау жариялады. Бұл байқау биыл қазанның 15-16-сында болатын ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) жөніндегі Алматы декларациясының 30 жылдығына арналып отыр.

28 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]