Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

1.Әйелдер кеңесі жұмысындағы диспансерлік әдістер және аумақтық принцип. Қызмет көрсетудегі негізгі контигенттер. Әйелдер кеңесінде санитарлық ағарту жұмысын алдын алу.

Акушер-гинекологиялық қызмет көрсетуге негізгі орынды әйелдер консультациялары алады, ол емдеу-профилактикалық мекемелердің диспансерлік типтері және амбулаториялық поликлиникалық көмек көрсету орны әйелдерге өмір бойынша профилактикалық емдеу ұйымдастыру. Әйелдер консультациялары территориялық учаскелік принцип бойынша ұйымдастырылады,әр дәрігерге белгілі участок бөлініп беріледі.

йелдер консультациясының құрамы

  • Регистратура

  • Акушерлік-гинекологиялық бөлім учаскелік бөлім акушер-гинекологтардың кабинеттері, психопрфилактика кабинеті,аналар мектебі операция бөлмесі.

  • Мамандар кабинеттері(терапевт,стоматолог,дермавенеролог)

  • Медициналық генетика кабинеті

  • Неке және отбасы жағдайына байланысты консультация

  • Емдеу және профилактика жұмысын ұйымдастыру қарсты көмекші бөлім,физиотерапия,емдеуге арналған дене тәрбиесі,процедура,егу жүргізетн кабинеттер лаборатория.

  • Әлеуметтік,құқық кабинеті.

Дәрігерге қаралу жағдайына байланысты әр әйелге медициналық документтер жинастырылады. Амбулаториялық аурудың медициналық картасы /ф.№025 у «жүкті әйелдің,босанатын әйелдің жеке картасы» ф.№ ШУ/. Босандыру үйінің және босандыру бөлімінің алмасу картасы ф.№113/у одан басқа анықталған есеп алу үшін толтыратын статистикалық талон емханада істейтін дәрігердің күнделегі. Ол мекемелердің негізгі мақсаты болып жүкті әйелдерге екіқабат кезінде, босану уақытында, босанғаннан кейінгі кезеңде және гинекологиялық ауруға шалдыққан әйелдерге сапалы медициналық көмек көрсету, жас туған нәрестеге сапалы медициналық көмек көрсету және балаға күтімді олардың акушерлер ауруханада болған кезінде ұйымдастыру.

2. Денсаулық сақтау экономикасы оның міндеттері, мәні.

Денсаулық сақтау экономикасы – экономика саласындағы ғылым. Оның қарайтын мәселелері – денсаулық сақтау ісінінің халық шаруашылығымен, бүкіл қоғаммен қарым-қатынасын және оның алатын орның анықтау.

Денсаулық сақтау ісінің экономикасы ғылым болып ХХ –ғасырдың 60 жылдары қалыптасты. Оның себебі – халыққа сапалы медициналық көмек қажеттігі, медицинаға деген талаптың артуы, медициналық көмек көрсетудің қымбаттауы. Соңғы жылдары халық шаруашылығының нарықтық қатынасқа аусуына байланысты денсаулық сақтау экономикасы мәселелерінің маңызы одан әрі арта түсуде. Қоғамның қазіргі кездегі даму дәрежесі қажетті еңбек ресурстарының жоғары сапалы болуын талап етеді. Өнеркәсіпке білімді, шебер, еңбекке бейімді және дені сау адамдар қажет. Сондықтан халық денсаулығын қорғау шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Медицина әлеуметтік және экономикалық дамудың , жеделдетудің шешуші факторлардың біріне айналды. Қоғамдық өнеркәсіп өнімдерін шығаруға қатыспасада да, медицина қызметкерлерінің еңбегі, маңызды әлеуметтік және экономикалық мазмұнға ие, ол өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді. Тікелей өнеркәсіп сферасына жатпаса да , денсаулық сақтау ісі халықтың дертке шалдығу және өлім мөлшерін төмендету арқылы халық денсаулығының артуына,адам ғұмырының, соның ішінде жұмыс істку уақытының артуына, еңбек ресурстарын жасауға көмектеседі. Осы қасиеттер денсаулық сақтаудың «сыртқы тиімділігін», яғни оның ролін және оның қоғам жүйесіндегі орның анықтайды.

