Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

2.Балалар ауруханасының емдеу-сақтандыру жұмысы.

Педиатрлық қызыметтің негізгі мақсаты – туған күнінен бастап бүкіл баланың шағында балалардың денсалығын сақтау.

Балаларға емдеу және профилактикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

- үзбей бақылау

- Медициналық көмек көрсетудегі дәрігердің бір – бірімен байланысы.

- Емдеу жұмысындағы кезеңдер (Поликлиника-Стационар-Санаторий).

Балаларға емдеу және профилактикалық көмек поликлиникаларда, ауруханаларда, балаларға арналған бөлімдерде, жалпы поликлиникаларда, бададар ауруханаларында, балалар клиникасында, ғылыми-зерттеу институттарында, яслилерде, балалар бақшасында, мектептерде, жазғы мектептерде, санаторийлерде көрсетіледі.

Негізгі мекеме – балалар ауруханасы. Ол көп профильді емдеу және профилактикалық мекемесі, оның негізгі структуралары болып стационар және поликлиника саналады.

Ірі поликлиникаларға (300-600 адам) санаторилер бекітіледі. Балалар ауруханасы көп профильді (Специализированный) маманданған болуы мүмкін.

Балалар ауруханасын бас дәрігер басқарады, ол ауруханада жүргізілетін емдеу-профилактикалық жұмысының сапасына, аурухананың санитарлық және эпидемияларға қарсы жүргізілетін жұмыстарға жауапты.

Балалар поликлиникасын микрорайонның орталығында, мүмкіншілігінше транспортты аз қолданылытын жерде салынады, ал, әр поликлиникаға белгілі территория (участок) белгілеп беріледі. Поликлиникаға берілген жерді жылына 2 рет үй-үйге барып есепке алады. Педиатриялық үчастокке бөлгенде балалардың саны, олардың жасы және үй мен поликлиника аралық қашықтығы есептелінеді.

Поликлиниканың мақсаты: аурудың алдын-ала және ауруларды ерте анықтауға қажетті және маман дәрігерлік көмекті поликлиникада, үйде, балалар бақшасында, мектептерде көрсету, дәрігерлік көмекті ұйымдастыру және тексеру.

Жасөспірімдерді ер адамдар поликлиникасына 16 жастан бастап аударады.

Емхана құрлымы

Бөлек есікті фильтрлер – бокстер және жартылай бокстер, регистратура, сүт дайындау кухнясы, сүт донор пункттер, сут тағам үлестіретін пункт, участкелік педиатрлердің қабылдау бөлмесі, маман дәрігерлер кабинеттері: лор, окулист, невропатолог, хирург, стоматолог, аллерголог, логопед және басқа кабинеттер; дені сау балаларды тәрбиелеу кабинеті, әлеуметтік право кабинеті, орталық емдеу және диагностика бөлімі, аптеаклық дүкен, административтік шаруашылық бөлімі.

Балалар поликлиникасының структурасының ерекшеліктері: кіретін есіктегі фильтрлер мен бокстар, сау балаларды тәрбиелеу кабинеті, логопедттің кабинеті, прививка жасайтын кабинет, сүт кухнясы, таразыны прокатқа беретін пункт.

Балалар емханасының жұмысын ұйымдастыру принциптері:

Балалар поликлиникаларында, негізінен, дені сау балаларды қабылдау жүргізіледі, онымен қатар сазылмалы аурулары бар балаларды, жұқпалы аурулармен ауырған балаларды қабылдайды. Егер балалар қатты ауырса, (ыстығы жоғары болса, тымау, денесінде бөртпе болса, іші ауырса, іші өтсе, құсса және басқа жағдайларда) егер инфекциялық ауруға шалдығу қатері болса, инфекциялық аурумен қарым-қатынасы болса дәрігер ол балаларды үйде қарау керек, онымен қатар стационардан емделіп шыққан, амбулотория режимінде емделетін мүгедек балалар, қатты ауырған, бірақ үйде емделуге тиісті балаларды үйде емдейді. Барлық балалар фильтрден өтеді. Фильтрдің мақсаты: жұқпалы аурумен ауырған балалармен сау балалардың контактта болмауын қамтамасыз ету. Медбике фильтрде балаларды қарап тексереді, температурасын өлшеп, ата-анасымен баланың денсаулығы жайлы әңгімелеседі, егер баланың ауруы басқа балаларға жұғу қаупін тудырса оларды бокске жібереді. Боксте участкелік дәрігер немесе кезекті дәрігер

ауру баланы қарап, диагноз қойып, емдеу жолдарын белгілейді, қажет болса ауруханаға жібереді.

Тіркеу бөлімінің қызыметі: амбулаториялық карта толтырады, балаларды кабинеттерге бөліп жібереді, дәрігер үйде емдеуге шақыруды қабылайды, информациялық қызымет көрсетеді.

Балалар поликлиникасының тіркеу бөлімінің жұмысының еркшеліктері: Баланың 1жасқа дейінгі өсіп жетілу деректері участкелік дәрігердің кабинетінде болады, өсіп жетілу деректерінде түрлі – түсті сызықтар баланың диспансерлік топтарын көрсетеді. 15 жасқа дейін жасөспірімдерге «Амбулаториялық карта» жасалады, 15 жастан кейін ол үлкен адамдар поликлиникасына жіберіледі.