Денсаулық сақтаудың «ішкі тиімділігі» деп медициналық көмекті көрсету жұмысын тиімді жүргізуін айтады. Ол:

  1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру түрлерін, әр алуан көмектін қажеттілік нормативтерін сәйкес қаржыландыруды және бюджеттік қаржыларды тиімді қолдануды, оларды экономикалық негіздеуді қамтиді

  2. Медициналық көмектің дәрежесі және сапасы, медицина мекемелері мен медицина кадрларының қызметі.

Медициналық тиімділік – кешенді сипаттама және ол нәтижелі жұмсалған қаржыға қатысты. Денсаулық сақтаудағы тиімділік – материалдық-техникалық базаны орынды пайдалануына бағытталған. Ол үш аспект бойынша қарастырылады:

А. Медициналық тиімділік дегеніміз – дерттен сақтандыру, емдеу және диагностика саласындағы міңдеттеудің орындалу дәрежесі. Ол сырқатты, немесе сау адамға көрсетілген медициналық көмек, дәрежесімен, пациенттің, сырқаттану басталған уақыттан толық сауығуының және еңбекке жарамды қалыққа келгенге дейінгі көмекке кеткен қаржының тиімді жұмсалу мөлшерімен есептелінеді.

Б. Әлеуметтік тиімділік – халық денсаулығында болған өзгерістер нәтижесінде қоғамдағы өзгерістер арқылы сипатталады. Олар: демографиялық

көрсеткштердің, адамдардың дене дамуы көрсеткіштерінің артуы, сырқаттану және мүгедектікке ұшыраудың төмендеу дәрежесі. Әлеуметтік тиімділік, халықтың медициналық көмекке қанағаттануының нәтижесі болып саналады.

В. Экономикалық тиімділік – халық шаруашылығына, денсаулық сақтауға жұмсалған әрбір қаржының қанша шамада қайтарымы болатынына байланысты. Осы аталған үш жадайларға бірдей көңіл бөлінуі қажет. Медицина және әлеуметтік саласындағы тиімділік экономика саласына да тиімді болады. Бірақ созылмалы, дегенеративті дерттері бар қарт адамдарға, ақыл-ойы мешеу қалғандарға, орталық және перифериялық нерв жүйесі зақымға шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсеткен кезде медициналық және әлеуметтік тиімділік айқын болғанмен, экономикалық тиімділік болмайды. Екінші жағынан 70 жыл бойында Совет Одағының денсаулық сақтау орындары қызметінің мақсаты – медициналық тиімділік болды. Емгерлер негізінен сырқатты адамдарды емдеумен шұғылданып сақтандыру саласына көңіл аз бөлінді. Дерттен сақтандыру шаралары тек қана мәлімдемелерде ғана есепке алынып жүрді. Соның нәтижесінде әр күніне 58 адам туберкулез дертіне шалдығып, жылына 200 мың адам жарақаттан өледі, немесе өлтіріледі. 1989 жылы 552 мың жұмысшы және қызметкерлер алғашқы рет мүгедек деп танылды. Жыл сайын 200 мың нәресте іштен туған аномалиямен дүниеге келеді. Елімізде 4 млн. адам жүрек және қан тамыры дерттерімен сырқатты. Аналар өлімі 10мың адамға шаққанда 47,7-ден айналады, ал ол АҚШ-та (США) 8 ғана адам. Медициналық көмек тек қана экономикаға тиімді түрде, пайда түсетіндей ретте көрсетілсе, ол медицина нарқында теңсіздікке әкеліп соғады да, халықтын наразылығын туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]