Балалр участкелік принцип бойынша емделеді. Ол дәрігердің участогінде бала саны 700-ден аспауы керек, ал 1 жасқа дейінгі бала саны 100. Участкелік дәрігер белгілеп берілген аудандағы емдеу және профилактика жұмысын жүргізетін негізгі маман, ол бұл жұмысқа қажетті маман дәрігерлерді қатынастырады. Участкелік дәрігер өзіне қарасты баларды жанұя, өмір жағдайын жақсы біледі, онымен қатар ол баланың өсіп даму ерекшеліктерімен де таныс, оның генетикалық ерекшеліктерін де жақсы білуі тиіс. Участкелік дәрігердің нормативі: 1 сағ. 5 ауру қабылдайды немесе 2 баланы үйде қарайды. Бір дәрігерге 1,5 медбикелі ставка тиіс. Участкелік дәрігер баланы туған күнінен бастап 15 жасұа толғанша бақылайды, емдейді. Ол баланың өмірінің алғашқы жылдарынын әр сатысында дамуын үздіксіз бақылауға мүмкіншілік береді және профилактикалық көмектің сапасын көтеруге көмек болады.

Негізгі метод – диспансерлік есеп. Ол өсіп дамуны, денсаулығын үзбей бақылау методы. Балалр денсаулығындағы ауытқуларды уақытында тауып, оны алдын ала болжап емдеуді ұйымдастырады. Дәрігер балалардың халін үнемі бақылап, аурудың асқынуға жол бермеуіне мүмкіндік береді, рецидивке жол бермейді.

Басқару. Бас дәрігер балаларды емдеу және профилактикалық көмек көрсетудің сапасы үшін және дәрігерлік қызымет көрсетудің тиімділігін, деонтология сапасы үшін жауапты, онымен қатар ол аурухананың шаруашылық, финанс және административтік қызыметін басқарады. Егер поликлиника штаттық қызыметінде 20 адам болса бас дәрігердің орынбасары тағайындалады. 1 участкелік педиатр 700-800 баланы 15 жасқа дейін бақылайды, ол барлық дәрігерлер саны 1000 балаға шаққандағы 0,3 бөлігі. Балалар емханасының жұмысы:

  1. Жаңа туған балалардың денсаулығын, өсіп жетуін бақылауды жүргізу, профилактикалық бақылауды жүргізу, профилактикалық егу жүргізу, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

  2. емдеу: үйде және емханада емдеу.

  3. мектептерде және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде емдеу және профилактикалық жұмыстар жүргізу.

  4. емхана қызметкерлерінің білімін жоғарлату

  5. балалардын денсаулығын бақылау, ғылымдағы жаңа жетістіктерді практикаға енгізу.

Участкелік педиатрдің жұмысының негізгі бөлімдері.

Профилактикалық жұмыс жүргізу. Сау балалармен профилактикалық жұмысты поликлиникада жүргізу.

  1. Дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру.

  2. Емшектегі балаларға патронаждық көмек.

  3. Шынықтыруды және дене тәрбиесін ұйымдастыру

  4. Профилактикалық егуді жүргізу.

  5. Диспансмерлік есеп жүргізу.

  6. Денсаулықты комплексті түрде бағалау.

  7. Санитарлық ағарту ісі.

Емшектегі балаларға патронаждық көмек.

1 рет патронажды балалар емхана медбикесі жүкті есепке тұрған күннен бастап 10 күн ішінде жүргізеді.

2 рет жүктілік 32 жұмаға толғанда жасалады.

Бала туған соң дәрігер мен медбике екеуі бірге алғашқы бала үйге келген соң 3 күн ішінде жасалады. Медбике жас нәрестені үйде 10 күнде 1 рет қарап тұрады, екінші дәрігерлік патронаж бала 20-21 күн толғанда қарайды, патронаждың мақсаты рахит ауруынан сақтандыру. Витамин «Д» тағайындап, айына 1 рет профилактика мақсатымен бақылайды.

Сау балалар белгілі осы мақсат үшін белгіленген күндерде қабылданады (сау балалар күні, жұмысына 1-2 рет).

Профилактикалық мақсатпен қабылдау.

  1. Балалның дене және психикалық дамуын бақылау.

  2. Керек жағдайда өмір сүру және тамақтандыру режимін түзету.

  3. Рахит емдеу және алдын алу.

  4. Профилактика мақсатымен жүргізілген сау алдында баланың денсаулығын тексеру.

Барлық деректер «Баланың өсіп даму картасына (тарихына) у.ф. 112 жазылады. Балалар поликлиникасының жұмысының негізгі критерилары болып баланың өсіп жетуін, бала өмірінің алғашқы жылында үзбей бақылау боллып саналады. Жылдық эпикриз дегеніміз баланың денсаулығын, оныі дене құрлысының өсуін бақылау жоспары, керек жағдайда сауықтыруды бағалау, қараупериодтары: 1-2 жаста кварталда 1 рет, 2-3 жаста жарты жылда 1 рет, 3-7 жаста бала бақшасында немесе мектепте балаллардың денсаулығын солл жердің дәрігері қарайды, үйдегі балаларды учаскелік дәрігер жылына 1 рет қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]